Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДНГЯ реферат.doc
Скачиваний:
9
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
136.19 Кб
Скачать

XIX ғасырдағы ресми іс-қағаздар тілі

XIX ғасырдың бірінші жартысы патшаүкіметініңҚазақстанжерін отарлау әрекетінің ең бір шешуші кезеңі болды.Қазақдаласының көптеген жеріРесей империясыныңқұрамына кірді. Ел басқару билігін патша өз қолына алды. Орта жүз бен Сібірді мекендеген қазақтар үшін1822жылы "Сібір қазақтарытуралыУстав" шығарылды. Бұл Устав1860жылға дейін күшінде болды.1831жылы Кіші жүз қазақтарын билеу үшін "Ел басқарудың дистанциялық системасы" деген құжат шығарылды.

Бұл кезенде қазақ даласында сот билігінің үш түрі болды.

  1. Тәуке ханның"Жеті жарғысы" негізінде соттап, жазалайтын билер соты.

  2. Ірі қылмыстар мен саяси қылмыстарды қарайтын Россия империялық сот системасы.

  3. Шариғат жолымен сот билігін жүргізу.

Қазақдаласында ел билеу, әкімшілік-сот істеріне қатысты көптеген жаңа атаулар пайда болды.

Хандар дәуірінде белгілі бір заңға сүйеніп салынатын мемлекеттік алым-салық дейтін жоқ болатын. Ата-баба дәстүріне сүйенген сый тарту, жол-жора түрлері болатын. 19 ғасырдың 30 жылдарынан бастап қазақ даласына мемлекеттік салық келді.

Қазақ даласындағы мұндай өзгерістер қоғам өмірінің барлық саласын қамтыды. Әлеуметтік топтардың ескілері ыдырап, жаңа түрлері пайда болды.

1822 жылғы Устав бойынша қазақ балаларына орыс мектептерінде оқуға право берілді, Орынбор, Омбы кадет корпустарында қазақ балалары оқи бастады. Бұл кезде қазақ даласында баспасөз, ана тіліндегі мектептер, таза қазақ тілінде кітап бастырып шығару ісі болмады.

XIX ғасырдағы қазақ тілінде жазылған іс қағаздары нұсқасының бірқатары

  1. 1807 жылғы 12 наурыз. Жағалбайлы руының старшыны Т.Төлегеновтың Верхнеуральск қаласының коменданты полковник М. Суховицкийге өзінің егіншілікпен айналысуға рұқсат ету туралы өтініші.

  2. 1820 жыл. Старшын Қ. Байсынқараевтың отырықшылық қоныс үшін қазақтарға қолайлы жер бөліп беру туралы Сібір генерал-губернаторының атына жазған өтініші.

  3. 1812 жылғы 14 желтоқсан. Кедей қазақ Б.Қаражігітовтың өз қызын сату туралы Хорунжий И. Замятинмен жасасқан шарты.

  4. 1806 жылғы 31 мамыр. Хан кеңесіне арнап Мемлекеттік сыртқы істер коллегиясында әзірленген ережелер.

  5. 1809 жылғы қараша. Айшуақ хан мен оның ұлдарының Жантөре ханның өлтірілу жайын баяндап, Шерғазы Айшуақұлы Сұлтанды хан етіп тағайындау туралы император 1 Александрға өтініші.

  6. 1822 жылғы 22 шілде. "Сібір қырғыздары туралы Жарғыны" күшіне енгізу туралы жарлық.

  7. 1822 жылғы 22 маусым. Сібір қырғыздары туралы Жарғы.

  8. 1825 жылғы 25 маусым. Қасым Абылайханов сұлтанның Орынбор әскери губернаторына Көкшетау округтік приказын жабуды өтініп жазған хаты.

  9. 1837 жылғы 11 маусым Беріш руы қазақтарының Орынбор генерал-губернаторы В. Перовскийге өтініші.

  10. 1837 жылғы 5 қараша Подполковник Гекенің Орынбор әскери губернаторына Исатай Тайманұлының көтерілісі туралы рапорты.

  11. 1837 жылғы 17 қараша. Подполковник Гекенің Исатай Тайманұлына қарсы жазалау отрядының іс-қимылы туралы Орынбор әскери губернаторына рапорты.

  12. Жәңгір ханның Исатай Тайманұлына хаты.

  13. Жәңгір ханның "Түрлі рулардың құрметті адамдары мен старшындарына және бүкіл қара халыққа" әмірі.

  14. 1837 жыл 24 қараша. Подполковник Гекенің Исатай Тайманұлының серіктері және Исатай Тайманұлы көтерілісіне қатысушыларға қарсы жазалау қимылдары туралы Орынбор әскери губернаторына рапорты.

  15. 1838 жылғы 26 маусым. Орынбор әскери губернаторы В.Перовскийдің Бөкей хандығындағы көтерілістің басшысы И.Тайманұлы туралы Сыртқы істер министрлігінің басқарушысы К. Нессельродеге хаты.

  16. 1838 жылғы 20 наурыз. Сібір кедендік округі бастығының Кенесары Қасымұлы сұлтанның сауда керуендеріне шабуыл жасағаны туралы және оған қарсы батыл шаралар қолдану қажет екені туралы Финанс министріне хабары.

