Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК тоталитаризм и демократия на каз..doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
23.08.2019
Размер:
447.49 Кб
Скачать

8 Тақырып. Авторитаризм мен демократияның аралығы (Корея Республикасы, Тайвань, Бразилия)

Сұрақтар:

  1. Экономикалық модернизациядан саяси либерализацияға көшу.

  2. Тайваньдағы экономикалық динамизм және авторитарлық режимнің эволюциясы.

  3. Бразилиядағы әскери-авторитарлық режимнің трансформациясы (ХХ ғ.70-90-шы жж.).

Тапсырмалар:

  1. Ұсынылған әдебиеттерге сүйене отырып, аталған мемлекеттердегі авторитарлық режимнен демократиялық билікке өту кезеңдерін көрсететін салыстырмалы сараптау жүргізіңіздер.

Негізгі әдебиеттер: 1, 6, 7, 8, 11, 12, 15, 18, 19, 20, 24, 26

Қосымша әдебиеттер: 5, 6, 7, 8, 9, 10, 17, 21, 22, 24, 27, 33

Әдістемелік нұқау:

Тапсырмаларды орындау үшін, ұсынылған әдебиеттерден басқа оқу процесіне енгізілген Е. Кимнің «Политические системы НИС Юго-Восточной Азии: сравнительный анализ» атты диплом жұмысын қоса қарастырыңыздар. Мұнда автор Оңтүстік Корея мен Тайваньның саяси жүйесінің қалыптасуының қазіргі жағдайына сипаттама берген.

9 Тақырып. Орталық Азия елдеріндегі саяси трансформация.

Сұрақтар:

  1. Орталық Азиядағы президенттік биліктің ортақ тұстары және институционалдық заңдылықтар.

  2. Орталық Азия елдеріндегі конституционализм және парламентаризмнің дамуы.

  3. Қырғызстандағы саяси трансформацияның ерекшеліктері және негізгі факторлары.

Тапсырмалар:

  1. 1-2-ші сұрақтардың жауабын кесте түрінде орындаңыздар.

  2. 2010 жылдың маусым айындағы жағдайларға Интернет сайттарындағы материалдарға сүйене отырып сипаттаңыздар.

Негізгі әдебиеттер: 1, 2, 6, 7, 8, 21, 22, 23, 24, 25, 28

Қосымша әдебиеттер: 4, 5, 13, 18, 20, 23, 29, 30, 33, 36

Әдістемелік нұқау:

Демократияның қалыптасуына ықпал етуші (керісінше, кедергі келтіруші) факторларды анықтай отырып, демократиялық нормалар мен институттардың қалыптасуы мен нығаюын қарастырыңыздар.

Анықтаңыздар: Орталық Азия елдеріндегі демократиядан кезекті «артқа шегіністі» байқай аламыз ба? Жоқ әлде бұл посткоммунистік өтпелі кезеңге тән феномен болып табыла ма?

10 Тақырып. Қазақстандағы демократиялық процестер

Сұрақтар:

1. Қазақстанның саяси жүйесінің қалыптасуының негізгі кезеңдері.

2. Қазақстан конституцияларының ерекшеліктері.

3. Қазақстанның старегиялық саясатындағы демократиялық процестер.

Тапсырмалар:

1. Ұсынылған әдебиеттерге сүйене отырып, Қазақстанның саяси жүйесінің қалыптасуының негізгі кезеңдерін анықтаңыздар.

2. 1993, 1995 жылдарғы Конституцияны және 2007 жылғы Конституцияға енгізілген толықтыруларға сараптамалық талдау жасаңыздар.

3. «Қазақстан-2030» ұзақ мерзімді стратегиялық саясатында көрсетілген демократизация процестеріне тоқталыңыздар.

Негізгі әдебиеттер: 1, 2, 6, 7, 8, 21, 22, 23, 24, 25, 28

Қосымша әдебиеттер: 2, 4, 10, 13, 17, 18, 20, 21, 22, 30

Әдістемелік нұқау:

Тапсырманы орындау үшін қазақстандық демократияның ерекшеліктеріне назар аударыңыздар. Батыс пен Шығыстың ортасында, яғни Еуразияның кіндігінде орналасқан Қазақстанның өзіндік демократиясының моделі қалыптасты ма, жоқ әлде Батыс пен Шығыстың ең үздік үлгерінен қазақстандық синтез жасады ма, соған мән беріңіздер.