Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК каз яз.doc
Скачиваний:
100
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
1.96 Mб
Скачать

Уақыт. Мезгіл

Оқып түсініңіз, айтып үйреніңіз.

- Қай уақытта ұйқыдан тұрасыз?

- Таңертеңгі сағат 7-де.

- Қай уақытта ұйықтауға жатасыз?

- Түнгі сағат 11 шамасында.

- Жылдың қай мезгілінде демаласыз?

- Жазда (күзде, күз мезгілінде...).

- Дәріс қай күндері болады?

- Сәрсенбіде, жұмада...

- Қашан жол жүресіз?

- Келесі аптада (келесі айда, бір аптадан кейін...).

- Қай кезде кездесеміз?

- Түс кезінде (таңертең, ымырт кезінде...).

Тапсырмалар:

  1. Мәтінді оқып, аударыңыз.

  2. Сұрау есімдіктерін оқып, орыс тіліне аударыңыз. Есте сақтаңыз.

Кіммен? Қандай? Қанша? Қалай? Қай? Кім? Не? Қайда? Нені? Қашан?

  1. Мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңыз. Төл дыбыстардың айтылуына назар аударыңыз.

  2. Мәтін негізінде түйіндеме құрастырып, сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтаңыз.

5. Уақыт, мезгілге байланысты сөз тіркестерін сөйлесімде қолданыңыз: тал түс, түс ауа, ымырт, келесі аптада, келесі айда, сәуірде, ұзақ уақытқа, түс кезінде, ақшам кезінде.

Шағын мәтін: Халықтың уақытты анықтау белгілері

Мезгіл уақыттың белгілі бір сәтін ғана айқындайды. Мысалы: елең-алаң, түс, кеш, түн ортасы, т.б. «Қыс, көктем, жаз, күз» мезгіл өлшемдеріне жатады.

Мерзім өлшемдері: бір сәт, қас-қағым, «ә» дегенше (1 секунд), сүт пісірім ( 5-10 мин.), бие сауым (1,5 сағат), ет пісірім (2.5 – 3 сағат), апта (7 күн), тоқсан (3 ай), мүшел (12 жас).

Күн санау. Ай санау. Ежелгі астрономиялық есепте әр айға сәйкес келетін жұлдыз аттары да бар. Мұны «жұлдыз», «ай» деп те атайды. Сол сияқты «рамазан айы» деген де бар. Бұл қазақша жеке ай аты емес, ораза айы осылай аталады.

Жұлдыз, айлар немесе шоқжұлдыздар: тоқты, торпақ, егіздер, шаян, бикеш, арыстан, таразы, бүйі, мерген, ешкімүйіз, суқұйғыш, балықтар.

Тапсырмалар:

1. Мәтінді оқып, аударыңыз. Әр сөздегі ерекше дыбыстарға көңіл бөліңіз.

2. Мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңыз. Төл дыбыстардың айтылуына назар аударыңыз.

3.Мәтін негізінде түйіндеме құрастырып, сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтаңыз.

4.Мәтіндегі сөйлемдердің түрлерін анықтаңыз. Мына сөздерге фонетикалық талдау жасаңыз: тіл, құрал, мемлекет, негізгі, мәдениет.

5.Уақыт, мезгілге байланысты сөз тіркестерін сөйлесімде қолданыңыз: тал түс, түс ауа, ымырт, келесі аптада, келесі айда, сәуірде, ұзақ уақытқа, түс кезінде, ақшам кезінде.

6. Халықтың уақытты анықтау белгілері туралы айтыңыз.

Мәтін: Менің күн тәртібім

Мен әр күніме жоспар жасағанды дұрыс көремін. Күнде кешке бүгінгі күніме есеп беруге тырысамын. Атқарылмаған жұмыстарды ертеңгі күнге, не ретіне қарай басқа күнге ауыстырамын.

