Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДНГЯ_Улбике апай (ж.т).doc
Скачиваний:
90
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
1.03 Mб
Скачать

3. Сенімхаттағы мәлімет ................ Баяндалады.

А) бірінші жақта

Ә) екінші жақта

Б) үшінші жақта

В) жасырын формада

Қ О Л Х А Т

47-тапсырма. Қолхат іс қағазы қалай жазылады, оның құрылымына не кіреді, оның тарихы қай кезден бастау алады деген тұрғыда берілген ақпаратпен танысып, мәтінді мазмұндаңыздар.

Қолхат– қағаз иесінің біреуден, не мекемеден бір затты (бағалы зат, құжат) алғандығын және оны белгілі бір мерзімде қайтарып беретіндігін міндеттеп көрсететін құжат.

Мұнда алынған заттың атауы, көлемі, саны, тізімі, т.б. беруші адамның аты-жөні, қызметі және заттың қайтарылу мерзімі толық көрсетіледі. Сандық белгілер жақша ішінде жазумен жазылады.

Соңынан қолхат берген адамның аты-жөні толық жазылып, күні, айы, жылы, қолы қойылады.

* * * * *

Көне түркі Орхон-Енисей ескерткіштері тілінде іс қағаздарының жеке түрлері кездеспегенімен, оларға тән тілдік бірліктер мен стильдік ерекшеліктер кездеседі. Ал VIII-XIII ғасырлардағы жазба ескерткіштерінен көне түркілік дәуірге тән іс қағаздарының үлгілерін кездестіруге болады. Оған көне түркі жазба ескерткіштерінен алынған материалдар дәлел бола алады.

Онда (ол ескерткіштерде): Қавсыду деген адамның бір күріні (күрі – өлшем атауы) алғандығы, оны күзде екі күрі етіп беретіндігі, ал бере алмай кешіктірсе, өсіммен беретіндігін, берешек адам қайтыс болған жағдайда, оның інісі Қасұқ туыстарымен бірлесе отырып қайтаратындығы жазылған. Мәтін соңында Қабан және Бөдөк есімді екі куәнің аты жазылып, мұны Қавсыдудың өзі жазғандығы және өзінің белгісін қойғандығы жазылады.

Бұл мәтінде жазылған қолхаттың қазіргі іс қағазының бір түрі ретінде қолданылып жүрген қолхаттан еш айырмашылығы жоқ. Тіпті белгісін (мөрін) соғып, өз қолымен жазғандығына дейін көрсетілгендігіне, куәлардың аттарына дейін жазылғандығына қарап, сонау түркі дәуірінің өзінде іс қағаздарына тән – заңдылық, дәлдік, құрылымдық, стильдік элементтердің бәрі бойынан табылатын құжаттардың болғандығына көз жеткізуге болады.

Құжатта егер қолхат иесі өзіне алынып отырған жауапкершілікті орындай алмай, қайтыс болған жағдайда бұл жауапкершілікті кімнің орындайтығына дейін көрсетілген. Құжатта куә, белгі, мөр, өзім жаздым деген мағынадағы сөздер қолданылған.

48-тапсырма. Мәтіннің бірінші мағыналық бөлігіне сұрақ-жауап құрастырыңыздар.

49-тапсырма. Мәтінге жоспар құрып, жоспар бойынша әңгімелеп беріңіздер.

50-тапсырма. Сөз және сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырыңыздар.

Қолхат беру, кепілақы, мерзімінде қайтару, қарызға алу, жауапкершілік, іс қағаздарының үлгілері, стильдік элементтер.

51-тапсырма. Қолхаттың үлгісімен танысыңыздар.

Қ О Л Х А Т

Ү л г і:

Мен, Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ Машина жасау институтының МФ-01-2қ. тобының студенті Досаев Абзал Қаржаубайұлы, Алматы қаласындағы Ұлттық кітапхананың сирек кітаптар қорынан Абай шығармаларының алғашқы басылымын 08.01.11 күні уақытша пайдалану үшін алдым. Кітапты бір айдың көлемінде 18.02.11 күні қайтарып беремін деп міндеттенемін. Жеке куәлігімнің № 136459896.

18.01.11 қолы_____________

А.Қ.Досаевтың қолын

Мөр басылады. растаймын

52-тапсырма. Берілген мәселелер бойынша қолхат жазыңыздар: қарызға ақша алу;

  • мекеменің автокөлігін уақытша пайдалануға алу;

  • жекеменшіктегі пәтерді уақытша пайдалану;

  • мекеменің бухгалтериясынан несие алу.

3-апта. 5-сабақ

53-тапсырма. Қазіргі іс қағаздары құрылымы бөліктерінің қалыптасу кезеңдерін сабақ барысында талқылаңыздар.

54-тапсырма. Мәтіннің мазмұнын тарихи деректерге сүйеніп толықтырыңыздар.

55-тапсырма. Мәтінмен мұқият танысып, мағынасын түсініп, мазмұндаңыздар.