Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК тоталитаризм и демократия на каз..doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
23.08.2019
Размер:
447.49 Кб
Скачать

8 Тақырып. Орталық Азия елдеріндегі саяси трансформация

1991 жылы Орталық Азия елдерінің тәуелсіздік алуымен бұл елдерде саяси билікті құру жаңадан басталды. ХХ ғ. 90-шы жылдарының ортасында авторитарлық тенденциялар көріне бастады. Мемлекетті басқарудың өтпелі кезеңінде демократия қатаң талаптармен басталды. Соған қарамастан басқарудың авторитарлық режимі қалыптасты. 1993-1995 жылдары Қазақстан мен Қырғызстанда президенттік республика жүйесіне көшу басталды. Өзбекстанда да мемлекет басшысы атқарушы биліктің басшысы болып табылды. Тәжікстан мен Түркіменстанда президенттік билік нығайтылуда.

Негізгі әдебиеттер: 1, 2, 6, 7, 8, 21, 22, 23, 24, 25, 28

Қосымша әдебиеттер: 4, 5, 13, 18, 20, 23, 29, 30, 33, 36

9 Тақырып. Қазақстандағы демократиялық процестер

Қазақстандағы демократиялық процестердің көріністері КСРО жылдарында байқалды. Ол ХХ ғасырдың 80-90-шы жылдарында алып империя атанған КСРО-дағы барлық одақтас республикаларда аса ауыр әлеуметтік-экономикалық жағдайлармен байланысты. Қоғамның саяси ұйымдасуы, экономикалық қатынастардың қалыптасқан жүйесі КСРО-ны күрделі дағдарысқа әкеп тіреді. Оның негізгі себебі қоғамның барлық саласындағы дағдарыстың қатар келуінде еді. Жеке талдап көрсек, экономикалық салаларда ғылыми-техникалық прогресс және жаңа әрі тиімді технологиялардың АҚШ, Батыс Еуропа мемлекеттері, Жапония, «азия жолбарыстарымен» салыстырғанда төмен дәрежеде болуы экономикалық дамуды артқа тартты; осыған байланысты дайын тауарларға деген сұраныс үлкен болды; инфляция басталды; басқару аппаратында бақылаусыздық жиі кездесті.

Қоғамдық өмірде оның негізгі белгілері: адамдардың тұрмыс деңгейінің нарлауы, бұрынғы адамгершілік, мораль ұғымдарының орнына маскүнемдік, бұзақылық, ұрлық сияқты фактілердің орын алуы. Халық шаруашылығындағы тоқырау құбылыстары әміршіл-әкімшіл жүйенің жоспарлауындағы және өндіргіш күштерді орналастырудағы жіберген кемшіліктері мен қарама-қайшылықтарының салдары еді. 1985 жылы КОПК Орталық Комитетінің бас хатшысы болып М.С. Горбачев тағайындалғаннан кейін Одақ шеңберінде «қайта құру», «жеделдету» үрдісі басталды. Өкінішке орай жақсы айтылған жеделдету бағыты терең ұғынылған ғылыми концепциясыз, айқын да, анық бағдарламасыз жүргізілді. Нәтижесіде дағдарысты бүкіл мемлекеттік жүйені қайта құру арқылы емес, жекелеген шаралардың көмегімен, идеялық-саяси тәрбиені күшейту арқылы болдырмауға болады деп есептеді. Сондықтан жеделдету бағытының сәтсіздікке ұшырауының негізгі кінәлілері сол кездегі жекелеген мемлекет басшылары болып шыға келді. Мысалы, «Қазақстанды Д.А. Қонаев өз өкіметімен бірлесе отырып құлдыратты» деген пікірлер қалыптасты. Міне сондықтан алғашқыда жарияланған мақсаттар мен нақты өмірдің арасындағы күрделі қайшылықтардың нәтижесі 1986 ж. Алматыда басталған желтоқсан оқиғаларына әкеп соқты. Алматыдағы желтоқсан оқиғалары, Кеңес Одағының әр түрлі аймақтарында болып жатқан жанжалдар кеңес органдары мен коммунистік партияны ойландырып, ұзақ жылдар шешімі табылмай қордаланып қалған проблемаларды шешудің жолдарын іздестіре бастады. Әлеуметтік жағдайдың нашарлап кетуі Батыс Қазақстанда Жаңаөзендегі жаңа ереуілге әкелді.

