Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДНГЯ реферат.doc
Скачиваний:
9
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
136.19 Кб
Скачать

"XIX ғасырдың 1 жартысындағы ресми іс қағаздар тілі" тақырыбына қосымша 1812 жылғы 14 желтоқсан — кедей қазақ б.Қаражігітовтің өз қызын сату туралы хорунжий и.Замятинмен жасасқан шартынан

1812 жылғы желтоқсанның 14-і күні, қырғыз-қайсақтардың Кіші ордадағы Сыртқы редуты маңында көшіп жүрген Жағалбайлы руына жататын, старшын Байзақ Арыстанғұловтың әміріндегі қырғыз Бөкенбай Қаражігітов өзінің кедейлігіне байланысты және асырауында жас балалар санының едәуір болуы себепті солардың ішінен менің өз әйелім Тамарамен жалпы келісуім бойынша және өз старшыным Арытанғұловтың, сондай-ақ бүкіл ауылдағы жолдастарымның рұқсатымен өзімнің алты жастағы туған қызым Әтікейді переселендердің Сыртқы редутының хорунжийі Иван Замятинге оның біржола иеленуіне жарлық негізінде оның есіміне бағасы 14 сомға саттым, бұл 1808 жылғы мамырдың 23-і күні болды; 14 сом ақшаны түгел алдым, сол жөнінде өзімнің осындай таңбамды саламын... [1]

Жәңгір ханның Исатай Тайманұлына хатынан

... "Әр түрлі адамдардан Сіз халықты тәртіп бұзуға және менің бұйрықтарымды орындамауға айдап салып, сіздің үйретуіңізбен кейбіреулер бүлік шығарып жатыр деген жайсыз хабарлар алып отырмын. Сіздің ақыл-парасатыңызды білгендіктен мен Сізді өз сенімімнен айырғым келмейді, алайда бұл жайында анығын білгім келіп, мен тікелей келіссөз жүргізу үшін Сіздің маған келуіңізді талап етемін, бірақ Сіз мен өзіңізді осындай қылығыңыз үшін ашуымды білдіруге шақырып отыр деп ойламаңыз, егер мен Сізге ашулы болсам, өзіме шақырмас едім. Егер Сіз, старшын, менің сөзіме сенбей, келмей қалсаңыз, мен Сізді өз кінәңізді сезініп, Сіздің бұрын адал қызмет етуге қабылдаған антыңызға қарсы шығып отыр деп ойлаймын. Әлбетте, мен сенің тілегіңді білемін, бірақ сен ныспыңның талап еткенін тыйып, сондықтан да талап ететін өз тілектерінңің орындалуын күтуге тиіссің, бірақ өзіңді жолдас санап, өзіңмен терезесі тең адамға жауласқан кезде мейірімділік күту деген не болмақ: бұл күту емес, қайта тек күштеп тартып алу ғана болады. Мен мұны сенің қызметте көрсеткен ынта-ықыласыңды көбірек ойлап жазып отырмын: әйтпесе бос ойларға салыңып, сонан соң оларды жайып жіберетіндерге жазбайтыныма еш күмән жок. "[2]

Беріш руы қазақтарының Орынбор генерал-губернаторы к. ІІеровскийге өтінішінен 1837 жылғы 11 маусым

"Біздің үстімізден қойылған хан Жәңгір Бөкеев бізді әділетсіз соттауда және біздің дініміздің ережелеріне ешбір сәйкес келмейді, сол себепті біз ешқандай әділ com көрмей, жаппай жан дауысымыз шығып жүрміз, ол күн өткен сайын жер-жерде күшейген үстіне күшейе түсуде; өйткені біз үшін жәбір-жапа мен қысым күннен-күнге үдеп барады. Сұлтандар, билер мен қожалар, ханның еркін орындаушылар бізге барлық жерде қысым көрсетіп, бізді еш кінәміз болмаса да, ұрып-соғып азаптайды, біздің меншігімізді еріксіз тартып алады, олардың үстінен шағым айту өзіңе пәле тілеп алу және көрінеу талан-таражыға түсу деген сөз. Бізді қорғаушы адам жоқ және біз өз: билеушілеріміз арасынан қорлаудан, жәбір-жапа мен алуан түрлі қысым көруден бақа еш қанағат және біздің қайыршылық жағдайымызға қандай болса да жаны ашығандық таба алмаймыз, Енді біздің бір ғана үмітіміз қалды, ол жоғары дәрежелі сіздің мархабатты қамқорлығыңызға жүгіну.

Біз жоғары мәртебелі Сізден біздің Орал ведомствосының қызмет адамдары құрамына кіруге рұқсат етуді мейлінше қатты өтініп отырмыз, яғни бізге Оралға жақын жерде тұруга, император ағзамның қызметіне көмектесуге және алыстағы қалаларға, мысалы, Ново-Александровск бекінісіне және басқа да сол сияқты жерлерге баруымызға рұқсат берілсе екен. Біз бәрімен: am, қой, түйе, ал қажет болған жағдайда, адал берілген ресейліктерден талап етілетіні сияқты, адамдардың өзін де беріп қызмет етуге әзірміз.

Сонымен бірге біз беріш руының старшыны Исатай Тайманұлының басқаруында қала беруді аса құрметпен өтінеміз, бізді басқаратын бастықтардың барлық бұйрықтары мен әкімдерін сол арқылы алғымыз келеді. Осы Исатай старшын болмайынша, біз өзімізден талап етілетін міндеттерді дәл атқара аламыз деп сенбейміз; өйткені біздің арамызда тыныштық пен тәртіпті әрқашан орнатып келген сол.

Егер біз білдірген тілек оны өзіміздің баяндағанымыздай етіп орындалмайтын болса, біз болашақта бұдан да зор бейшаралықты бастан кешірген күйімізде қала береміз де, біздің халқымыз мүлдем күйзеліп, барынша жоқшылыққа ұшырайды ".[3]