Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДНГЯ_Улбике апай (ж.т).doc
Скачиваний:
90
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
1.03 Mб
Скачать

Жаңа түркі дәуіріндегі ресми іс қағаздары

XIV-XVII ғасырларда қазіргі Украина, Молдавия, Румынияларда қоныс теуіп, қауым (община) болып өмір сүріп, армян дінін қабылдап, қыпшақ тілінде сөйлеген этникалық топ тюркологияда «армян-қыпшақтар» деп аталып, олардың армян алфавитімен жазып қалдырған мұралары «армян-қыпшақ жазба ескерткіштері» деп аталып жүр, – деп жазады зерттеуші А.Н. Гарковец.

Алтын Орда жерінен бірте-бірте ығысып барған олар XV ғасырдың аяғында сол кездегі ең үлкен саяси және экономикалық орталық болып саналатын Львов және т.б. қалаларда топтасады. Львовта қыпшақ тілінде мектеп, баспахана болған, армян-қыпшақ-полякша сөздіктер, діни еңбектер, «Төре бітімі» деп аталатын заңдар жинағы болған.

Армян қыпшақтары тұрған жерлерінде түрлі кәсіптермен шұғылданады. Олардың арасында саудагерлер, дипломаттар, армян алфавитін қыпшақ тілінің заңдылығына негіздеп, жазу дәстүрін қалыптастырушылар да шыққан. Армян қыпшақтары өздері бағынышты болған Польша корольдігінің саяси-экономикалық өмірінде елеулі рөл атқарады. Олар өздерінің дербестігін, суверенитетін сақтау үшін көп күш салады. Ақырында 1496 жылы король армян қыпшақтарына өздерінің істерін өздерінің заңымен шешулеріне рұқсат етеді. Осыдан бастап қыпшақ тілінде көптеген аударма еңбектер пайда болады. Іс қағаздары, ресми құжаттар қыпшақ тілінде жүргізіледі.

Қыпшақ тілінде жазылған ресми құжаттары Львов қаласының әкімшілік сот орындарында поляк, украин, латын тілдеріндегі документтермен бірдей дәрежеде қабылданып, мемлекеттік ресми іс қағаздары жүргізілетін тіл дәрежесіне көтеріледі.

1572-1663 жылдарда түрлі іс қағаздары тіркеліп отырған қолжазба Киев архивінде сақталған. «Документтерде кеңсе қағаздары стиліне тән сөз оралымдары, әр документтің датасын, билердің аты-жөндері, текстердегі қайталаулар көптеп кездеседі. Сондықтан да бұл документтерді бір ғасыр бойы хатқа түскен, стилі қалыптасқан қыпшақ тілінің іс қағаздарының үлгісі ретінде бағалау керек», – деп жазылған.

Құжаттардың қашан, кімдердің жүргізгені жазылып отырған. Қауымның өзін-өзі басқаруының құрамында жыл сайын ағалар кеңесі сайлайтын судья-войт және армян заңын жетік білетін 12 адам болған. Ал акт кітабында армян соты қараған түрлі істер тіркеліп отырған. Олар: өтініш, қолхат, өсиет қағаз, түрлі келісімшарттар, төлем қағаздары, анықтамалар, кепілдік, куәлік, арыз, дүние мүліктің тізімі, ант ішу және түрлі құжаттардың көшірмелері.

140-тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.

  1. Армян-қыпшақ жазба ескерткіштері, – деп не аталады? 2. Армян-қыпшақ тобы қай жерлерде топтасқан? 3. Львовта нелер болған? 4. Армян қыпшақтары немен шұғылданған және олардың арасында кімдер болған? 5. Олар не үшін күш салған? 6. Қыпшақ тіліндегі еңбектер неге байланысты пайда болған? 7. Қыпшақ тілінде жазылған ресми құжаттар қандай дәрежеге дейін көтерілген? 8. Документтерде кеңсе қағаздары стиліне тән нелер кездеседі? 9. Акт кітабында тіркеліп отырған құжаттарды атаңыздар.

141-тапсырма. Мәтіннің мазмұнына жоспар құрып, жоспар бойынша әңгімелеп беріңіздер.

142-тапсырма. Мәтіннен алынған іс қағаздарына қатысты сөз және сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырыңыздар.

Өсиет қағаз, куәлік, дүние мүліктің тізімі, қолхат, анықтама, кепілдік, төлем қағаз, келісімшарт.

10-апта. 20-сабақ

143-тапсырма. Хаттамадан үзінді не үшін қажет, онда не қамтылады? Өзара ой бөлісіңіздер.

144-тапсырма. Хаттамадан үзіндіде хаттаманың қай бөліктері алынады? Пікір алмасыңыздар.

145-тапсырма. Хаттамадан үзінді туралы берілген мәліметпен танысып, хаттамадан үзінді жазуды меңгеріп алыңыздар.

Х а т т а м а д а н ү з і н д і

Кез келген құжаттың үзіндісі құжаттың толық мәтіні қажет болмай, тек құжатта жазылған бірнеше мәселенің ішінен біреуінің ғана көшірмесі қажет болған жағдайда немесе белгілі бір мәселенің мәжілісте қарастырылып, ол туралы қаулы қабылданғанын растайтын құжат талап етілгенде немесе құжаттың толық мазмұнын құпия ұстау қажет болғанда дайындалады.

Құжат үзіндісінде жазылған мәліметтің растығын, дұрыстығын дәлелдеу үшін, орыс тілінде «выписка верна» деп жазылып, жауапты қызметкердің қолы қойылып, мекеме мөрі басылады. Құжат үзіндісінің дұрыстығын, растығын дәлелдейтін жазба үзіндісі рас, үзіндісі заңды, үзіндісі дұрыс деп тағы басқа да нұсқада қолданылып жүр. Бұлардың ішінен үзіндісі дұрыс деген нұсқа іс қағаздары тілінде қолдануға ыңғайлы, құжаттың заңдылығын, дәлдігін растайтын жазба ұғымын бере алады. Құжаттың үзіндісі емес, көшірмесі берілген жағдайда көшірмесі дұрыс деп жазылады.

Хаттаманың үзіндісіне төмендегі мәліметтер кіреді:

    1. Мәжіліс өткізілетін ұйымның атауы;

    2. Құжаттың аты;

    3. Мәжілістің өткізілген орны мен күні;

    4. Күн тәртібінде қарастырылған бірнеше мәселенің тек сізге ғана

қатыстысы, сізге қажеті ғана көрсетіледі.

    1. Сізге қатысты мәселе туралы қабылданған қаулы;

    2. Төрағаның және хатшының қолы;

    3. Үзіндіні растайтын жазба;

    4. Мекеменің мөрі.

Аталған бөліктердің рәсімделу үлгісі хаттаманың рәсімделуімен бірдей. Мәжіліс өткізілген ұйымның атауы мен құжат аты көрсетіледі, бірақ құжаттың үзіндісінде хаттама деп емес, хаттамадан үзінді деп жазылады.

146-тапсырма. Хаттамадан үзінді құжатының үлгісімен танысыңыздар.

Ү л г і: