Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК каз яз.doc
Скачиваний:
100
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
1.96 Mб
Скачать

Ііі модульдегі грамматикалық тақырыптарға глоссарий.

Грамматикалық түсініктеме

Грамматические понятия

Мазмұны /Содержание

Мысалдар

Примеры

1

Жұрнақтар

Суффиксы

Сөз тудырушы жұрнақ өзінің жалғанған сөзінен жаңа мағыналы сөз туғызады.

(С помощью словообразующих суффиксов образуются новые слова с новым лексическим значением.)

Форма тудырушы жұрнақ өзі жалғанған сөзге сәл де болса жаңа мағына үстейді, бірақ негізгі лексикалық мағынасын өзгертпейді.

(Формаобразующие суффиксы отличаются тем, что они не образуют слов с новым лексическим значением, а придают несколько другие значения, оттенок.)

біл+ім

оқу+шы

кел+ме

бар+ма

2

Зат есім

Имя существительное

Кім? не? деген сұрақтарға жауап береді. Мағынасына қарай жалпы және жалқы (нарицательные и собственные), нақты және абстракты (конкретные и отвлеченные), жинақтау (собирательные), жіктеме (предметно-вещественные) есімдер болып бөлінеді.

адам

немере

бауыр

3

Зат есім тудыратын есім жұрнақтары

Именные суффиксы для образования имен существительных

-лық/-лік, -дық/-дік, -тық/-тік;

-шы/-ші, -ша/-ше, -шық/шік;

-қ/-к;

-тас/-тес;

-шылық/-шілік;

-хана.

әділ+дік

бас+шы

тара+қ

курс+тас

бас+шылық

4

Сын есім тудыратын жұрнақтар

Суффиксы для образования имен прилагательных

-лы/-лі, -ды/-ді, -ты/-ті;

-сыз/-сіз;

-лық/-лік, -дық/дік, -тық/-тік;

-ғы/-гі, -қы/-кі;

-шаң/шең.

орман+ды

бала+сыз

қала+лық

қыс+қы

сөз+шең

5

Етістік

Глагол

Тіліміздегі заттардың қимыл-әрекетін, жай-күйін білдіретін сөздер етістік деп аталады. Олар не істеді? не қылды? деген сұрауларға жауап береді.

(Глаголами называются слова, обозначающие действия или состояния лица, а также предмета и отвечающие на вопросы что делать? что сделать?)

оқимыз

түсінеміз

аудара-мыз

6

Етістік тудыратын жұрнақтар

Глагольные суффиксы

-ла/-ле, -да/-де, -та/-те;

-лас/-лес, -дас/-дес, -тас/тес,

-а/-е;

-ра/-ре;

-ыл/-іл/-л;

шеге+ле

дос+тас

сан+а

күркі+ре

Негізгі әдебиет: 1. [1.7. 5] 2 [1.7. 27]

Қосымша әдебиет:1. [1.7. 8] 2. [1.7. 27]. 3. [1.7. 15] 4.[1.7.20]

ІV МОДУЛЬ. Уақыт алтыннан қымбат.

VІІ-VІІІ апта. 19-24 кредит-сағат.

кредит-сағаттар

тақырыпшалар

лексикалық минимум

грамматика

7-8

апта

Сұхбат-мәтін: Уақыт. Мезгіл. Қалаға келу.

уақыт, кез, мезгіл, шақ,жаз мезгілінде, қыс мезгілінде,балалық шақ, жастық шақ, түс кезі, қолым бос кезде,

бір айға, көп уақытқа, екі ай, қараша айында желтоқсанның бірінші аптасында, үш айға, екі айға жуық, келесі аптада,5.10.08ж. (қазанның бесінде)

Етістік туралы түсінік. Етістік санаттары

Шағын мәтін:

Бүгінге, келесі күні, алтыншы жұлдызына, алдыңғы аптада, келер жылы, бүрсігүні,ұзақ уақытқа, ымырт кезі, ақшам кезі, тал түс, жарым сағат, түс ауа

Үстеу

Жұмыс күні. Тәулік. Апта.

Қашан, қай уақытта кездесесіз?

Қашан, қай уақытта кездесеміз?

Мәтін: Тірек сызбанұсқа.

Сызбанұсқалы сұхбат-мәтін:

елең-алаң, түн ортасы, «рамазан айы», мүшел (12 жас). бір сәт, қас-қағым, «ә» дегенше (1 секунд), сүт пісірім ( 5-10 мин.), бие сауым (1,5 сағат), ет пісірім (2.5 – 3 сағат).

Үстеудің түрлері

Сұхбаттасу

есеп беру, ретіне қарай, жуынамын,

жаттығу жасаймын,

түстен кейін,

өңір, жел соғады,

ықтимал,

жауын-шашын.

Үстеудің түрлері

Бақылау жұмысы

Қайталау

Сұхбат-мәтін: Кез. Мезгіл. Шақ

  • Дәулет, бірнеше сұрағым бар. Жауап бересің бе?

  • Қиын болмаса, жауап беруге тырысайын.

  • Мен уақыт, кез, мезгіл, шақ деген сөздерді дұрыс қолдануды білмеймін. Түсіндіресің бе?

  • Әрине. Қай уақытта ұйықтауға жатасың?

  • Кешкі сағат 12 шамасында.

  • Қай мезгілде демалысқа шығасың?

  • Жаз мезгілінде немесе қыс мезгілінде.

  • Жарайды. Енді мына сұхбатқа назар аударыңыз. Мен сұрақ қоямын. Ол жауап береді. Тыңдаңыз.

  • Қай шақты есіңізге көп аласыз?

  • Балалық шақты. Жастық шақты.

