Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДНГЯ_Улбике апай (ж.т).doc
Скачиваний:
90
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
1.03 Mб
Скачать

Ресми іс қағаздары тілінің стилі

Жазба әдеби тіл – қоғамның, мемлекеттің ресми тілі болғандықтан, оның қызметі де, қолданылу аясы да барынша кең болады. Тіл – мемлекетте жүргізілетін іс қағаздарының, әдебиеттің, оқу-ағарту, тәрбие жұмыстарының, саясаттың, өнер-білімнің, бұқаралық-ақпарат құралдарының барлық салаларында қызмет атқарады. Осыған орай тілдің стильдік тармақтары пайда болады. Қазіргі қазақ әдеби тілінің мынандай стильдік тармақтары бар:

  1. Ресми іс қағаздары тілінің стилі;

  2. Публицистикалық стиль;

  3. Ғылыми-көпшілік әдебиет стилі;

  4. Көркем әдебиет стилі;

  5. Ауызекі сөйлеу тілінің стилі.

Ресми іс қағаздары тілінің стилі кейде: а) кеңсе стилі; ә) ресми стиль; б) іс қағаздары стилі деп те айтыла береді. Ресми іс қағаздары стилінің ерекшелігі – онда факті дәл көрсетіліп, бір ізбен, жүйелі, нақты, қысқа, нұсқа жазуға айрықша мән беріледі. Өйткені, іс қағаздары да, ресми құжаттар да ерекше қатынас жасау құралы болып саналады. Бұл стиль ел билеу, мемлекет жұмыстарын жүргізумен байланысты.

Ресми құжаттарда қоғамдық-саяси лексиканың, әкімшілік терминдердің қолданылуы басым келеді. Ресми стильге жататын мемлекеттік құжаттар жанр және мазмұн жағынан әр түрлі болып келгенімен, олардың барлығына ортақ жалпы сипаты болады: а) белгілі бір қалыптасқан үлгіде, баяндау түрінде жазылады; ә) лексика-фразеологиялық құрамы басқаша болып келеді; б) ойдың логикалық жүйелілігін сақтау мақсатымен сөйлем күрделі құрылады.

Іс қағаздары ресми түрде жазылуы керек, бірақ кейбір іс қағаздарында эмоционалды бояуы бар тілдік құралдар да қолданылады. Мысалы: халықаралық ұйымдар мен мекемелердің, белгілі қоғам қайраткерлерінің мүшел тойына арналған құттықтаулар. Құттықтау мәтіндерінде жігер, қуатқа толы жақсы тілектер айтылады, олар жылы сезіммен жазылады. Сондықтан онда эмоционалды бояулы сөздердің қолданылуы заңды.

Көптеген сөздер белгілі бір стильде болып, қолданылуы жағынан шектеліп отырады. Мысалы: тағайындалсын, міндеттелсін, осы анықтама берілді, мәселе көтеру, алғыс, сөгіс жариялау, бұйырамын, қаулы қабылдау және т.б. сөздер мен сөз тіркестері ресми іс қағаздары стиліне тән.

Ресми іс қағаздарында кейде бір заттың немесе ұғымның атауы қолданылу орнына қарай әр түрлі аталады. Мысалы: адам деген сөз:

  1. Ресми құжаттарда – азамат;

  2. Үйде – ата-ана;

  3. Телефон станциясында – абонент;

  4. Ательеде – заказ (тапсырыс) беруші;

  5. Шаштаразда – клиент;

  6. Ауруханада – науқас, емделуші;

  7. Санаторийде – демалушы, тынығушы, емделуші;

  8. Қоғамдық көлікте – жолаушы;

  9. Кітапханада – оқырман;

  10. Сауда орнында – тұтынушы;

  11. Қызмет орнында – маман, қызметкер, т.б. болып айтылады. Яғни, кез-келген адам күнделікті өмірде белгілі бір әлеуметтік рөлді атқарады.

Іс қағаздары белгілі бір форма бойынша жазылады. Ол форманың түрлі үлгілері болады. Іс қағаздарының үлгілеріне: өтініш, сенімхат, қолхат, анықтама, мінездеме, хабарландыру, акт, мәлімдеме, хаттама, шарт, міндеттеме, бұйрық, жарлық, қаулы, есеп, т.б. жатады.

Қатынас құралының бұл түрлері де күнделікті өмір қажеттілігінен туып, өз алдына орныққан бөлек жүйе болып саналады. Іс қағаздары бұрыннан қалыптасқан нақты үлгілер бойынша жазылады. Іс қағаздарын жазу – жаттығу, дағдылану арқылы меңгеріледі. Сөйлемнің баяндауышы ашық райда пайдаланылады, мысалы: қаралады, қолдануда, жүріп жатыр, ескертілді немесе бұйрық райда – орындалсын, шешілсін, келісілсін, жеткізілсін, қаралсын, шара қолданылсын, іске қосылсын сөздерінен тұрады.

Көнерген сөздер, диалектілер, қазіргі қазақ тілінде ескіріп, тілдік қолданыстан шығып қалған сөз тіркестері, сөздер қолданылмайды.

157-тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Жазба әдеби тілі мен ауызша сөйлеу тілінің айырмашылықтары неде? 2. Тіл қай салаларда қызмет атқарады? 3. Қазақ әдеби тілінде стильдің қандай тармақтары бар? 4. Ресми іс қағаздары стилінің ерекшелігін атаңыздар. 5. Бұл стиль немен байланысты болып келеді? 6. Ресми құжаттарда терминдер қолданыла ма? 7. Ресми стильге жататын мемлекеттік құжаттарға ортақ сипаттарды атаңыздар. 8. Іс қағаздарының үлгілерін атаңыздар.

158-тапсырма. Ресми іс қағаздары тілінің стиліне сұрақ-жауап құрастырыңыздар.

159-тапсырма. Төмендегі құжаттардың жазылу үлгісімен танысып, олардың стиліне назар аударыңыздар.