Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК тоталитаризм и демократия на каз..doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
23.08.2019
Размер:
447.49 Кб
Скачать

2 Тақырып. Авторитаризм және демократия: тарихи-теориялық экскурс

Адамзат баласының тарихында авторитаризм, оның ең шеткі формасы – тоталитаризм, сол сияқты демократия нақты түрде осыдан 200 жылдай бұрын мемлекеттік форма түрінде жаңа заман кезінде Батыста пайда болды. Ал оның алғы шарттары біздің заманымызға дейін көрініс тапқаны, жекелеген түрлерінің тарихта болғаны да баршаға аян.

Тоталитаризм және демократия өзінің шығу төркіні жағынан Шығыс елдеріне емес, Батысқа тәуелді.

Тоталитаризмнен демократияға өтуде авторитаризм кезеңін бастан өткеру де тән құбылыстардың бірі. Авторитаризм демократияны да, тоталитаризмді де қажет етпейді. Бірақ оның бойында осы екі құбылыстың кездесетіні һақ.

Демократиялық және авторитарлық институттардың әлеуметтік ортасы әлі күнге дейін толық зеттеліп біткен жоқ. Әсіресе нарықтық реформалар курсын және демократияны бетке ұстаған мемлекеттердің өтпелі кезеңдегі стратегия жоқтың қасы.

Негізгі әдебиеттер: 1, 6, 7, 8, 11, 15, 18, 20, 24, 26

Қосымша әдебиеттер: 3, 4, 5, 8, 9, 10, 12, 16, 21, 22, 26, 28,

31, 34, 38

3 Тақырып. Қауым Шығыстағы және Батыстағы авторитаризм мен демократияның генотипі ретінде

Батыс пен Шығыс өркениеттерінің архетиптары көне замандарда қалыптасқан. Олардың негізін қауымның түрлері құрайды. Ол туралы кезінде К. Маркс сипаттап жазған болатын: қауымның ішіндегі әу баста пайда болған оның мүшелері арасындағы қарым-қатынас, шағын жанұяның бөліну динамикасы, қауымдық топтан автономды болуы, ең соңында қауымның әрбір мүшесінің жеке сана сезімі поцесінің динамикасы. Нәтижесінде К. Маркс таптық қоғамның қалыптасуының екі жолын көрсетіп берді: Шығыс елдері және Ертедегі Греция.

Дәстүрлі Шығыс өзіндік феноменге ие, ол Батыстан өзгеше.

Негізгі әдебиеттер: 1, 6, 7, 8, 11, 15, 18, 19, 20, 24, 26, 27, 29

Қосымша әдебиеттер: 5, 6, 19, 25, 26, 28, 31, 32, 33, 35, 36,

37

4 Тақырып. Шығыстағы және Батыстағы авторитаризм мен демократияның діни негіздері

Ұжымдық дәстүрлер мен авторитарлық тенденциялар діни негіздерден бастау алады.

Әлемдік діндер - буддизм, христиан және исламның кейбір қағаидаларын еске түсіріп көрейік.

Орта ғасырларда дін құқықтық жүйе, саяси доктрина, моральдық ілім және философия бола білді.

Буддизм – бұл сенім емес, философиялық ілім. Бұл моральдық танымдар, қоғам мен мемлекет, эстетиканы жаңғырту ілімі. Осылардың негізінде буддистік өнердің архитектура, бейнелу өнері, көркем әдебиет сияқты үлкен жүйесі қалыптасты. Осындай мысалдарды басқа да әлемдік діндерге байланысты айтуға болады.

Діннен саясаттың бөлінуі Батыста басталды. Ол діни соғыстар кезінде жүрді.

Исламның христиан дінінен айырмашылығы зайырлы және рухани шекараны анықтауда тарихи үрдістерін білмеуінде.

Үш діннің барлығының бойынан авторитаризм мен демократияның идеяларын байқауға болады.

Негізгі әдебиеттер: 1, 6, 7, 8, 11, 15, 18, 19, 20, 24, 26, 27, 29

Қосымша әдебиеттер: 5, 6, 19, 25, 26, 28, 31, 32, 33, 35, 36,

37