Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК тоталитаризм и демократия на каз..doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
23.08.2019
Размер:
447.49 Кб
Скачать

5 Тақырып. Шығыстағы және Батыстағы авторитаризм мен демократияның бір біріне өзара ықпалы

Адамзат баласының даму тарихының өн бойында Батыс пен Шығыс әр түрлі жағдайларда бір-біріне үнемі ықпал етіп отырды. Батыс пен Шығыстың арасындағы өзара ықпалдастық маятник тәрізді сипат алды, яғни бірде Батыс, бірде Шығыс жеңіске жетіп, жақсы жемістерін де қалдырды. Бұл жерде мынаны жеміс деп мынаны қабылдау керек: мәдениет пен дәстүрдің синтезінің қалыптасуы.

Орта ғасырларда Шығыс Батысқа қарағанда анағұрлым озық болды және Батысты тығырыққа тіресе, керісінше, жаңа заманда олардың орындары ауысты. Яғни Батыс Шығысты игере бастады, нәтижесінде Шығыстың көп бөлігі Батыстың жартылай немесе толық отарына айналды. Осы үрдістерде де авторитаризм мен демократияның нышандары байқалып отырды.

Негізгі әдебиеттер: 1, 6, 7, 8, 11, 15, 18, 19, 20, 24, 26, 27, 29

Қосымша әдебиеттер: 5, 6, 19, 25, 26, 28, 31, 32, 33, 35, 36,

37

6 Тақырып. Ксро-ғы тоталитаризмнің пайда болуы мен күйреуі

КСРО-да әміршіл-әкімшіл жүйе 1917 ж.Қазан революциясынан кейін пайда болды. Оның алғы шарты Ресейдегі тарихи даму процестерімен байланысты. Көп жағдайда әміршіл-әкімшіл жүйені бір партияның немесе жекелеген тұлғалардың (Ленин, Троцкий, Свердлов және басқалары) есімдерімен, сол адамдар жасады деп айтады. Шындығында Сталин жасаған жоқ, ол әміршіл-әкімшіл жүйені бір үлгі ретіндегі жағдайға жеткізді. Осы жүйені зерттеудің екі себебі бар. Біріншісі, қазан төңкерісінің сипатын объективті тұрғыдан ой елегінен өткізуге мүмкіндік бермеді, сол сияқты Ленин және большевиктер партиясының қызметі шынайы бағаланбады. Екіншіден, теориялық және саяси тұрғыда ойластырылмаған, сталиндік жүйедегі бір ізділіктің болмауы жаңа авторитарлық режимнің қалыптасуына түрткі болды. Бұл КСРО-ның барлық аймағына тән болды.

Әміршіл-әкімшіл жүйе үлкен «машинаға» айналды. Ол қоғамның барлық саласында орын алды. Әсіресе, 1937-1939 жылдар арасында, Ұлы Отан соғысы кезінде және соғыстан кейінгі жылдары. Нәтижесінде, түрлі лагерлер (Степлаг, Карлаг, Алжир т.б.) құрылып, онда ұлт зиялыларының өкілдері тұтқындалды; көптеген халықтар депортацияланды. Сталиндік билік жылдары авторитарлық режимнің ең шарықтау кезеңі болды. Бұл үрдіс одан кейінгі кездердеде байқалды.

1991 ж. жаңа тәуелсіз мемлекеттердің құрылуымен посткеңестік кеңістікте демократиялық процестер басталды. Бірақ ол батыстық демократиядан ана ғұрлым алшақ тұр.

Негізгі әдебиеттер: 1, 6, 7, 8, 11, 12, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 24,

26

Қосымша әдебиеттер: 3, 4, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 16, 22, 34, 38

7 Тақырып. Авторитаризм мен демократияның аралығы (Корея Республикасы, Тайвань, Бразилия)

Корея Республикасы, Тайвань, Бразилия мемлекеттеріндегі демократиялық процестер не экономикалық модернизацияның жетістерінен, не дәстүрлер мен жалпы көпшіліктің бірлесіп жұмылуынан үлкен жетістіктерге жетті және жаңа проблемаларды тудырды.

Оңтүстік Кореяда: тұрғындардың саяси қырынан өсуі, білімнің кең таралуы, сыртқы ортамен және бұқаралық ақпарат құралдарымен танысу, диктаторлық билікке қарсы тұру, тұрғындардың барлық топтарының саяси билікке кеңінен қызығушылық танытуы.

Тайваньдағы саяси модернизация соңғы кезде тез қарқынмен дамуда. Ол әлеуметтік-экономикалық дамулар арқылы дайындықпен келді. Соған қарамастан модернизация оппозицияның қолдауына сүйенген билеуші элитаның ынтасымен дамыды. 1986 жыл – демократиялық өзгерістер жылы болды, осы кезде «қатаң» авторитаримзнен «жұмсаққа» ауысты.

Қазіргі таңда Тайваньда авторитаризмнен демократизмге өту аяқталуға жақын.

Бразилиядағы авторитарлық режим 1964 жылғы әскери төңкерістің нәтижесінде орнағандықтан, оның өзіндік ерекшеліктері бар. Әскери-авторитарлық режимнің трансформациялануының үш кезеңін бөліп көрсетуге болады. 1988 жылғы конституцияның қабылдануымен ресми түрде елдің авторитарлық режимнен демократияға өтуі белгіленді.

Негізгі әдебиеттер: 1, 6, 7, 8, 11, 12, 15, 18, 19, 20, 24, 26

Қосымша әдебиеттер: 5, 6, 7, 8, 9, 10, 17, 21, 22, 24, 27, 33