Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК тоталитаризм и демократия на каз..doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
23.08.2019
Размер:
447.49 Кб
Скачать

10 Тақырып. Қазақстандағы азаматтық қоғам

Азаматтық қоғам демократиялық процестердің жоғары сатысы болып табылады. Қазақстанда азаматтық қоғам қалыптасу үсінде. Азаматтық қоғамның негізгі институттары да демократиялық институттармен қатар дамуда. Азаматтық қоғамның Қазақстандағы негізгі институттары: саяси партиялар, кәсіподақ, үкіметтік емес ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары, ұлттық-мәдени орталықтар, діни ұйымдар, түрлі жастардың бірлестіктері және т.с.с.

Азаматтық қоғамның қалыптасуына парламент те ат салысуы керек. Депутаттар халық қалаулылары болғандықтан тікелей қоғамдағы өзгерістердің барлығына қатысуы тиіс. Сондықтан азаматтық қоғам «жоғарыдан» біреудің бұйрығы бойынша жасалмайды, керісінше барлық халықтың тікелей араласуымен қалыптасады.

Негізгі әдебиеттер: 1, 2, 6, 7, 8, 21, 22, 23, 24, 25, 28

Қосымша әдебиеттер: 2, 4, 10, 13, 17, 18, 20, 21, 22, 30

2.3 Семинар сабақтарының жоспары

1 Тақырып. Авторитаризм және демократия: тарихи-теориялық экскурс

Сұрақтар:

  1. Авторитариз және оның шығу тегі.

  2. «Демократия» ұғымы және оның мәні.

  3. Демократия туралы мифтер.

  4. Саяси биліктің формасы.

Тапсырмалар:

  1. Ұсынылған әдебиеттермен танысу.

  2. Авторитарлық режимдердің ортақ тұстарын анықтау.

  3. Демократиялық режимдердің пайда болуының жағдайын көрсету.

  4. Қазіргі әдебиеттерде жарияланып жүрген демократия туралы мифтерге түсініктеме беру.

  5. Саяси жүйелердің типологиясын анықтау.

Негізгі әдебиеттер: 1, 6, 7, 8, 11, 15, 18, 20, 24, 26

Қосымша әдебиеттер: 3, 4, 5, 8, 9, 10, 12, 16, 21, 22, 26, 28,

31, 34, 38

Әдістемелік нұсқау:

Тақырып сұрақтарын меңгеру барысында авторитарлық биліктің режимінің қалыптасуының алғы шарттарын түсіну керек:

1. Қоғамдағы әлеуметтік және саяси дағдарыстар. Бұл дағдарыстар негізінен қалыптасқан дәстүрлердің, өмір сүрудің образдарының, тарихи кезеңдердің, күрт модернизациялануымен сипатталады;

2. Қоғам өміріндегі тарихи укладтың бұзылуы әлеуметтік-таптық құрылымдағы өзгерістерге әкеледі, нәтижесінде халықтың басым көпшілігі маргиналдануға ұшырайды. Өтпелі кезеңдегі маргиналдардың саяси тәртібі олардың белсенділігін күшейтеді.

Әлеуметтік психология мен идеология саласында бұрынғыны «қалпына келтіруге» ұмтылушылық, ол үшін әлеуметтік әділдік арқылы қоғамның барлық қырларында теңдік орнатуға ұмтылу. Нәтижесінде қоғамдық, әлеуметтік топ немесе ұлттың бейнесіндегі халық жауы образы қалыптасады. Осындай дағдарысты кезеңнен алып шығатын көсемнің жеке тұлғасы пайда болады.

Мемлекеттік биліктің атқарушы органдарының және әскери күштердің маңызы арта түседі. Әсіресе қоғамнан жоғары тұратын, билікті сақтап қалушы бюрократияның маңызы күшейеді.

5. Ақырында авторитаризмнің қалыптасуының шешуші факторы ретінде тұлға немесе лидер бөлініп шығады. Ол халықтың арасынан шыққан және оны барлығы мойындайды, сондықтан қан-төгіссіз бейбіт жолмен белгілі бір саяси топтың қолдауына сүйене отырып, билікті қолға алады. Кей жағдайда азамат соғысы жағдайында, яғни партиялар мен олардың көсемдері арасындағы даулы жағдайларды шешу үшін жүреді.

Авторитарлық режимдермен қатар консервативті (Ежелгі Римдегі Сулла) немесе реакцияшылдық бағыттағы (Мысалы, Гителер), сол сияқты тарихи дамудың кезеңіндегі мемлекеттің прогресивті түрде дамуына жол бастаған бағыттар мен олардың көсемдері болған, мысалы, Наполеон Бонапарт, Бисмарк, І Петр.