Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК каз яз.doc
Скачиваний:
100
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
1.96 Mб
Скачать

Хі модульдегі грамматикалық тақырыптар жалғасы

Есімдік (Местоимение)

Есім сөздерді (зат есім, сын есім, сан есім) ауыстырып, солардың орнына жүретін сөздер есімдіктер деп аталады

Есімдік (Местоимение) употребляется в речи в качестве заменителей слов – названиий (за исключением «я» и «ты»)

Түрлері (Типы)

Мысалдар (Примеры)

І. Тұлғасына қарай

(По способу образования)

1. Негізгі (Непроизводные)

мен (я), сен (ты), не (что), кім (кто)

2. Туынды (Производные)

біреу (кто-то), мынау (это), қандай (какой), барлық (все)

ІІ. Құрамына қарай

(По составу)

1. Дара (Простые)

ол (он), анау, сонау (тот, та), қанша (сколько)

2. Күрделі (Сложные)

бірнеше (несколько), ешкім (никто), кейбіреу (некто)

ІІІ. Мағынасына қарай (По значению)

1. Жіктеу (Личные)

мен (я), сен (ты), сіз (вы), ол (он, она, оно), біз, біздер (мы), сендер, сіздер (вы), олар (они)

2. Сілтеу (Указательные)

бұл, осы, мына, мынау (этот, эта, это)

сол, ана, анау

(тот, та, то)

3. Сұрау (Вопросительные)

кім? (кто?), не? (что?), неше? (сколько?), қай? (который), қандай? (какой?),қалай? (как?), қашан? (когда?), қайда (где?), қайдан? (откуда?), нешінші? (который по порядку?)

4. Өздік (Возвратные)

өз (свой), өзім (я сам), өзің (ты сам), өзіңіз (вы сами), өзі (он сам), өзіміз (мы сами), өздерің, өздеріңіз (вы сами), өздері (они сами)

5. Белгісіздік (Неопределенные)

біреу (кто-то, некто, кто-либо), кей кейбір

(некоторый, некоторая, некоторое), бірдеңе (что-то, нечто, что-либо)

6. Болымсыздық (Отрицательные)

ешкім (никто), ешбір (ничто), ештеме, дәнеме (ничего), ешқашан (никогда), ешқайда (никуда), ешқандай (никакой)

7. Жалпылау (Определительные)

бәрі, барлық, бүкіл, барша (весь, вся, все) әр, әрбір (каждый, каждая, каждое)

Негізгі әдебиет: 1. [1.7. 5] 2 [1.7. 27]

Қосымша әдебиет:1. [1.7. 8] 2. [1.7. 27]. 3. [1.7. 15] 4.[1.7.20]

ХІІ модуль. Жері байдың елі бай.

ХІ-ХІІ апта. 31-36 - кредит-сағат.

кредит-сағаттар

Тақырыпшалар

Лексикалық минимум

Грамматика

11-12 апта

Туған жер табиғаты

құлаққа жайлы, шаттық сезім, тәрбиеші, ұлтарақ, салауаттылық, тыйым сөздер

Қазақстанның қазба байлықтары

Өндірістік қалалар

экологиялық жағдай, ластамау, балабақша, насихаттау, сәтті сапар,

қолайсыздық

шаңғы тебу

Демалыс орындары

Табиғат тамашалары

Бақылау жұмысы

Тақырып: Туған жер табиғаты

Жер-Ана, Табиғат, Отан, Туған жер – құлаққа жайлы, жүрекке шаттық сезімін ұялататын жылы да жайлы сөздер. Адам-Жер-Ана мен Табиғаттың перзенті. Ендеше, Табиғат, Жер-Ана - адам тәрбиешісі. Адам адам болып туып, адам болып өтуі үшін табиғаттың маңызы зор. Жан-жануарлар дүниесі, өсімдіктер әлемі, таулар, өзен-сай, кең дала - бәрі-бәрі адамның санасына - ой, денесіне- қуат, өнеріне - шабыт, қөңіліне- қанат береді.

Ұлтарақтай болса да,

Ата қоныс жер қымбат.

Ат төбесіндей болса да

Туып-өскен ел қымбат.

