Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК каз яз.doc
Скачиваний:
100
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
1.96 Mб
Скачать

5. Кестені толтырыңыз

Қайда?

Менің жақсы әдеттерім

Менің жаман әдеттерім

Жақсы маман болу үшін қажет әдеттер

Өмірде

Үйде

Оқуда

Құрбылыр арасында

Мысалы

Өмірде

Әзілқой

Қызба

Сабырлылық

6. Берілген нақыл сөздерді мәнерлеп оқып, ұнағанына шағын әңгіме құрастырыңыз.

  1. Азамат жолы – ар жолы.

  2. Жалған намыс қасиет емес, ар сақтаған қасиет.

  3. Ұят - адам өміріндегі сенімді жол басшы.

  4. Ұялу – жақсы сезім, ең жақсысы - өзіңнен өзің ұялу.

  5. Ұят деген адамның өз бойындағы адамшылығы.

Тақырып: Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап,

Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап,

Әуре етеді ішіне қулық сақтап.

Өзіңе сен, өзіңді алып шығар

Еңбегің мен ақылың екі жақтап.

Өзіңді сенгіштікпен әуре етпе,

Құмарпаз боп, мақтанды қуып кетпе.

Жұртпен бірге өзіңді қоса алдасып,

Салпылдап, сағым қуған бойыңа еп пе.

Қайғы келсе, қарсы тұр, құлай берме,

Қызық келсе, қызықпа, оңғаққа етме.

Жүрегіңе сүңгі де, түбін көзде,

Сонан тапқан – шын асыл, тастай көрме.

Тапсырмалар:

1. Сөздерді тыңдаңыз. Қайталап оқыңыз. Жазылуына көңіл бөліңіз: қулық, шын асыл, құмарпаз, еп, оңғақ, сүңгі, сенгіштік.

2. Үнтаспадан өлеңді тыңдаңыз.

4. Өлеңді оқыңыз.

5. Өлең бойынша пікіріңізді айтыңыз.

6. Абайдың тағы қандай өлеңдерін білесіз?

8. Өлеңді жаттап алыңыз.

Тақырып: Қазақ өнері мен мәдениеті

Қазақ халқы - өнер сүйген, оны ерекше қастерлеген халық. 1926 жылы Қызылордада қазақтың тұңғыш драма театры ашылды. Оның беташары М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» пъесасы болды. Театрдың алғашқы ұйымдастырушылары және әртістері Елубай Өмірзақов, Серке Қожамқұлов, Қапан Бадыров, Қуаныш Жандарбеков т.б. еді. Театрды ең алғаш басқарған драматург әрі режиссер - Жұмат Шанин.

Кино өнері қазақ жеріне отызыншы жылдары ғана келді. Б.Майлин, Ғ.Мүсірепов, В.С.Ивановтың бірігіп жазған «Аманкелді» фильмі 1938 жылы экранға шықты. Кинотаспада Е.Өмірзақов сомдаған бейне мәңгі есте қалды.

Қазақ бейнелеу өнері Әбілхан Қастеев есімімен тығыз байланысты. Алматыдағы Мемлекеттік ұлттық өнер мұражайына Ә.Қастеев есімі берілген. Бұл мұражайға қазақ суретшілері мен мүсіншілерінің үздік туындылары қойылған. Қазақ сурет өнерінің майталмандары Әбілхан Қастеев, Қанапия Телжанов, Гүлфайруз Исмаилова, Айша Ғалымбаеваларды көптеген елдер біледі. Сондай-ақ, қазақтың тұңғыш кәсіби мүсіншісі Хакімжан Наурызбаевтың жасаған «А.Иманов» (1958 ж.), «С.Сейфуллин» (1965 ж.), «Ш.Уәлиханов» (1966 ж.) мүсіндерінің алатын орны да ерекше.

Қазақ халқы - әнге бай, сөзге шешен халық.

Әдебиет саласындағы М.Әуезовтің прозасын, М.Мақатаевтың поэзиясын, Ғ.Мүсіреповтің драмасын т.б. ақын-жазушылардың шығармаларын көпшілік сүйсініп оқиды. М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы дүние жүзінде жоғары бағаланып, әлемнің көптеген тілдеріне аударылды.

Тапсырмалар:

1. Жаңа сөздерді тыңдаңыз: бейнелеу, сәулет өнері, зергер

мүсінші, таңғажайып, зергерлік, көркемсурет, майталман, ерік-күш, халық өмірінің айнасы, эпикалық аңыз,

2. Мәтінді оқып, аударыңыз.

3. Мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңыз

4. Қазақ музыка өнері туралы пікірлесіңіздер.

5. Бірнеше сөйлемдерді сөйлем мүшесіне талдаңыз

6. «Бейнелеу өнері» мұражайына саяхат жасаңыз.

Сұхбат.

Театрда

– Жанар, сәлем!

- Халың қалай, Бота?

- Сенің қолың бос па? Бүгін демалыс қой. Екеуміз театрға барайық.

- Қандай театрға?

- С. Сейфуллин атындағы драма театрына. Бүгін сағат 6- да қойылым бар екен.

- Қандай қойылым?

- М. Әуезовтің «Еңілік – Кебек» драмасы.

- Жарайды, көріп қайтайық. Ернұр да барады.

- Онда сендерді сағат 5- те аялдамада күтемін.

Тапсырмалар:

1. Сұхбатты оқып, танысыңыз.

2. Бірнеше сұхбат үлгісін құрастырыңыз. Еркін сөйлесіңіз.