Алматы мен Жаңаөзеннен кейінгі ереуілдердің орталығы Орталық Қазақстанның ірі қаласы Қарағанды қаласы. Мұндағы көмір шахталарының кеншілері алғашқыда экономикалық сипаттағы мынадай мәселелерді көтерді: еңбекақыны көбейту; азық-түлік тауарларының түрлерін өзгерту; шахталардағы жұмыс жағдайын жақстару. Кейіннен оның қатарына Семей полигонын жабу сияқты саяси мәселелер келіп қосылды.

Әміршіл, төрешіл, коммунистік аппарат кезекті «кінәліні», яғни Д.Қонаев бастаған қазақтардан тауып, өздерін ақтап алды. Сол жылдарғы осы бір саяси оқиға Одақты дүр сілкіндірді.

КСРО-ның Орталық Комитетінің 1987 жылғы қаңтар пленумы «Қайта құру және партияның кадр саясаты туралы» мәселе талқыланғаннан соң одақтас републикаларда «жаңа дүмпулер» байқалды. Ол әміршілдікке қарсы күрес, демократияландыру мен жариялылық, халықтық реформа жүргізу және әлеуметтік проблемаларды әділеттік принциптер арқылы жүзеге асыру болып табылды.

Одақтың барлық республикаларындағы оқиғалар Қазақстанда да қайталанды. Одақтас республикаларда басталған демократияландыру үрдістері түрлі бұқаралық ұйымдардың құрылуына жол ашты. Қазақстандағы алғашқы және неғұрлым бұқаралық қозғалыстардың бірі «Невада - Семей» экологиялық қозғалысы болды. 1989 жылдың көктем айында ақын, қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовтың бастамасымен құрылған бұл қозғалыстың басты мақсаты Қазақстан территориясында орналасқан КСРО-ның ең ірі Семей полигонын және республиканың басқа аймақтарындағы сынақ орталықтарын жабу болды. «Невада - Семей» атом бомбысы сынағынан зардап шеккен тұрғындарға зиянның орнын толтыруды талап етті. Осы мақсатпен Қазақстан халқы елдің түкпір-түрпірінде акцияларға, шерулерге, демонстрацияларға шықты, қоғам қайраткерлері мен ғалымдар ғылыми конференциялар ұйымдастырды.

Осыған ұқсас шаралардың бірі ақын Мұхтар Шахановтың ұсынысымен Арал төңірегіндегі адамдарға көмек көрсету мақсатымен Арал теңізінің суын қалпына келтіру, қуаңшылықтан зардап шеккендерді құтқару мақсатында арнайы комитет құрды. Комитет аймақ елдері мен дүниежүзі жұртшылығының назарын өзіне аудартты. Себебі ХХ ғасырдың ортасынан басталған экологиялық проблемалар күн өткен сайын шиелене түсуде еді.

Тағы бір маңызды тарихи-ағартушылық қоғам «Әділет» те 1989 жылы құрылып, ХХ ғасырдың 20-30-шы жылдары ұлт мүддесі үшін күрескен қазақтың аяулы ұлдары, қазақ зиялыларының өмірлері мен қызметтерінің ашылмаған қырларын анықтауға кірісті. Нәтижесінде аштық туралы шындықты, тоталитарлық тәртіптің озбыр саясатын жаңа деректік материалдарға сүйене отырып зерттей бастады.

Осылайша Қазақстанда құрыла бастаған қоғамдық-саяси қозғалыстардың саны 1990 жылдың ортасына қарай 100-ден асты.

Жоғарыда аталған оқиғалар Қазақстанда демократиялық процестердің дамуына жол ашты. Тәуелсіздіктің қол жеткізгеннен кейін елде экономикалық реформалармен қатар саяси модернизация процестері басталды. Қазақстандағы саяси жүйенің қалыптасуының өзіндік ерекшеліктері болды. Демократияға бастаған саяси трансформацияның негізгі төрт кезеңін Президент Н.Назарбаев бөліп көрсетті: 1991-1995 жж. – демократиялық дамулардың қалыптаса бастауы; 1995-2000 жж. – демократиялық институттардың құрылуы мен нығаюы; 2001-2006 жж. – аймақтық көшбасшылыққа қол жеткізу; 2007 ж.бастап бүгінгі күнге дейін – Конституцияға енгізілген қосымшалар мен толықтырулардан кейін жаңа сапалы кезеңге өту.

Негізгі әдебиеттер: 1, 2, 6, 7, 8, 21, 22, 23, 24, 25, 28

Қосымша әдебиеттер: 2, 4, 10, 13, 17, 18, 20, 21, 22, 30