Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДНГЯ реферат.doc
Скачиваний:
9
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
136.19 Кб
Скачать

1832 Жылғы 18 маусым. Сүйік Абылайханов сұлтанның Қазақ хандығы тарапынан қазақ халқынан алым-салық жинау туралы Омбы облысының губернаторына хатынан

...Жоғары дәрежелі Сізге қоқандықтардың ұлы мәртебелі тақсыр императордың бодандары болып табылатын маған қарасты қырғыздардан қазір 50 және 40 қойдан біздің ешбір келісімімізсіз бір-біреуден баж салығын жинап алғанын хабарлай аламын, соның салдарынан көз жастарын көл етіп, егер біз шын мәнінде Ресейдің боданы болсақ, оның тарапынан ешқандай қорғау болмай отырғаны неліктен? — деседі. Сол себепті барлық жақсы билер жиналып, менен жоғары дәрежелі Сізге өздері және халық үшін ізгі ниет білдіруге өтініш жасауды сұрады. Тағы бір айтатыным: қоқандықтар Алматы өзенінің ағысы бойынша, Ақсары өзеніне жақын қара қырғыздар қонысына айналасы 80 сажын, қалындығы 2 аршын болатын қорған салды, онда бір дуан бегі және онымен бірге 100 адамға жететін әскері бар. Құлан және Әли сұлтандарды еріксіз әкетіп, сол қорғанда қалдырды, қазір онда не болып жатқаны бір құдайға ғана мәлім. Ал біз өз тарапымыздан олардан қатты қорқамыз, өйткені біздің Ресей боданы екенімізді білген олардың бізге қандай болса да зұлымдық істеуі мүмкін...

Осыны куәлаңдырып, 8-класты сұлтан Сүйік Абылайханов өз мөрін басты.[4]

1832 Жылғы 5 шілде. Сүйік Абылайханов сұлтанның Қоқан езгісінің күшейгені туралы Омбы облысының губернаторына хатынан

... Біздің болысымыз қаптағайлықтар мен садырлықтардың көп малды барымталап әкетуі салдарынан қазір қатты күйзеліске ұшырады; болыстың өзі қоныстанған жерінен Іле өзенінің арғы жағына қуып тасталды; сонан соң Қоқан ханымен құшбектің әмірімен бізге келген сансыз көп жасауылдар бізді өздеріне бодан болып, салық төлеуге әмір етті. Егер біз қол құсырмайтын және салық төлемейтін болсақ,, олар біздің бүкіл болысымызды тонауға салатын болды, сондықтан оларға салық төлеуге мәжбүр болдық; бұл өткен жылы болған еді. Ал биыл, бізге Ташкенттің құшбегінен дуан бегі Құдайберді басқарған 300 адам тағы да келіп, барлық болыстарды аралап жүр, салық, жинап, түрлі реніштер туғызуда... [5]

1847 Жылғы 20 тамыз. Жанқожа Нұрмұхаметов батырдың Райым бекінісінің бастығы подполковник Ерофеевке Хиуа феодалдарының қазақтарға шабуылы туралы хаты

Аса қадірлі подполковник Ерофеев! Мен Сізге аса тағзым ете отырып, мыналарды хабарлаймын: Қожа Нияз бастаған хиуалықтар, Жанғазы және Ілкей сұлтанды жақтайтын қырғыздар бекіністе көп болып жиналып, осы жақка өтті; менің қырғыздарымды талап, тонап жүр; оларды бәріңді қырып тастаймыз деп қорқытады. Қырғыздар бұдан өте қорқады, сондықтан да көпшілігі арғы бетке көшіп жатыр, мен оларды еш тоқтата алар емеспін. Маған адал болып қалған 1000 шаңырак, болатын қырғыздарға хиуалықтар мен Жанғазының адамдары шабуыл жасады, олардың барлық мүлкін тонап алып, барлық малын айдап, балалары мен қарттарын тұтқындап жетті. Сөйтіп, 1000-нан астам үй күйзеліске ұшырады, олардан 21 әйел мен бала айдап әкетілді, 30 баласы мен қызы суға тасталды. Мен қарауылға жіберген 5 адамды олар ұстап алыпты; олардың 4-і өлтірілген; олардың басын шауып алып, суға тастапты, ал бесіншісі — Жақанай бидің баласын тірідей тұтқындап, Хиуаға әкетіпті.

Егер Сіз, подполковник Ерофеев, маған дос болсаңыздар және осында шын мәнінде бізді қорғау үшін келіп, өз патшаңыздың әмірімен сол үшін бекініс салсаңыздар, онда маған көмектесіңіздер және тонаушылыққа тыйым салыңыздар, ал оның іздерін менің ауылдарымнан өз көзіңізбен көре аласыз. Осы бір қанқұйлы адамдардың әрекеттері, міне, мынадай: олар киіз үйлерді өртеп, барлық нәрестелердің бесіктерін талқандап, ал өздерін суға тастаған. Егер Сіз көмек бермесеңіз, онда мен өз қырғыздарыма кепіл бола алмаймын. Бір жағынан тонауға ұшырап және Сізден қорған көрмеген соң бәрі Сырдария өзенінің арғы бетіне өтіп кетеді де, сонда біздің халқ-ымыздың қайғы-қасіреті күшейе түседі; толассыз өзара қырқыспайды, өйткені осында орыстар келіп, бекініс салған кезден бастап, ол жақта көшіп жүрген қырғыздар менің қырғыздарыма көп ашулы. Мен мұны Сізге бұрын да хабарлағанмын және Жанғазының өзі маған жазған хаттарында Сізбен достығым үшін мені қорқытқан еді. Мен губернатор мырзада болғанымда, менің орыстармен достығым мені Ілкей мен Жанғазыға ғана емес, сонымен қатар хиуалық пен қоқандықтарға да қарсы каруландырады. Сондықтан да Сізге өз өтінішімді қайталаймын: мені жауларымнан қорғаңыз; менде сіздерден, орыстардан басқа дос қалған жоқ.

Жанкожа батыр әз мөрін басты, оның хатшысы Төлеген қолын басты.[6]