Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК каз яз.doc
Скачиваний:
100
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
1.96 Mб
Скачать

Қазақтың ұлттық киімдері

Қазақ халқының киім үлгілерінде табиғи ерекшеліктері бар. Қазақы киімнің барша сымбаты мен ою-өрнегінде, әрбір әшекейінде халқымыздың тарихының, ой дүниесінің қайталанбас көрінісі бар. Ол – біздің ұлттық мәдениетіміз.

Ұлттық киімдер: ішік, шапан, қамзол, көкірекше, бөрік, тақия, кимешек, сәукеле, тымақ, қалпақ, көйлек, мәсі, етік.

Айыр қалпақ – аса қымбат матамен тысталып, ішіне қалың мата салынып, сырылып тігілетін ер адамдардың бас киімі. Оны ертеде негізінен хан-сұлтандар салтанатқа киетін болған.

Сәукеле – ұзатылатын қыз киетін ғұрыптық киім. Оның төбесіне үкі тағылып, маңдайына жақұт қондырылады. Оның бағасы өте қымбат, жүз жылқыға дейін парапар болған. Сәукелені арнайы шеберлерге дайындаттырады.

Тымақ – Қазақта тымақтың түрлері көп, оның ең бағалысы түлкі тымақ. Оның маңдайы мен құлақтарының ішкі жағына түлкі терісі тігіледі де, сырты пүлішпен тысталады. Тымақтың төбесі шошақ болып келеді.

Бөрік – жеткіншектерден бастап ересек адамдарға дейін киетін бас киім. Оның етегін айналдыра тері тігіледі. Бөріктің түрлері: шошақ бөрік, үкілі бөрік, кәмшат бөрік.

Тақия. Қазақта тақияның түрі көп. Соның ішінде аса сәндісі, көркемі – бүлдіршін қыздар киетін үкілі тақия.

Қамзол – шапанға қарағанда ықшам, қысқа, көбінесе жеңсіз немесе қысқа жеңді болып келетін әйелдің сырт киімі.Өңірі мен етегі түрлі өрнектермен кестеленеді.

Шапан – сырт киім. Ол да асыл матадан алтын жіппен зер салынып, өрнектеліп тігіледі. Оқалы шапанды ертеректе хан-сұлтандар, ауқатты адамдар киетін болған.

Ішік – сырты матамен тысталып, түрлі аңның терісінен жүнін ішіне қаратып тігілетін қысқы сырт киім.

Жаңа сөздер:

әшекей-украшение, узор

мата-материал для верхней одежды

салтанат-торжество

ұзату-отправлять невесту в аул жениха

жақұт-рубин

маңдай-лоб

сәнді-модно, нарядный

ықшам-удобный (короткий)

ауқатты-зажиточный, состоятельный

Тапсырмалар:

1. Мәтінді оқыңыз, аударыңыз.

2. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.

3. Мәтіндегі аталған ұлттық киімдерден басқа қандай ұлттық киім түрлерін білесіз?

4. Төмендегі сөздерден туынды сын есім жасаңыз.

Тау, аудан, бала, күзгі, қыс, қала, күш;

5. Көп нүктенің орнына тиісті сын есімді қойыңыз.

а) ақ, қара, қызыл, сары, көк, жасыл.

... көз, ... халат, ...алма, ...нан, ...көйлек, ...қарындаш, ...тақта, ...бор, ...сүт, ...гүл.

ә) үлкен, тар, биік, аласа, жалпақ, кең, жіңішке, әдемі, кішкентай, жеңіл, ауыр, ұзақ.

...бөлме, ...етік, ...көл, ...тау, ...қала, ...дүкен, ...өкше, ...тон, ...көйлек, ...жол, ...ағаш, ...түн, ...қыз.

6. Жағдаяттық тапсырма. Орталық әмбебап дүкенінен туысқаныңыздың мерейтойына сыйлық сатып алыңыз.

7. Ерлердің және әйелдердің ұлттық киімдерінің суреттерін қолданып, әңгімелеңіз.

