Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК тоталитаризм и демократия на каз..doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
23.08.2019
Размер:
447.49 Кб
Скачать

5 Тақырып. Шығыстағы және Батыстағы авторитаризм мен демократияның бір біріне өзара ықпалы

Сұрақтар:

  1. Батыс өркениетінің ерекшелігі - экспансионизм.

  2. Шығыс қоғамына батыстық демократияның құндылықтары мен институттарының ауысуының салдары: а) доминантты-партиялық модель; б) мемлекеттік-партиялық модель.

  3. Демократиялық интституттардың дамуы үші бес қолайлы жағдай (Р.Даль бойынша).

Тапсырмалар:

  1. А.Д.Тойнбидің «Цивилизация перед лицом истории» еңбегіне анализ жасаңыз.

  2. Доминантты-партиялық және мемлекеттік-партиялық модельдердің қай мемлекеттерде пайда болғандығын және оның жағдайларын сипаттаңыздар.

  3. Сіздің пікіріңіз бойынша Р. Дальдың демократиялық интституттардың дамуы үші бес қолайлы жағдай туралы айтқаны қаншалықты шындыққа жақын.

Негізгі әдебиеттер: 1, 6, 7, 8, 11, 15, 18, 19, 20, 24, 26, 29, 30

Қосымша әдебиеттер: 5, 6, 19, 25, 26, 28, 31, 32, 33, 35, 36,

37

Әдістемелік нұқау:

Ұсынылған әдебиеттер бойынша тапсырма сұрақтарын конспектілеңіздер және батыстық өркениет экспансионизмінің ішкі және сыртқы себептеріне назар аударыңыздар.

6 Тақырып. Ксро-ғы тоталитаризмнің пайда болуы мен күйреуі

Сұрақтар:

  1. КСРО-ғы әкімшіл-әміршіл жүйенің негізгі белгілері.

  2. Тоталитарлық биліктің тарихи алғышарттары және оның негізгі белгілері.

  3. Тоталитаризм және тұлға.

Тапсырмалар:

  1. Анықтаңыз, идеократия деген не?

  2. Партократия деген не?

  3. Тоталитарный индивид деген не?

Негізгі әдебиеттер: 1, 6, 7, 8, 11, 12, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 24,

26

Қосымша әдебиеттер: 3, 4, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 16, 22, 34, 38

Әдістемелік нұсқау:

Қазан төңкерісінен кейінгі саяси жүйеге авторитарлық сипат берген тарихи алғышарттарға көңіл аударыңыздар. Оның негізгі белгілері:

1). Лениннің ауруы мен өлімінен кейін жоғарыдағы билік басындағылар арасында жүрген лидерлік үшін күрес, Х съезден кейін саяси билікті (партияның диктатурасы) компартияның монолиясына айналдырды;

2). Заң шығарушы, атқарушы және сот билігі бір-біріне қосылды;

3). Экономиканы, қоғамның саяси және рухани өмірін басқаруды орталықтандырды;

4). Бюрократия мен әскери-полицейлік аппарат (ВЧК-ОГПУ) шешуші күшке айналды;

5). Оппозицияға қарсы тікелей күш қолданды;

6). Кеңестік-социалистік идеология – ерекше идеология ретінде танылды, яғни, елдің ішінде әртүрлі халықтардың ұлттық-мәдени белгілерін біртұтас кеңес халқы етіп құруға ұмтылыс ретінде көрсетті; сыртта кеңестік образды басқа елдердің образына таңып беруге ұмтылды.

7). Ленинді харизматикалық тұлға ретінде қалыптастыра отырып, оның атынан осы харизматиканы («Ленин өсиеттеріне адалдық», «марксизм-ленинизм принциптеріне адалдық») таратуға тырысып, бүркеншек саясат ұстанғандар өздерінің құқықтық артықшылықтарын көрсетуге тырысты.

7 Тақырып. Үндістанның мысалындағы демократия

Сұрақтар:

  1. Үнді демократиясының қалыптасуы.

  2. Үндістандағы азаматтық қоғам.

  3. Буржуазия және билік.

  4. «Грасс рутс» саясаты.

Тапсырмалар:

  1. Үнді демократиясының қалыптасу тарихын қарастырыңыздар.

  2. Үндістандағы азаматтық қоғамның белгілерін анықтаңыздар.

  3. «Грасс рутс» саясатының ерекшелітеріне сипаттама беріңіздер.

Негізгі әдебиеттер: 1, 6, 7, 8, 11, 15, 18, 19, 20, 24, 26, 27, 29

Қосымша әдебиеттер: 5, 6, 19, 25, 26, 28, 31, 32, 33, 35, 36,

37

Әдістемелік нұқау:

Сұрақтарға дайындалған кезде жекелеген зерттеушілердің мынадай идеяларына назар аударыңыздар: индустриалдық кезеңге дейін үнділік қоғамның генетикалық кодында саяси модернизацияға қолайлы жағдай туғызушы белгілердің болғандығы және соның нәтижесінде азаматтық қоғамның инфрақұрылымдарының қалыптасуына біршама жағдай туғызғандығы.