Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК каз яз.doc
Скачиваний:
100
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
1.96 Mб
Скачать

Визитка үлгісі

НәтижеАРТ

«Нәтиже АРТ» шығармашылық тобы

Тойбекова Асыл

Өндіріс және өткізу менеджері

тел/факс: 8 (3212) 43 29 41

үй тел. 8 (7212) 50 99 22

е-mаіl: АРТ grооpе@tор mаіl. kz

Тапсырмалар:

    1. Бірнеше визитка үлгілерін жасаңыз.

    2. Өз визиткаңызды жасап, достарыңызға беріңіз.

Мекенжай үлгісі

470000

Қазақстан Республикасы

Қарағанды облысы

Қарқаралы ауданы

Жамбыл атындағы ауыл

Мектеп көшесі, 21-үй, 2-пәтер.

Ахметов Алмас Серікұлы.

Тапсырмалар:

1. Өз тобыңыздағы достарыңыздың мекенжайын жазып алыңыз.

2. Олардың жазылуына көңіл аударыңыз.

3. Облыс, қала, аудан, ауыл аттарын теріп жазыңыз.

4. Картадан олардың орналасуын қараңыз. Біліп алыңыз.

5. Жалқы есімдердің жазылуына көңіл бөліңіз. Глоссариймен танысыңыз.

Шағын мәтін: Біздің үй

Біздің үй қаланың орталығында Бұқар жырау даңғылында орналасқан. Бес қабатты, үлкен үй. Үйдің ауласы кең және таза. Онда балаларға арналған ойын алаңдары бар. Сонымен қатар аулада биік ағаштар өсіп тұр. Үйдің алдында түрлі гүлдер отырғызылған. Бос уақытта балалар алаңда ойнайды, демалады, қыста сырғанақ тебеді. Аулада демалып отыру үшін орындықтар қойылған. Бұл жерде демалып, немерелерін ойнатып отырған ата-әжелерді көресің. Аулада үнемі көңілді.

Менің пәтерім

Менің пәтерім екінші қабатта. Ол төрт бөлмелі. Үйге кіргенде оң жақта үш бөлме бар. Олар: асхана, жуынатын бөлме және жатын бөлме. Ал сол жақта балалар бөлмесі мен демалыс бөлмесі бар. Ал тура жүргенде қонақ бөлмесі орналасқан. Оның көрінісі мынадай:

Демалыс бөлмесі

Қонақ бөлмесі

Жатын бөлме

Балалар бөлмесі

Асхана

Жуынатын бөлме

Сұхбат-мәтін.

Үй жиһаздары мен тұрмыстық заттар

  • Сенің бөлмеңде не бар?

  • Менің бөлмемде көп зат бар. Мұнда шкаф, үстел мен екі орындық, кереует және кітап сөресі бар. Үстелдің үстінде компьютер тұр. Қабырғада сурет ілулі тұр.

  • Сен гүл өсіресің бе?

  • Иә, терезенің алдында гүлдер өсіп тұр.

  • Ал, балалар бөлмесінде не бар?

  • Балалар бөлмесінде кереует, еденде төсеніш, ойыншықтар сөресі бар.

  • Сенің үйіңде қандай тұрмыстық заттар бар?

  • Біздің үйде тоңазытқыш, үстел, орындық, киім ілгіш, ас үй жиһазы, айна, кір жуғыш машина, көрпе-төсектер, сандық бар.

Тапсырмалар:

      1. Жаңа сөздерді тыңдаңыз, оқыңыз, айтып жаттығыңыз.

      2. Оқытушының айтуымен жатқа жазыңыз.

      3. Шағын мәтінді тыңдаңыз.

      4. Мәтінді мәнерлеп оқыңыз.

      5. Мәтін бойынша сұрақ-жауап құрастырыңыз.

      6. Қарамен жазылған сөздерді сөз құрамына талдаңыз.

      7. Өз үйіңіз, пәтеріңіз, бөлмеңіз туралы айтыңыз.

Мәтін: Киіз үй

Киіз үй – ерте заманнан келе жатқан қазақ халқының баспанасы. Көшіп-қонуға арналып жасалған. Оны жинап, ат пен түйеге артып көшетін болған. Киіз үйдің негізгі қаңқалары: кереге, сықырлауық, уық, шаңырақ. Оларды киіз үйдің сүйектері дейді. Киіз үй төрт қанат, алты қанат, сегіз қанат, он екі қанат болып бөлінеді (Электронды суреттегі киіз үй бойынша қарастырыңдар). Киіз үй шаңырақ, күлдіреуіш, жерқағар, түндік, желбау, уық, кереге, торкөз, басқұр, тіреуіш, бақан, киіз есік, ағаш есік, суағардан тұрады.

Тапсырмалар:

        1. Сөздік минимуммен танысыңыз: тыңдаңыз, оқыңыз, айтып жаттығыңыз, жазыңыз.

        2. Суреттегі киіз үймен танысыңыз. Киіз үйдің құрылысын қараңыз.

        3. Киіз үй құрылысындағы кездесетін жалқы есімдердің мағынасына оқытушының көмегімен талдау жасаңыз.

        4. Жалқы есімдерді дәптерге жазыңыз. Жазылуына көңіл аударыңыз.

        5. Мәтінді мәнерлеп оқыңыз. Түсініңіз.

        6. Сұрақ-жауап құрастырыңыз.