Халықтың табиғат жүдеуіне жол бермейтін ережелері толып жатқан тыйым сөздер мен ескертпелер, табиғатпен қарым-қатынас сақтаудың халықтық талаптары, табиғаттың әдемілігіне кір келтірмес салауаттылық өлшемі болды.

Әсемдік пен сұлулықтың адам өміріндегі маңызы мен орнын «Ер елдің, орман - тоғай жердің көркі» деп баламалап көрсеткен.

Табиғатқа зәбір жасаған адам қоғамға қиянат қылған адаммен теңестірілді, мәселен, «Тал кескенше қолыңды кес», «Карағай кессең қаңғып қал» деген қарғыс санаға, тәртіпке қайшы келетін істер ұрпақты сақтандыратын ереже болған.

Тапсырмалар:

1. Мәтінді оқып, танысыңыз.

2. Таныс емес сөздерді теріп жазыңыз.

3. Мәтін ішіндегі нақыл сөзді жаттап алыңыз.

4. Тақырып бойынша сұхбаттасыңыз.

Шағын мәтін: Ауа райы

Бүгін күндіз Қарағандыда ауа райы суық болады. Кешке қарай қатты жел соғады, жаңбыр жауады. Түнде жауын- шашын болады. Температура +13+15 градус жылы болады.

Ертең күндіз Қарағандыда күн жылы болады. Жауын- шашын болмайды. Баяу жел еседі.. Жауын-шашын болмайды. Ауаның температурасы +18 +20 градус жылы болады. Ауаның ылғалдылығы 20 пайыз.

-Бүгін ауа райы қандай?

Жауап береміз:

1. -Бүгін күн ашық, бұлтсыз.

2. Ауа райы жауын-шашынды.Температура +5 градус.

3. Бүгін күн жылы, аспан ашық. Самал жел соғып тұр.

4. Күн өте ыстақ. Температура 38 градус ыстықты көрсетіп тұр. Жел жоқ.

5. Күн салқын. Жаңбыр жаууы ықтимал.Солтүстіктен суық жел соғып тұр.

6. Бүгін қарлы жаңбыр жауып тұр. Арты қарға ұласуы мүмкін.

7. Күн аяз. Қар жауып, боран соғуы ықтимал. Солтүстік- батыстан жел соғып тұр.

8. Күн ашық, бірақ аязды. -35 градус шамасында аяз.

9. Күн бұлтты, жапалақ қар жауып тұр.

Мультимедиялық сабақ. Өндірістік қалалар

Кіріспе: «Жаңа әлемдегі Қазақстан» Қазақстан Республикасының президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында:

«... Өзіміздің энергетикамыз бен мұнай химиясын дамытудың басты мәселесі энергия өнімдерінің қосылған құнын ұлғайту арқылы бұл секторларды көтеру. Әсіресе, мұнай химиясы, газ ресурстары, экспорттық энергия сияқты басым секторларды басқару тиімді болуға тиіс» - делінген.

ІІІ. Мәтін: Қазақстанның өндірісті қалалары.

1. Қиын сөздерді еске түсірейік:

әскери бекініс

уездік қала

жол торабы

шаруашылық

2. Мәтінді тыңдаңыз

3. Мәтінді оқыңыз

Ақтөбе – 1869 жылы әскери бекініс ретінде салынған қала. 1891 жылдан бері Торғай облысындағы уездік қала болды. 1932 жылы 10 наурыздан облыс орталығы. Ақтөбе – Алматы-Мәскеу магистраліндегі Қазақ темір жолының, автомобиль және әуе жолдарының торабында тұр. Сондай-ақ ірі өндіріс орталығы. Онда дүние жүзіне әйгілі ферресплав және хромит қоспаларының зауыттары, ренген аппараттарын және ауыл шаруашылығы машиналарын жасап шығаратын зауыттар бар. Ақтөбе облысы қазба байлықтарға өте бай. Мал шаруашылығы да жақсы дамыған.

Өскемен – Шығыс Қазақстан облысының орталығы. Өскемен 1820 жылы әскери қамал ретінде қаланған. 1869 жылдан Семей облысының уездік қаласы болды, ал 1939 жылдан облыс орталығы. Мұнда өнеркәсіп орындарынан қорғасын-мырыш комбинаты, Өскемен титан-магний комбинаты, Өскемен су электр станциясы бар.

