Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

титулка

.doc
Скачиваний:
70
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
39.94 Кб
Скачать

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Е.А. БӨКЕТОВ АТЫНДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Математика және ақпараттық

технологиялар факультеті

Қолданбалы математика және

информатика кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Пәні: Программалау тілдері және технологиялары

Тақырыбы: Турбо Паскаль

Орындаған: Байталақ Ж.А

Тексерген: Тұрмұратова Д.А

Қарағанды 2014

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ……………………………………………………………………..3

1 ПАСКАЛЬ ТІЛІНІҢ НЕГІЗГІ ТҮСІНІКТЕРІ………………………...5

1.1 Турбо Паскаль тіліне сипаттама……………………………………….5

1.2 Бағдарламалаудың негізгі элементтері………………………………..6

1.3 Операторлары…………………………………………………………...7

2 ПРОЦЕДУРАЛАР ЖӘНЕ ФУНКЦИЯЛАРЫ………………………11

2.1 Қайталану командалары………………………………………………13

2.2 Pascal тілінде жұмыс істеу……………………………………………14

3 ИНТЕРФЕЙСТІ СИПАТТАУ…………………………………..……17

3.1 Есептің қойылымы…………………………………………………….17

3.2 Жұмыс нәтижесі……………………………………………………….17

ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………………………………….18

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ…………………………...19

ҚОСЫМША А……………………………………………………………20

КІРІСПЕ

Қазіргі кезде кеңінен қолданылатын программалау жүйесінің бірі - Turbo Pascal. Американың Borland корпарациясының бұл өнімі сол корпорациясының қызметкері Андерсон Хейлсбергтің жетекшілігімен құрастырылған. Turbo Pascal - дың түп нұсқасы Швейцария ғалымы Никлаус Вирт жасаған Паскаль программалау тілінен тарайды. Бастапқыда Паскаль тілі программалауды алғаш үйренушілер үшін тиімді құрал болып табылған. Қарапайым Паскальды өңдеудегі А. Хейлбергтің үлкен еңбектерінің нәтижесінде Turbo Pascal қазіргі заман талабына сай, қуатты программалау жүйесіне айналды. Turbo Pascal - жоғарғы деңгейлі программалау жүйесі.

Оның логикалық құрылымы әр түрлі есептерді дәл шешуге көмегін тигізеді. Сондықтан, оқушылар мен студенттерге программалаудың негізін Turbo Pascal тілін оқып - үйренуден бастап, программалардың қыр - сырын меңгертудің маңызы зор. Бұл жолдарыда айтыландай Turbo Pascal - дың әліппесі Паскаль программалау тілі болғандықтан бұл екі ұғымды тұтас қарастыруды жөн санадым. Алғашқы тарауларда Turbo Pascal тілін шығу тарихы, алфавиті, программаның құрылымы тілдің операторларын, оларды қолдану мысалдары келтірілген.

Turbo Pascal - жоғары деңгейлі программалау жүйесі. Оның тұңғыш нұсқасын жылы Швейцария физигі Никлаус Вирт ұсынған. Автор тілді алғашқы арифметикалық есептеу машинасын жасаған. Француздың ұлы ғалымы Блез Паскальдың құрметіне "Паскаль" деп атап, тіл атауын үнемі бас әріппен жазылуын сұраған.

Кейіннен тілдің көптеген нұсқалары жарық көреді. Солардың ішінде 1983 жылы Borland корпорациясының талантты қызметкері Андерсон Хейлтсберген жасады жаңа үлгісі - Turbo Pascal программалаушылар арасында үлкен сұранысқа ие болды. Оның бұл нұсқасы СР/М операциялық жүйесіне негізделген. 1984 жылдың басында MS DOS жүйесіне ауыстырғаннан бері пайдалану қарқыны бұрынғыдан да арта түсті. Turbo Pascal - дың жоғарғы деңгейлі логикалық құрылымы әр түрлі есептерді дәл шешуге көмегін тигізеді. Turbo Pascal жүйесінде қарапайым есептерді шешудің программасынан бастап, күрделі мәліметтер қорын құрудың сан қырлы жұмыстары жүргізілді.

Бұл тілдің халықаралық дәрежеде кеңінең қолдануына оның төмендегідей ерекшеліктері себеп болды:

1.Алгоритм құру немесе таңдау. Есептің шешімін алу үшін қандай қадамдар жасау керек екендігі анықталады, яғни қадамдардың тізімі жазылады. Алгоритмнің нәтижесі сөз тіркестері түрінде немесе блок схема түрінде болады.

2.Командаларды жазу. Программаға қойылған талаптар анықталып және оның алгоритмі құрылады. Алгоритм құрылғаннан кейін, ол таңдап алынған программалау тілінде жазылады.

3.Жөндеу дегеніміз- программадағы қателерді іздеп, оларды жою процесі. Программадағы қателерді екіге бөлуге болады: синтаксистік қате және алгоритмдік қате

4.Тест өткізу. Бұл бөлім программаны тексеретін бөлімі. Яғни программаға әр түрлі мәндер бергенде олардың қалай өзгеретіндігін тексереді.

Сонымен программаны дайындау осы қадамдардың нәтижесін де жүзеге асырылады.