Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК тоталитаризм и демократия на каз..doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
23.08.2019
Размер:
447.49 Кб
Скачать

Қазақстан Республикасы ғылым және білім министрлігі

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті

Тарих факультеті

Бүкіләлем тарихы және халықаралық қатынастар кафедрасы

«Қазіргі әлемдегі тоталитаризм және демократия»

пәні бойынша

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

050202-Халықаралық қатынастар

Қарағанды - 2010

Құрастырушы: Батурина Л.Л., т.ғ.к., профессор;

Смағұлова Г.М., т.ғ.к., доцент

Оқу-әдістемелік кешен 050202-Халықаралық қатынастар мамандығының ІІІ курс студенттеріне кредиттік технология бойынша сабақ беруге арналған және дәрістер тезисінің, семинар жоспарының және студенттердің өзіндік жұмыстарын жүргізу нысандарының және қажетті әдістемелік ұсыныстар мен әдебиеттер тізімінен құралды. Сондай-ақ өзіндік жұмыстардың тақырыптары, тест сұрақтары және емтихан сұрақтарынан тұрады.

«Қазіргі әлемдегі тоталитаризм және демократия» пәні бойынша оқу - әдістемелік кешен. 050202-Халықаралық қатынастар мамандығы студенттері үшін / Құрастырушы Батурина Л.Л., Смағұлова Г.М.-Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2010.- 54 бет.

© Қарағанды мемлекеттік университеті, 2010

1. Пәннің оқу бағдарламасы – syllabus

1.1 Оқытушы туралы мәліметтер:

Батурина Л.Л., т.ғ.к., профессор Бүкіләлем тарихы және халықаралық қатынастар кафедрасы;

Смағұлова Г.М., т.ғ.к., доцент Бүкіләлем тарихы және халықаралық қатынастар кафедрасы

1.2 Пән туралы мәліметтер:

«Қазіргі әлемдегі тоталитаризм және демократия»

Барлығы 2 несие

Өткізілетін орыны: № 3 корпус

Оқу жоспарынан көшірме:

Курс

Семестр

Несиелер

Лекция

Тәжірибе

ОСӨЖ

СӨЖ

Барлығы

Бақылау түрі

ІІІ

VI

2

15

15

30

30

90

емтихан

1.3 Пререквизиттері:

Негізгі компонент ретіндегі «Қазіргі әлемдегі тоталитаризм және демократия» пәнін меңгеру үшін студенттер меңгеруі тиіс:

- логика, философия, саясаттану пәндерінің негізгі мәселелерін білуі тиіс;

- құжаттық материалдардың үзінділерімен жұмыс жасауға дағдылану;

- халықаралық қатынастар жүйесінің өзекті проблемаларын айқындай білу;

- халықаралық қатынастардағы маңызды тарихи оқиғалар мен құбылыстардың себеп-салдарын анықтай білу.

1.4 Постреквизиттер:

«Қазіргі әлемдегі тоталитаризм және демократия» курсын оқу барысында алған білім, шеберлік мамандық бойынша Типтік оқу-жоспарының негізгі және арнайы пәндерін, таңдау бойынша компоненттің пәндерін оқу барысында негіз болып табылады:

- Қазіргі замандағы халықаралық қатынастардың тарихы;

- Қазіргі заманғы шиеленістер және оларды реттеудің әдістері;

- Мамандану елінің саяси жүйесі;

- Мамандану елінің сыртқы саясаты;

- Халықаралық қатынастардың қазіргі кездегі мәселелері;

- Халықаралық қатынастардың қазіргі кездегі жүйесі.

1.5 Пәннің қысқаша мазмұны:

«Қазіргі әлемдегі тоталитаризм және демократия» курсы «Халықаралық қатынастар» мамандығының таңдау пәндерінің бірі болып табылады.

«Қазіргі әлемдегі тоталитаризм және демократия» қазіргі кездегі маңызды ғылыми және саяси мәнге ие. Себебі жаһандану жағдайында ұлы державалардың қыстауымен демократиялық қайта құрулардың негативті тұстары көрініс табуда. Осыдан саяси жүйелердің типтерінің тарихи эволюциясын түсіну қажеттігі туындайды.

Бұл курста демократиялық идеялардың қалыптасу кезеңдері оқылады, олардың тарихи эволюциясының тенденциялары анықталады. Саяси жүйелерге әсер етуші ішкі әлеуметтік-экономикалық және саяси үрдістердің оқып үйренуге маңызды орын бөлінеді.

Сол сияқты Оңтүстік Корея, Тайвань, Бразилия, Үндістан, Орталық Азия мемлекеттеріндегі саяси жүйенің тарихи үрдістері мен даму тенденцияларына ерекше көңіл бөліп қарастырылады.

.