Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК каз яз.doc
Скачиваний:
100
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
1.96 Mб
Скачать

Тапсырмалар:

1. Мәтіндердің материалдарын пайдаланып, сұрақтарға жауап беріңіз.

2. Әр қызыл жолға түйіндеме жазып, мәтіннің мазмұнын айтыңыз.

3. Қарамен берілген сөздермен сөйлем құраңыз.

4. Қазақстанның бір қаласына саяхатқа барыңыз, танысырыңыз.

5. Мәтіннен есімдіктерді тауып, түрін анықтаңыз.

6. Мәтіндерді мазмұндап беріңіз.

7. «Мен тұратын қала» деген тақырыпта әңгіме-сұхбат құрыңыздар. Бір-біріңізді толықтырыңыздар.

*Тақырыпты бекіту үшін бақылау жұмысы алынады.

Хіі модульдегі грамматикалық тақырыптар

Жіктеу есімдіктерінің септелуі. Жеке түрі (Склонение личных местоимений в единственном числе)

Септіктер (Падежи)

І жақ

(І лицо)

ІІ жақ

(ІІ лицо)

ІІІ жақ

(ІІІ лицо)

Атау

(Именительный)

Мен

(Я)

Сен (Ты)

Сіз (Вы)

Ол

(Он)

Ілік

(Родительный)

Менің

(Мой)

Сенің (Твой)

Сіздің (Ваш)

Оның

(Его)

Барыс

(Дательно-направительный)

Маған

(Мне)

Саған (Тебе)

Сізге (Вам)

Оған

(Ему)

Табыс

(Винительный)

Мені

(Меня)

Сені (Тебя)

Сізді (Вас)

Оны

(Его)

Жатыс

(Местный)

Менде

(У меня)

Сенде (У тебя)

Сізде (У вас)

Онда

(У него)

Шығыс

(Исходный)

Менен

(От меня)

Сенен (От тебя)

Сізден (От вас)

Онан

(От него)

Көмектес (Творительный)

Менімен

(Со мной)

Сенімен (С тобой)

Сізбен (С вами)

Онымен

(С ним)

Жіктеу есімдіктерінің септелуі. Көпше түрі (Склонение личных местоимений во множественном числе)

Септіктер (Падежи)

І жақ

(І лицо)

ІІ жақ

(ІІ лицо)

ІІІ жақ

(ІІІ лицо)

Атау

(Именительный)

Біз

(Мы)

Сендер (Вы)

Сіздер (ВЫ)

Олар

(Они)

Ілік

(Родительный)

Біздің

(Наш)

Сендердің (Ваш)

Сіздердің (Ваш)

Олардың

(Их)

Барыс

(Дательно-направительный)

Бізге

(Нам)

Сендерге (Вам)

Сіздерге (Вас)

Оларға

(Им)

Табыс

(Винительный)

Бізді

(Нас)

Сендерді (Вас)

Сіздерді (Вас)

Оларды

(Их)

Жатыс

(Местный)

Бізде

(У нас)

Сендерде (У вас)

Сіздерде (У вас)

Оларда

(У них)

Шығыс

(Исходный)

Бізден

(От нас)

Сендерден (От вас)

Сіздерден (От вас)

Олардан

(От них)

Көмектес (Творительный)

Бізден

(С нами)

Сендермен (С вами)

Сіздерден (С вами)

Олармен

(С ними)

Негізгі әдебиет: 1. [1.7. 5] 2 [1.7. 27]

Қосымша әдебиет:1. [1.7. 8] 2. [1.7. 27]. 3. [1.7. 15] 4.[1.7.20]

ХІІ модуль. Жері байдың елі бай жалғасы.

ХІІІ-ХІҮ апта. 37-42 - кредит-сағат.

кредит-сағаттар

Тақырыпшалар

лексикалық минимум

Грамматика

13-14 апта

Қазақстанның экологиялық жағдайы

Қазақстан жануарлар әлемінде

Өсімдіктер әлемінде

Табиғат сырттай саяхат

Сұхбаттар

Бақылау жұмысы

Қазақстан экологиясы

Адамдардың тіршілік етуіне қолайлы және қолайсыз аудандардың болуы табиғат жағдайларымен байланысты. Табиғат жағдайларынан басқа адам әрекетінен болған табиғи ортаның өзгерістері де адам тіршілігіне әсер етеді. Бұл соңғы экологиялық жағдайларға байланысты. Республика территориясын бірнеше экологиялық аудандар тобына бөлуге болады:

Экологиялық жағдайы нашар аудандар.

Экологиялық жағдайы орташа аудандар.

Экологиялық жағдайы салыстырмалы түрде жақсы аудандар.

Экологиялық жағдайы нашар аудандарға - мұнай - газ өндірілетін және металлургия, көмір-кен орындары, өнеркәсіптік қалалар, Арал маңы, ядролық полигон аймағы енеді. Экологиялық аудандардың екінші тобына ауылшаруашылықты аудандар жатады. Мұндағы табиғат өзгерістері: су, жер ресурстарының дұрыс пайдаланылмағандығының нәтижесінде болған.

Экологиялық жағдайы басқаларымен салыстырғанда, қолайлы аудандарға табиғат ландшафтары өзгеріске түскен, негізінен орманды дала мен таулы аймақтар жатады. Қазақстанда тез шешуді қажет ететін мәселердің бірі – Арал теңізі экологиялық жағдайы.

Бұл мәселенің тууына басты себеп болған – адам әрекеті. Аралға құятын ең ірі өзен – Амудария мен Сырдария суын теңізге жеткізбей, түгелдей дерлік егістіктерді суландыруға пайдалану. Бұл - теңіз суының тартылуына әкеп соқты. Теңіз жағалауындағы тоғай, жануарлар дүниесі жойылып, бүгінде теңіз айналасы тіршілік жоқ, құмды, сортаң шөлге айналды. Бұл өзгерістер өз кезегінде сол аймақ тұрғындарының денсаулығына кері әсерін тигізді.