Өзім күнде таңертең ерте тұрғанды жақсы көремін. Сағат жетіде тұрамын. Жуынамын, жаттығу жасаймын, таңғы ас ішемін. Жұмысым сағат 9-да басталады. Үйден сегіз жарымда шығамын. Сағат 13-00-ден 14-00-ге дейін үзіліс. Бұл кезде мен асханаға түскі ас ішуге барамын. Түстен кейін жұмыс қайта басталады. Мен банкте қызмет жасағандықтан, бір жерде отыруға тура келеді. Компьютермен жұмыс істейміз. Адамдар көп келеді. Мүмкіндік болса, арасында 10-15 минут үзіліс жасауға тырысамын. Кофе немесе шай ішемін. Сағат 18-00-де жұмыс аяқталады. Жұмыстан соң дүкенге соғамын. Үйге сағат 19-00-де келемін. Кешкі ас дайындаймын, отбасыммен бірге кешкі ас ішеміз. Одан кейін демаламын, теледидар көремін, музыка тыңдаймын, газет-журнал оқимын, демалыс күндері кітап оқимын.

Тапсырмалар:

  1. Мәтіндегі өзіңізге таныс емес сөздерді теріп жазыңыз, сөздікпен аударыңыз.

  2. Мәтінді оқып, мазмұнын түсініңіз.

  3. Осы мәтінге қарап өзіңіздің күн тәртібіңізді дәптерге жазыңыз.

  4. Досыңыздан оның күн тәртібі туралы сұраңыз. Сұрақтарды дәптерге жазыңыз.

  5. Сөйлесімде мезгіл, уақытқа байланысты сөздерді және сөз тіркестерін пайдаланыңыз.

  1. Осы шақ формасындағы етістіктерді табыңыз.

  2. Сұрақтарға жауап беріңіз.

Сіз таңертең нешеде тұрасыз?

Сіз сабаққа нешеде барасыз?

Сіз сабақта нешеге дейін боласыз?

Сіз түскі үзіліске нешеде шығасыз?

8. Берілген сөздерден сөйлем құраңыз.

а) күні, демалыс, ертең.

ә) қыдырамыз, күндері, саябақта, кей.

б) жақсы көремін, қойылымдарды, мен, қазақша.

г) тұрамын, мен, ерте, ертең.

9. Қазақ тілінің қандай ерекшеліктері бар? Мысалдар айтыңыз.

10. «Менің күнім» тақырыбына шығарма жазыңыз.

11. Бір күніңіздің жоспарын құрыңыз.

ІҮ модульдегі грамматикалық тақырыптарға глоссарий.

1.

Етістіктің болымсыз түрі

Отрица

тельная форма глагола

Етістік категориясындағы болымдылық пен болымсыздық істің, қимылдың, әрекеттің болу-болмауына байланысты болады. Істің болғанын, болатынын я болып жатқанын көрсететін қалып болымды, реалдық қалып болады, ал, керісінше, істің болмағанын я болмайтынын білдіретін қалып болымсыз, реалсыз қалып болады. Болымсыз түрі негіз етістікке –ма/-ме, -ба/-бе, -па/-пе жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалады.

Положительная форма глагола показывает, что действие совершено, совершается или будет совершаться, отрицательная форма наоборот показывает, что действие не совершено или не будет совершаться.

кел+ме

бар+ма

кес+пе

2.

Үстеу

Наречие

Қимылдың, іс-әрекеттің әр түрлі белгісін, атап айтқанда сынын, мезгілін, мекенін, мөлшерін, күй жайын білдіретін сөздерді үстеу деп атаймыз. Наречие-самостоятельная неизменяемая часть речи, обозначающая признак действия или признак качества предмета.

кеше ақырын тез

3.

Үстеулердің түрлері

Разряды наречии

мекен үстеу (места) қайда? қайдан?

мезгіл үстеу (времени) қашан? қашаннан?

сын-бейне устеу (степени и образа действия) қалай? қалайша?

мақсат үстеу (цель) неге? не мақсатпен?

себеп үстеу (причины) неге? неліктен?

мөлшер үстеу (количества и меры) қаншалықты?

астында

ертең

зорға

оқу үшін

білгелі

талай рет

Негізгі әдебиет: 1. [1.7. 5] 2 [1.7. 27]

Қосымша әдебиет:1. [1.7. 8] 2. [1.7. 27]. 3. [1.7. 15] 4.[1.7.20]