Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДНГЯ_Улбике апай (ж.т).doc
Скачиваний:
90
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
1.03 Mб
Скачать
  1. ПӘННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ – SYLLABUS

    1. Оқытушылар туралы мәліметтер:

Сабақ жүргізетін оқытушылар: Тұрсынова Г.Т. – профессор

тегі, аты, әкесінің аты

Шүленбаева Ұ.Р. – профессор, Айтжанова С.С. – ф.ғ.к., доцент,

Рысқұлбекова К.С. – аға оқытушы

Байланыс түрі 257-71-82, 257-72-70 .

телефон, E-mail

Кафедрада болатын уақыты БОҒ, кафедра 610, 612 .

аудитория, уақыты

1.2 Пән туралы мәліметтер:

Пән атауы Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу .

Кредит саны 2 .

Өткізу орны Бас оқу ғимараты

Оқу жоспарының көшірмесі

Курс

Семестр

Кредиттер

1 аптадағы академиялық сағаттар

Тәжірибелік/

семин. сабақт.

СӨЖ*

СОӨЖ*

Барлығы,

1 аптадағы академ. сағаттар

Бақылау

түрі

1

1-2

2

2

2

2

6

Емтихан

1.3. Перереквизиттері: «Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізуді оқыту» пәні студенттердің жоғары оқу орындарында мемлекеттік тіл бойынша игерген білімін, білік дағдыларын одан әрі толықтырып, дамытады. Іс-қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізуді үйретеді.

1.4. Постреквизиттері:«Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізуді оқыту» студенттердің алған білімін болашақ еңбек жолында кәсіби-іскери, кәсіби-ресми бағытта толық пайдалана алады.

1.5. Пәннің мазмұны: «Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу» курсын оқытудың тақырыптары модульдерге бөлініп қарастырылады.

Ресми іс қағаздарындағы тақырыптардың әрқайсысын тиісті дәрежеде меңгертумен қатар, құжаттардың жазылу стилі де қоса үйретіліп отырылады. Пән бағдарламасы студенттердің оқытушымен өзара және өздік жұмысы бөлімдері арқылы жүзеге асырылады.

Іс қағаздарын жүргізуде жиі кездесетін құжат түрлері өзара сабақтастықта іріктеліп алынған. Бұл сабақтастық мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізуді жүйелі түрде үйренуге ықпал етеді.

1.6. Пәннің мақсаттары мен міндеттері

Пәнді оқытудың мақсаты:

Ресми іс қағаздарытермині мекемелер мен ұйымдардың басқару қызметін құжаттау, құжаттарды ұйымдастыру дегенді білдіреді. Қазіргі заманда оның түрлері де өте көп. Оны курс барысында жүйелеп оқытатындықтан, санын тізбелемей, тек оқыту мақсатына тоқталамыз. Әрбір ресми құжат басқару қызметіне қатысты көлемде заң күшіне ие. Сондықтан да олардың нысаны мен құрамы жағынан бірізділігі және стандартты болуы талап етіледі. Нысаны мен үлгісі жағынан сауатты жазылған қажетті мәліметтерді толық қамтыған ресми құжаттың заң күші де нақты болады. Олай болса курстың мақсаты – қазақ тілінде ресми құжаттарды әзірлейтін және ресми құжаттарды ұйымдастыру, реттеу, құжаттау ісімен айналысатын маманның тілді жақсы біліп шығуын да көздеу.

1.7. Пәнді оқытудың міндеті:

Мемлекеттік және мемлекеттік емес органдарда, мекемелерде, ұйымдар мен кәсіпорындарда мемлекеттік тілде іс жүргізу, қатынас қағаздарын толтыру, құжат айналымын іске асыру басты міндеттердің бірі болып отыр.

Бұл пәннің міндеті: іс қағаздарын қазақша жүргізудің мемлекеттік, әлеуметтік маңыздылығын, қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуінің алғы шарттарының бірі екендігін ұғындыру;

Іс қағаздарын жүргізудің дербес ғылым екендігін білдіру;

Іс қағаздарын жүргізудің тарих; саясаттану, мұрағат ісі, тіл білімі, педагогика сияқты ғылым салаларымен байланысын көрсету. Болашақ мамандық иелерін іс қағаздарын толтыру әдістері мен оның мемлекеттік стандарттары, жазылу стилі, қызметі, мақсаты сияқты білім негіздерімен қаруландырып, қазақ тілінің қоғам дамуындағы рөлінің күшеюіне олардың септігі тиюін қамтамасыз ету.

Ресми құжаттарды жасайтын, жүргізетін, жазатын маманның кәсіби біліктілігі, мемлекеттік тілді жетік меңгеруі талап етілетіндігін түсіндіру.

1.8. Тапсырмалардың түрлері және олардың орындау мерзімі.

Бақылау

түрі

Жұмыс түрі

Жұмыстың

тақырыбы

Әдебиеттер тізімі

Тапсыру уақыты

1

Ағымдық бақылау

Құжат түрлерін жазу.

Баяндама

Өтініш. Арыз. Талап арыз

Сенімхат. Қолхат

Телефонхат

Жеделхат

Жарлық

Бұрыштама Танысқы

Қызметтік хаттар, түрлері.

Мінездеме. Факс. Факс арқылы жіберілетін хаттар.

1-апта

2-апта

3-апта

4-апта

5-апта

6-апта

7-апта

2

І-ші Аралық бақылау

Тест

Аралық бақылау

8-апта

3

Бақылаудың басқа түрлері

Реферат, хаттама дайындау

XIX ғасырдағы ресми іс қағаздары тілінің қалыптаса бастауы. Хаттама. Хаттамадан үзінді.

9-апта

4

Бақылаудың басқа түрлері

Реферат

Мәтін

дайындау

Шығарма

Баяндама

Жеке іс парағын (бланкі) толтыру

Жаңа түркі дәуіріндегі ресми іс қағаздары.

Ресми іс қағаздары тілінің стилі.

Іс қағаздары және олардың түрлері.

Өмірбаян, оның түрлері.

Жеке іс парағы

10-апта

11-апта

12-апта

13-апта

14-апта

ІІ-ші Аралық бақылау. Қорытынды бақылау

Емтихан (ауызша)

15-апта