Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДНГЯ реферат.doc
Скачиваний:
9
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
136.19 Кб
Скачать

1823 Ж. Ұлы жүз сұлтандарының, билерінің және атақты қазақтарының Ресей бодандығына берген анты

"Төменде аталатын мен өзімнің асқан мархабатты ұлы тақсырым император, бүкіл Ресейдің самодержеці және ұлы мәртебелі император атағымен бүкіл ресейлік тақтың заңды мұрагері ұлы мәртебелі Александр Павловичке алдағы уақытта бұйырса адал, ізгілікті және айтқанынан шық-пайтын боданы болуға, адал боданға лайықты ұлы мәртебеліге ынта-ықыласпен қызмет етуге және ашық та, жасырын да ешқандай қарсылық жасамауға, қайта барлық, нәрседе ұлы мәртебелі императордың жарлығы бойынша іс істеп, жан-тәнімді аямай орындауға; ал өзіме бағынышты халықты әділ сот бойынша тыныштықта ұстауға және ұлы мәртебелі императордың мүдделеріне және өз боданым қырғыз-қайсақ халқының пайдасына қарсы қандай болса да іс-әрекеттен аулақ ұстауға; ал егер өзім мұны істей алмасам, ол жөнінде Ресей шекара командирлеріне дер кезінде хабарлауға тиіспін және солай істеймін деп құдіреті күшті құдайдың атымен уәде беріп ант етемін.

Өзімнің осы антымның қорытындысында құранды сүйіп, өз мөрімді басып отырмын ".

(Бұдан әрі Ұлы жүз сұлтандарының, билері мен атақты қазақтарының 33 мөрі мен таңбалары бар).

Сұлтандар мен билерден Ресей бодандығына ант алған —губерниялық хатшы Тасболат Бекболатов.

Сұлтандар мен билерден ант алған — заңды имам Мұхамед Мұхамедов.

Ант алуды аударғанда губерниялық хатшы Кринкин аудармашы болды. [7]

1845 Жылғы 5 мамыр. Ұлы жүздің барлық рулары мен бөлімшелері сұлтандарының, билерінің, құрметті қазақтарының өздерін Ресей бодандығына қабылдау туралы өтініші

Үйсін болысының сұлтандарынан, жалайыр, албан, дулат, суан, шапырашты, ысты, андас руларының, көшек, мырза, сүбітай, қалқа, ақбұйым, арықтыным, байшігір, сиыршы, қарасыбан, балғалы бөлімшелерінің; албан руының, айтбозың, сегізсары, қызылбөрік, қоңыр бөрік, әлжан бөлімшелерінің; дулат руының, сыйқым, жаныс, шымыр, бот-бай, сары үйсін бөлімшелерінің cyaн руының, байтөлеу, тұрдымбет, мұрат бөлімшелерінің; шапырашты руының, асыл, шыбыл, әпкіш, екей, есқожа бөлімшелерінің; ысты руының ойық,, тілік бөлімшелерінің билері мен атақты қырғыздарынан:

ӨТІНІШ

Сізден біздің Ресей үкіметінің адал бодандығына өткіміз келетінін, егep бастықтарға қолайлы болса, биылғы жазда Каратамда округ ашуды сұрайтынымызды жоғарыдағы бастықтардың назарына жеткізуіңізді сұрайды.

Сондықтан мөріміз бен таңбамызды басамыз (Бұдан әрі 31 мөр мен таңба басылған). [8]

Дереккөздер

  1. "18-X1X ғасырлардағы қазақ-орыс қатынастары", құжаттар жинағы, 179-бет.

  2. В. Ф. Шахматов. Ішкі орда және Исатай Тайманүлының көтерілісі, 139- 140-беттер.

  3. В.Ф. Шахматов. Ішкі Орда және Исатай Тайманұлының көтерілісі, 157-бет.

  4. "18-19 ғасырлардағы қазак-орыс қатынастары (1771—1867жж.)", қүжаттар жинағы, 262-бет.

  5. "161-19 ғасырлардағы қазақ,-орыс қатынастары (1771—1868 жж.) " құжаттар жинағы, 262—263-беттeр.

  6. "18—19 ғасырлардағы казак-орыс катынастары (1771—1867 жж.) ", қүжаттар жинағы, 339—340-беттер.

  7. "18-19 ғасырлардағы қазақ-орыс қатынастары (1771—1867жж.)", құжаттаржинағы, 207-бет.

  8. "18—19 ғасырлардағы қазақ-орыс қатынастары (1771—1867жж.) ", құжаттар жинағы, 305—306-беттер.