Атырау – Қазақстандағы ескі қалалардың бірі. Ол 1640 жылы салынған. Қаланың Гурьев аталуы орыс көпесі Михаил Гурьевтің есіміне байланысты. Ол 1640 жылы өз туыстарымен көшіп келіп, балық аулау кәсіпкершілігін ашқан.

Атырауда мұнай өндіру, балық аулау, химия өнеркәсібі, машина жасау және металл өндіру, құрылыс материалдарын өндіру жақсы дамыған. 1995 жылы Гурьев аты Атырау болып өзгерді. Атырау – облыс орталығы.

  1. Мәтін бойынша сызбанұсқаны пайдаланып сөйлесіңіздер

сұрақ

келісу

сұрақ

ұсыныс

қарсылық

сұрақ

себеп

келісім

5. Мына сөз тіркестерімен сөйлем құрап, грамматикалық талдау жасаңыз.

Ауыл шаруашылығы,

облыс орталығы,

уездік қала

6. Мәтіннен етістіктерді тауып, формасын анықтаңыз.

Үлгі: барды

бар – түбір

- ды - өткен шақ, ІІІ жақ

Республикамызда қандай қала, өзен аттары біріккен сөз түрінде айтылады? Олар туралы білесіз бе?

  1. Кластер бойынша сөйлеңіз

8. Қ о р ы т ы н д ы.

Мәтінді мазмұндап беріңіз.

Мәтін (3) Көкшетау

Көкшетау Сарыарқаның солтүстік бөлігінде орналасқан. Жерінің көріктілігіне орай «Қазақстан Швейцариясы» деп аталады. Облыстың орталығы Көкшетау қаласының іргесі 1824 жылы әскери бекініс ретінде қаланған. Бүгінгі Көкшетау – Қазақстанның өнеркәсіп және мәдени орталықтарының бірі. Өнеркәсібінің басты салалары - машинажасау, металл өңдеу, тамақ өнімдері мен құрылыс материалдарын шығару. Көкшетау – Қазақстандағы табиғаты көркем өңірлердің бірі. Мұнда қымызбен, таза ауамен емдейтін санаторийлер салынған. Олардың ішінде елімізге әйгілі Бурабай курорттық кешенінің маңызы зор. Пайдалы қазбалары - алтын, түсті және сирек кездесетін металдар, құрылыс материалдары. Майбалық көлі атырабында минералды су көзі ашылды. Басты өзендері – Есіл (120 шақырым), Шағалалы, Иманбұрлық т.б. Биік тау массивтері – Жаңғызтау (730 м), Имантау (661 м), Жыланды (665 м) т.б. Гидрогеологиялық деректерге қарағанда облыстағы жер асты суының қоры өте мол. Осы өңірдің Шортанды, Бурабай, Зеренді сияқты әсем көлдері бар. Қазақтың алғашқы ғалымы Ш.Уәлиханов осы Көкшетау өңірінде дүниеге келген. 1962 жылы құрылған педагогикалық институт ұлы ғалымның есімімен аталады

Семей

Семей – ұлылар мекені. Семей әлемге ұлы Абай есіміне және Абайды дүниеге танытқан дарынды Мұхтар есіміне байланысты танылды.

Семей – Ертіс өзенінің екі жағына орналасқан қала, теміржол станциясы, әуе және автомобиль жолдарының ірі торабы. Қаланың ХУІ – ХУІІ ғасырлардағы ежелгі аты – Доржынкит.

Семей өңірінің көпшілік жерін Сарыарқаның шығыс жағы алып жатыр. Климаты тым континенттік: қысы суық, әрі ұзақ, жазы ыстық.

Басты өзендері: Ертіс және оның салалары Көкпекті, Шар; ірі көлдері: Зайсан, Алакөл. Қалба, Шыңғыс, Тарбағатай тауларының 500-600 м-ден жоғары жағында әр түрлі шөп, бұта, одан биігірек қайың, терек өседі. Далаларында қасқыр, қарсақ, қоян; тауларында аю, суыр, елік, сусар мекендейді.

Шаруашылығының басты салалары – мал және егін. Тау – кен өндірісі, машина жасау және металл өңдеу өнеркәсіптері жұмыс істейді.

Еліміздегі таңдаулы жоғарғы оқу орындарының бірі Семей педагогикалық институты 1937 жылы құрылған.