  17. 1844 жылғы 14 маусым. Орынбор қазақтарын басқару туралы Ережеден.

  18. 1845 жылғы 13 қараша. Бөкей хандығының басқарушысы Бөкейханов сұлтанның Жәңгір хан тұсында зекет және соғым жинаудың сомасы мен тәртібі туралы Орынбор шекара комиссиясына хабары.

  19. 1847 жылғы 23 маусым. Ұлы жүз сұлтандары мен билерінің сұлтан К. Қасымұлына өздерінің көзқарасы туралы қаулысы.

  20. 1847 жылғы 20 тамыз. Жанқожа Нұрмұхаметов батырдың Райым бекінісінің бастығы подполковник Ерофеевке Хиуа феодалдарының қазақтарға шабуылы туралы хаты.

XIX ғасырдың бірінші жартысында қазақ тілін танытатын көркем әдебиет үлгілерімен қатар ресми-эпистолярлық әдебиет болды. Жоғарыда келтірілген құжаттарды сол ресми-эпистолярлық әдебиет үлгілеріне жатқызуға болады. Бұл құжаттар тіл тарихын зерттеуге, сол кезеңдегі саяси-әлеуметтік жағдайды көрсетуге септігін тигізумен қатар, қазақ даласындағы XIX ғасырдың бірінші жартысында ресми іс қағаздар болғандығын, қазақ әдебиетінде дәл қазіргідей нормаға түсе қоймаса да ресми стиль қалып-тасқандығының куәсі бола алады.

XIX ғасырдың бірінші жартысында Қазақстанның батыс өлкесіндегі халық өмірінде болған елеулі оқиға — Исатай мен Махамбет бастаған шаруалар көтерілісі. Бұл көтеріліс көркем әдсбиетте ғана емес, іс қағаздар тарихында да өз ізін қалдырғанын М.Өтемісұлының М.Ладищинскийге жазған хатынан, Жәңгір ханның Исатай Тайманұлына хатынан т.б. материалдардан көре аламыз.

XIX ғасырдың бірінші жартысында қазақ даласындағы ел басқару системасы мен әлеуметтік құрылысты білдіретін ханханзадаханымханшатөресұлтанбиқазыақсүйекбай,кедейқарашықара, қара қазақ, қара жұрт сөздері жиі қолданылған. Байтақ сөзі ел, жұрт мағынасында жұмсалған. Ел, халық мәнінде алаш сөзі де жиі қолданылады. Теңдік сөзінің мәні қазіргіден мүлде бөлек. Егер даугер айып пен пұлды төлете алса теңдік алды деп, төлете алмаған күнде теңдік бермеді дейтін болған, яғни, теңдік сөзінің ертедегі мағынасы әділет,заңдылық сөздерінің мағынасымен жуықтас.

XIX ғасырдың бірінші жартысындағы ресми іс қағаздар тіліндегі лексикалық, грамматикалық, синтаксистік ерекшеліктер 18 ғасырдағы ресми іс қағаздар тіліне жақын болғанымен, бұл кезеңде ресми іс қағаздар тілінің халыққа біршама түсінікті, әрі қарай дамыған, нормалана түскен тіл болып қалыптаса бастағанын байқауға болады.

Әрине, 18 ғасырдың екінші жартысы мен XIX ғасырдың бірінші жартысында жазылған құжаттар тілі жайында ғалымдар әр түрлі пікірлер айтып келді. Осы күнге дейін олар шағатай, татар тілдерінде жазылды деген пікір басым.

"XIX ғасырдың екінші жартысындағы қазақ әдеби тілі деген еңбегінде" Б. Әбілқасымов "Сөз жоқ, бұл документтердің тілінде түркі әдеби тілінің дәстүрлі орфографиясы, кейбір морфологиялық формалары, қалыптасқан сөз тіркестері мен жекелеген лексемалары сақталды, бірақ олардың негізгі төсегі - қазақтың байырғы сөздсрі мен дағдылы грамматикалық құрылысы еді.

Егер "кітаби тілді" түркі әдеби тілінің өзі емес, оның қазақ авторлары қолданған түрі, қазақ топырағындағы көрінісі ретінде қарайтын болсақ, оның да анықтауды қажет ететін жақтары баршылық" дей келе, өз ойын былай қорытады: "... біздіңше XIX ғасырдың екінші жартысында Ыбырай мен Абай негіздеген жаңа жазба әдсби тіл қалыптасқанға дейін қазақ қаламгерлерінің пайдаланған тілін "кітаби" тіл деп атамай, көне қазақ жазба әдеби тілі дсп атаған дұрыс. Өйткені туыстас түркі халықтарының ешбірінде "кітаби тіл" деген ұғым да, термин де жоқ, керісінше, қазіргі жазба әдеби тілдері қалыптасқанға дейінгі жазба туындыларын көне әдеби тілде жазылды дейді. ...Сөйтіп қазақ қаламгерлері 16 ғасырдан өткен ғасырдың екінші жарымына дейін осы аталған қазақтың көне жазба әдеби тілінде ресми іс қағаздарын жазды, өзара хат жазысты."