  • Қай кезде теледидар көресің?

  • Түс кезінде. (Қолым бос кезде).

  • Енді түсіндің бе?

  • Рахмет. Түсіндім.

Сұхбат-мәтін: Ардақтың қалаға келуі

  • Ардақ, сен қалаға бір айға келдің бе?

  • Жоқ, мен көп уақытқа келдім.

  • Ал, Қарқаралы ауданында қанша уақыт боласың?

  • Қарқаралыда екі ай боламын. Керемет табиғатты тамашаламақпын.

  • Сен Балқаш қаласына қашан барасың?

  • Мен Балқаш қаласына қараша айында барамын.

  • Қашан келесің?

  • Желтоқсанның бірінші аптасында.

  • Сонда үш айға барасың ба?

  • Жоқ, екі айға жуық болмақпын.

  • Келесі аптада не істейсің?

  • Келесі аптада осы қалада боламын.

  • Теміртау қаласында боласың ба?

  • Теміртау қаласында 5.10.08ж. (қазанның бесінде) боламын ...

Тапсырмалар:

  1. Сөздік минимумды тыңдаңыз, оқыңыз, жазыңыз.

  1. Жаңа сөздерді дұрыс оқып, жаттығыңыз.

  1. Сұхбатты рольге бөліп оқыңыз.

  2. Қашан? Қай уақытта? Қай шақта? Қай мезгілде? деген сұрақтарға жауап беретін сөздерді теріп жазыңыз. Сөз құрамына талдаңыз.

Тірек сызбанұсқа.

Қашан болады? Қай күндері? Қай уақытта? Қай кезде?

таңертең

түстен кейін

дүйсенбіде

сейсенбіде

жұмада

бейсенбі

сәрсенбі

келесі аптада

келесі айда

келесі күні

бүгінге

сәуірдің он бесіне

желтоқсанның он

алтыншы жұлдызына

алдыңғы аптада

келер жылы

бүрсігүні

он айға барамын

екі жұмаға барамын

бір жылға барамын

жеті күнге

бір аптаға

ұзақ уақытқа

таңертеңгі кез

түс кезі

ақшам кезі

ымырт кезі

Сызбанұсқалы сұхбат-мәтін: Қашан, қай уақытта кездесесіз?

1.

- сағат қанша? тал түс

Сағат үш. түс ауа

Сағат нешеде шығамыз? ымырт

- жарты сағаттан кейін. жарым сағат

2.

- Қай күні жүресің? жарты сағат

- Сәрсенбі күні. 2 (-ге) бір минут қалды

- Үйге қашан келесің? 4 (-тен) кетті

- Сенбі күні. 1 (-ден) 15 минут кетті

3.

- Поезд қай уақытта жүреді? 3 (-ке) 20 минут қалды

- Поезд аз цуақыттан кейін жүреді. жеті

- Аялдамада қанша уақыт тұрады? 10 (-нан) бірге дейін

- Ұзақ тұрады. бүгін

4. ертең

- Қай кезде жолығамыз? кешке

- Түс кезінде. ымырт

- Кітапханаға қай кезде барамыз? қыс

- Ақшам кезінде барамыз. кеш

Тапсырмалар:

    1. Мезгіл үстеулерді дәптерге жазыңыз. Ерекше дыбыстарға көңіл аударыңыз. Орыс тіліндегі баламасын табыңыз.

    2. Сан есімдердің жазылуын есте сақтаңыз.

    3. Сызбанұсқалы сұхбат-мәтіндегі сұрақтарға дұрыс жауап беріңіз.

    4. Досыңызбен сұхбаттасыңыз. Мәтіндегі сөйлемдерді пайдаланыңыз.

    5. Көп нүктенің орнына дұрыс нысанды қойыңыз:

Сағат ______ поезд келеді. Поезд ____ кейін жүреді. Екеуміз____ кездесеміз. Кітапханаға _______ барамыз. Қазір сағат ________ .

Мәтін: Жұмыс күні

Бүгін Сәуле сағат 6 (-дан) кеткенде тұрды. Ол жуынды, таранды, жаттығу жасады, төсегін жинады. Сағат 7 (ден) 30 минут кеткенде таңертеңгі асқа отырды. Сағат 8 (-де) үйден шықты. Аялдамаға сағат 8 (-ден) 15 минут кеткенде келіп, университетке дейін 20 минутта жетті.

Сағат 9 (-ға) 25 минут қалғанда, университетке келді. Ол сағат 9 (-да) интернет залына кірді. Бір жарым сағаттан кейін ол кітапханаға барды. Кітапханада сағат оннан бірге дейін жұмыс істеп, түстен кейін сабаққа кетті.

Тапсырмалар:

  1. Мәтінді оқыңыз.

  2. Мәтіндегі уақыт, мезгілді білдіретін сөздерді теріп, сан есімдерді сөзбен жазыңыз.

  3. Сұрақтарға жауап беріңіз.

4. Сөйлемдерді толықтырыңыз.

Бізде сабақ сағат ________ басталып, сағат ________ аяқталады.

Асхана ___________ жұмыс істейді.

Мен _________ оқу залына барамын.

Қазір сағат _________ .

5.Сөйлесіңіз. Түрлі нысандарды қолданыңыз.

6.Есте қалған мезгіл, уақытқа байланысты сөздерді жатқа жазыңыз.

7. Мына сөздік минимумды пайдаланып, төмендегі үлгі бойынша күн тәртібіңізді жазыңыз: тұру, жуыну, киіну, сабаққа бару, сабақтың басталуы, сабақ, түскі ас, оқу залында, СОӨЖ, үйге қайту, демалу, қыдыру, бос уақыт, кешкі ас, ұйқыға жату.