Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДНГЯ_Улбике апай (ж.т).doc
Скачиваний:
90
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
1.03 Mб
Скачать

Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті

8 – 748 Б Ұ Й Р Ы Қ

25 Маусым 2011 жыл Күндізгі бөлімде ақылы негізде оқитын студентті оқудан шығару туралы

Бұйрықтың негізгі мазмұны өкілеттік бөлікте жазылады.Мысалы:

Машина жасау институтының ақылы негізде оқитын II курс студенті Жанайдаров Сәндібек Дәулетұлы жазғы сессияны тапсырмай, сабақтарды үлгермеуіне байланысты 01.07.2011 жылдан бастап университетте оқудан шығарылсын.

15.08.2009 жылғы № 487 келісімшарт бұзылсын. Келісімшарттың 3.4-тармағына сәйкес төленген ақша кері қайтарылмайды.

Жеке құрылым бойынша бұйрықтар кадрлар бөлімінде дайындалады. Онда мекеме жұмысшыларының атқаратын қызметіне байланысты қабылданған шешімдер орын алады.

Бұйрықтарда оның себептері көрсетіледі, мысалы:

  • басқа жұмысқа ауысуына байланысты;

  • кәсіпорынның өз жұмысын тоқтатуына байланысты;

  • өз өтініші бойынша;

  • ресми сапарға кетуіне байланысты;

  • бала күтімі үшін демалыс алуына байланысты;

  • айрықша жұмыс жағдайлары үшін және т.б.

Бұйрықтың түрлері:

1. Жыл бойы үздіксіз атқаратын жұмыстарға байланысты бұйрықтарұйым жұмысының жалпы тәртібін реттеу мақсатында шығарылады. Онда ұйымның күн тәртібі, жұмыс уақытының ұзақтығы, үнемі жұмыс істейтін комиссия құрамы, күзетті ұйымдастыру тәртібі, тексеру, бақылау тәртібі, т.б. белгіленеді.

Мұндай бұйрықтарға мекемедегі жыл бойғы жұмысқа байланысты толықтырулар енгізіліп отыруы мүмкін.

2. Күнделікті мәселелерге байланысты бұйрықтармекеме жұмысының күнделікті болып жататын мәселелеріне байланысты беріледі. Оған: жұмысқа қабылдау, жұмыстан босату, мекеме ішінде басқа жұмысқа ауыстыру, демалыс беру, іссапарға жіберу, т.б. жатады.

3. Төтенше жағдайларға байланысты бұйрықтар мекемеде күтпеген оқиға болған кездегі іс-әрекет, жұмыс тәртібін реттеу, оқиғаға байланысты түрлі шаралар белгілеу мақсатында беріледі.

4. Арнайы бұйрықтар көбінесе қаржы-экономикалық мәселелерге байланысты беріледі. Мысалы: жыл немесе тоқсан қорытындысы бойынша ақшалай сыйлықтар тағайындау; еңбегі сіңген қызметкерлерді құттықтау, мадақтау, марапаттау, көтермелеу, т.б.

210-тапсырма. Төмендегі жағдайларға байланысты бұйрық шығарыңыздар.

1. А. Асановты «Қуат» құрылыс компаниясына құрылысшы-инженер мамандығы бойынша жұмысқа қабылдау;

2. Университет ішінде және ауласында шылым шегуге тыйым салу туралы;

3. Ж. Досановты жатақханада тәртіпсіздік жасағаны үшін жатақханадан шығару туралы;

4. К. Мәдиеваны қысқы сессияны «5»-ке тапсырғаны үшін ақылы бөлімнен грантқа ауыстыру туралы.

5. Ж. Умархановқа белгілі себептерге байланысты оқу төлемақысына

30 % жеңілдік беру туралы.

211-тапсырма. Берілген сөз тіркестерін қазақ тіліне аударыңыздар.

О приеме на работу, в связи с уходом, в связи с переходом на другую работу, текст приказа, приказ по личному составу, испытательный срок, с двухнедельным испытательным сроком, приказ о приеме на работу, особые условия труда.

212-тапсырма. Сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыздар.

Өндірістік қажеттілік, еңбек тәртібін бұзу, себепсіз жұмыстан қалу, штаттық кестеге сәйкес, үстемақы тағайындау, жеке құрам бойынша бұйрық, негізгі қызмет бойынша міндеттерді шешу, мемлекеттік органдар.

213-тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Бұйрық қай құжат түріне жатады? 2. Бұйрықтың негізі қай кезден бастау алады? 3. Темір-Құтлұғ жарлығы мен бүгінгі іс қағаздарындағы бұйрықтың жасалу жолын түсіндіріңіздер. Бұйрықтың мәтіні неше бөліктен тұрады? 5. Бұйрықтың әр бөлігінде нақты не көрсетіледі? 6. Бұйрық қай бөлімде шығарылады? 7. Бұйрықтың қандай түрлерін білесіздер? 8. Бұйрықтың әр түріне тоқталыңыздар.

214-тапсырма. Бұйрықтың үлгілерімен танысыңыздар.

Б Ұ Й Р Ы Қ № 16

Ү л г і: