Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДНГЯ_Улбике апай (ж.т).doc
Скачиваний:
90
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
1.03 Mб
Скачать

Бұйрық-жарлық құжаттары

* * * * *

XIV ғасырда жазылған жарлықтар тілінің зерттелуі

Түркі тілдері, оның ішінде қазақ тілінің тарихы үшін де өте құнды деректердің бірі болып табылатын XIV ғасырда жазылған жарлықтар тілін зерттеуге арналған А.Ибатовтың «XVI ғасырдағы хандар жарлықтарының тілі» еңбегі де іс қағаздары тілінің қалыптасу кезеңін көрсететін, нақты материалдарға ғылыми талдау жасаған құнды зерттеу жұмысы. А.Ибатов: «Жарлықтар сан жағынан өте аз іс қағазы болғандықтан, көлемі жағынан да шағын болып келеді. Бірақ соған қарамай, онда қолданылған сөздер мен олардың неше алуан өзіндік ерекшеліктері – қазіргі тілдердің қалыптасып тұрақталу тарихын байыптап аңғару ісінде бірден-бір қажет материалдар», –

деп, жарлық мәтіндері тілінің қазіргі ресми іс қағаздары тілінің қалыптасу тарихын зерттеуге қажетті, құнды материал екендігін атап көрсетеді.

Қазіргі қазақ тілінде әмір, бұйрық, мағынасын беретін ресми іс қағазының бір түрінің атауы ретінде қолданылатын жарлық сөзі Орхон-Енисей жазба ескерткіштер тілінде йарлық формасында кездеседі. Ол осы күнгі жарлық сөзінен өзгеше емес.

XIV ғасырда жазылған хан жарлықтарын қазіргі қазақ іс қағаздары тілімен тікелей тарихи байланысы бар мұра ретінде қарастырады. Бұл жөнінде А. Ибатов: «Жарлықтар тексті болса, сол орта ғасыр жазба әдеби тілінің стильдік бір тармағы ретінде, іс қағаздарының стилімен жазылған мұралар қатарында танылуы қажет», – деп жазады.

XIV ғасырда жазылған хан жарлықтарынан бізге жеткені он шақты ғана. Жарлықтар бір бет көлемінде болып келеді. Зерттеуші А.Ибатовтың пікіріне сүйенсек, жарлық мәтіндерінде шамамен 350-дей түрі және туынды сөздер қолданылған. Ол сөздердің көпшілігі түркі тілдеріне тән сөздер болғандықтан, түркі тілдес ұлт өкілдері жарлықтардың мазмұнын қиындықсыз-ақ түсіне алады.

Жарлық мәтіндерінде түсініксіз сөздер де кездеседі. Олардың біразы монғол тілімен байланысты болса, біразы араб сөздері. Жарлық мәтіндерінде жер-су, кісі аттары жиі кездеседі.

XIV ғасырда іс қағаздарының әлі жеке іс қағазы болып қалыптаса қоймағандығы байқалады. Ондағы грамматикалық ерекшеліктер араласа беріліп отырған. Бірақ жарлықтың өзінде анықтамалық-ақпараттық құжаттарға тән ерекшелік – баяндауыштың ашық райда берілуі. Ал өкімдік құжаттарға тән ерекшелік – баяндауыштың бұйрық рай формасында келуі. Екіншіден, бұл құжаттарды құрылымына қарай куәлік, анықтама, бұйрық, жарлық деп бөлуге болса да, іс қағаздарын жүргізу мәдениетінің әлі қалыптаса қоймағандығынан, олардың бәрін жарлық деп атаған. Сол дәуірдегі Темір-Құтлұғ жарлығы мазмұны мен құрылымы жағынан қазіргі бұйрыққа жақын.

4-апта. 8-сабақ

69-тапсырма. Жарлық қандай жағдайда шығарылады, оның құрылымына не кіреді? Берілген ақпаратты меңгеріп алыңыздар.

Ж А Р Л Ы Қ

Жарлық– басқарудың шұғыл мәселелері бойынша шығарылатын құқықтық акт. Оған жұмыс орнындағы бірінші басшы қол қояды. Жарлықтың мәтіні бұйрықтағыдай құрамды бөліктерден тұрады. Оның мазмұны толық, дәл, анық болуы керек.

Жарлық бөлігі жеке жолға жазылған «БҰЫРАМЫН» деген сөзден басталады. Мәтіннің бұл бөлімінде орындалатын істер, оған жауапты адамдардың аты-жөні, лауазымы, іске асыру мерзімі көрсетіледі. Ол нөмірленген тармақтарға бөлінуі мүмкін. Әр тармақ үшінші жақ бұйрық райдың ырықсыз етіс тұлғасындағы етістіктерден (тапсырылсын, жариялансын, т.б.) және бұйрықты орындаушыны (лауазымды адамды немесе бөлімшені) көрсетуден басталады.

Орындауға жауаптылықты: «Бұйрықтың орындалуын бақылау (лауазымы, аты-жөні) «жүктелсін» деп көрсетіледі.

Жекеленген тапсырмалар бұйрыққа қосымша ретінде берілуі мүмкін және бұйрық мәтінінде оларға сілтеме қосымшаға сәйкес жасалуы тиіс. Егер қосымшалар бірнешеу болса, олардың әрқайсысы нөмірленеді.

Жарлық сөзінің мағынасы әмір беру, бұйыру, бұйрық беру сөздерінің мағынасына өте жақын. Көне замандағы хан, қаған жарлықтары да, қазіргі үкіметтің, президенттің жарлықтары да бір адамға немесе адамдар тобына ғана емес, көпшілік халыққа берілетін, жалпыхалықтық сипаттағы әмір, бұйрық.

Жарлықтың бұйрықтан негізгі айырмашылығының өзі – оның барлығына жарияланатын, барлығы орындауға, бағынуға, назарға алуға тиіс құжат екендігінде.

70-тапсырма. Жарлықтың үлгілерімен танысыңыздар.