Х модульдегі грамматикалық тақырыптар жалғасы

Сапалық сын есімдер заттың түр-түсін, сыр-сипатын, сапа белгісін білдіреді (Непроизводные (качественные) прилагательные выражают различные типы качества и признака предметов)

Заттың сапасы мен сыны (Качество и признак предмета)

Мысалдар (Примеры)

1. Түрі, түсі (цвет)

ақ (белый), қара (черный), қызыл (красный), сары (желтый), жасыл (зеленый)

2. Аумағы, салмағы (объем, величина)

үлкен (большой), кішкене (маленький), кең (широкий), тар (узкий), биік (высокий) қысқа (короткий)

3. Сипаты мен сапасы (характер или свойство)

жуас (смирный), тентек (озорный), сұлу (красивый), жалқау (ленивый), қатты (твердый)

4. Дәмі (вкус)

ащы (горький), тәтті (сладкий), дәмді (вкусный), тұщы (пресный), қышқыл (кислый)

5. Көлемі (форма)

домалақ (круглый), жалпақ (плоский), томпақ (выпуклый), қисық (кривой), түзу (ровный), сопақ (продолговатый), қырлы (граненный)

Қатыстық сын есімдер туынды сын есім болып табылады. Қатыстық сын есімдер зат есімдерге төмендегі жұрнақтар жалғану арқылы жасалады (Относительные прилагательные являются производными. Они образуется от имен существительных при помощи следующих суффиксов)

Жұрнақтар және олардың мағынасы (Суффиксы и их значение)

Негізгі түбір (Непроизводная основа)

Туынды сын есімдер (Производные прилагательные)

1. (-ды, -ді, -лы, -лі, -ты, -ті) бір заттың екінші затқа қатысын білдіреді (Указывает на отношение одного предмета к другому)

тау (гора)

күш (сила)

ен (ширина)

тау+лы (гористый)

күш+ті (сильный)

ен+ді (широкий)

2. (-дай, -дей, -тай, -тей) белгілі бір заттың сын-сипаты мен белгісін басқа бір заттың қатысы арқылы білдіреді (Указывает на качество предмета относительно другого предмета)

бала (ребенок)

сүт (молоко)

тас (камень)

бала+дай (как ребенок)

сүт+тей (как молоко)

тас+тай (как камень)

3. (-лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік) өзге тілдерден алынған сөздерден сын есім жасайды (Образуют прилагательные от слов заимствованных из русского языка)

аудан (район)

инженер (инженер)

коммунист (коммунист)

аудан+дық (районный)

инженер+лік (инженерный)

коммунист+тік (коммунистический)

4. (-сыз, -сіз) болымсыз сын есім (Отрицательные прилагательные)

бұлт (облако)

су (вода)

тіс (зуб)

бұлт+сыз (безоблачный)

су+сыз (безводный)

тіс+сіз (беззубый)

5. (-қы, -кі, -ғы, -гі) орынға немесе мезгілге қарым-қатынасын білдіреді (Указывает на отношение к месту или времени)

күз (осень)

жаз (лето)

қыс (зима)

көктем (весна)

шет (край)

күз+гі (осенний)

жаз+ғы (летний)

қыс+қы (зимний)

көктем+гі (весенний)

шет+кі (крайний)

Негізгі әдебиет: 1. [1.7. 5] 2 [1.7. 27]

Қосымша әдебиет:1. [1.7. 8] 2. [1.7. 27]. 3. [1.7. 15] 4.[1.7.20]

ХІ модуль. Отан оттан да ыстық.

VІІ-ҮІІІ апта. 19-24 - кредит-сағат.

кредит-сағаттар

Тақырыпшалар

лексикалық минимум

Грамматика

7-8

апта

Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан.

көкейкесті, дәйекті, әлеуметтік,

қамсыздандыру, нығайту, зейнетақы, насихаттау, мүгедектер.

Қазақстанның мемлекеттік рәміздері

Шыңға шыққан шаһар. Ән (Астана)

Қазақстан – 2030

Бақылау жұмысы