Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДНГЯ_Улбике апай (ж.т).doc
Скачиваний:
90
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
1.03 Mб
Скачать

Өмірбаянның құрылымы төмендегідей болып келеді:

1. Құжаттың аты;

2. Өмірбаянын жазушы адамның азаматтық жағдайы туралы мәлімет;

3. Білімі, оқыған оқу орны;

4. Кәсіби тәжірибесі және кәсіби біліктілігі;

5. Қоғамдық-саяси қызметі;

6. Қосымша мәліметтер;

7. Отбасы жағдайы туралы;

8. Мекен-жайы, аты-жөні, қолы, қай күні жазғандығы, айы, жылы.

Өмірбаянның грамматикалық ерекшеліктері

Өмірбаянда жазылатын құжаттағы барлық мәлімет I жақ жекеше түрде баяндалады, оның жіктік жалғауы: -м. Етістіктің жедел өткен шақ формасы қолданылады, оны жасайтын жұрнақтар: -ды, -ді, -ты, -ті. Мысалы: дүниеге кел+ді+м, оқы+ды+м, бітір+ді+м, қызмет ет+ті+м, т.б.

Өмірбаян иесінің әке-шешесіне, жолдасына, балаларына, туған-туысқандарына қатысты мәлімет III жақта баяндалады. Мысалы: ту+ған, бітір+ген, оқы+ған, т.б.

Өмірбаян иесінің дәл қазіргі кездегі өмірін, білімін, қызметін баяндайтын мәліметтер етістіктің осы шақ формасы арқылы I жақта беріледі. Мысалы: оқы+п жүр+мін, істе+п жүр+мін, атқар+ып отыр+мын, т.б.

179-тапсырма. Өмірбаянның үлгілерімен танысыңыздар.

Ө М І Р Б А Я Н

Ү л г і :

Мен, Қуаныш Өмірбекұлы Қасенов, 1963 жылы 1 мамырда Семей облысы, Аягөз ауданы, Баршатас ауылында тудым. Ұлтым – қазақ. 1970-1980 жылдар аралығында Баршатас орта мектебінде оқып, оны ерекше аттестатпен бітірдім.

1981-1986 жылдар аралығында В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтының металлургия-полиграфия факультетінде оқып, бітірдім. Қазір осы институтқа қарасты кафедраның аға оқытушысымын.

Институт қабырғасында өткізіліп тұратын іс-шаралардың барлығына қатысып, өзіме тапсырылған жұмыстарды уақытында орындап, жауапкершілікпен қараймын.

Ғылыммен шұғылданамын. Халықаралық және республикалық ғылыми-теориялық конференцияларға қатысып, ғылыми мақалаларымды жариялап, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргіземін.

Ата-анам бар: әкем – Өмірбек Қасенов – Ұлы Отан соғысының ардагері, құрметті зейнеткер; анам – Хадиша Қасенова – ұзақ жылдар бойы Баршатас орта мектебінде мұғалім болып қызмет істеді, қазір зейнеткер.

Отбасым бар: жұбайым – Жазира Дүйсенқызы жоғары білімді маман, дәрігер. Мектеп жасындағы бір ұл, бір қызымды тәрбиелеп отырмын. Ұлым – Марат Қасенов 1990 жылы, қызым – Маржан Қасенова 1995 жылы туған, олар Алматы қаласындағы №54 орта мектебінің оқушылары.

Әскери қызметке міндеттімін. Аға лейтенант атағым бар. Қосымша мәліметтер: Ана тілім – қазақ тілі, орыс және ағылшын тілдерін жетік білемін, ЭЕМ (ЭВМ) бағдарламаларын толық меңгергенмін. Интернетпен жұмыс істеймін. Жеңіл атлетикадан разрядым бар, университетаралық және қалалық жарыстарға қатысып тұрамын.

Мекен-жайым: Алматы қаласы, «Қазақфильм» ықшамауданы, 47 үй, 18 пәтер, телефон: 251-48-37.

Өмірбаян иесі _____________ Қ.Ө. Қасенов

қолы

Өмірбаянды жазған күн: 2005 жыл, 18 наурыз

* * * * *

Ө М І Р Б А Я Н

Ү л г і :

Мен, Серік Жұмаділұлы Қалымбетов, 1984 жылы Қызылорда облысы, Арал ауданы, Арал қаласында қызметкер отбасында дүниеге келдім. Ұлтым – қазақ.

1990-2001 жылдар аралығында Арал қаласындағы З. Шүкіров атындағы №20 орта мектепте оқыдым. Мектепте оқып жүргенде үздік оқушы екенімді көрсете білдім. Әр түрлі қоғам жұмыстарын атқарып, спортпен тұрақты түрде шұғылдандым.

Ата-анам бар: әкем – Ж. Қалымбетов 1955 жылы туған, Арал қаласында жекеменшік кәсіпорында жұмыс істейді. Шешем – З. Қалымбетова 1957 жылы туған, Арал қаласындағы №20 орта мектепте орыс тілі пәнінен сабақ береді.

1998-2001 жылдар аралығында мектеп қабырғасында жүріп, Арал қалалық мәдени орталығында мәдени жұмыстар жөніндегі ұйымдастырушы қызметтерін қосымша ретінде атқарып, өзіме біраз тәжірибе жинадым. Көпшілікпен мәдени қарым-қатынас жасап, ортақ тіл таба білуге дағдыландым.

2001 жылы аталған орта мектепті бітірген соң, Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетіне тау-кен инженері мамандығын алу үшін оқуға түстім. Бүгінгі таңда осы оқу орнының II курс студентімін, үйленбегенмін.

Ағылшын тілін меңгеру үстіндемін, компьютерлік курсқа барып жүрмін. Кітап оқығанды, Абай атындағы мемлекеттік опера және балет театрына барып классикалық шығармаларды тыңдағанды жақсы көремін. Қысқы уақыттарда шаңғы, коньки тебумен, табиғатқа шығып демалумен әуестенемін.

Алдыма қойған мақсатым – жоғары білім алып, жаңа технологияны толық меңгеріп, білімді маман болып шығу, еліме, халқыма аянбай қызмет ету, мемлекеттік тілді дамытуға өз үлесімді қосу, мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізуді тиісті деңгейге көтеруге атсалысу.

Мекен-жайым: Алматы қаласы, Наурызбай батыр көшесі 23 үй, 36 пәтер, телефон: 393-20-02.

Өмірбаян иесі _____________ С.Ж. Қалымбетов

қолы

Өмірбаянды жазған күн: 2003 жыл, 20 мамыр

180-тапсырма. Өмірбаян мәтінінің мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Өмірбаянның түрлеріне тоқталыңыздар. 2. Өмірбаян мазмұнына қарай құжаттың қай түріне жатады? 3. Өмірбаянның бірінші түрін кім жазады, оның құрылымына не кіреді? 4. Өмірбаянның екінші түрі қалай жазылады, оған қандай шығармаларды жатқызуға болады? 5. Үшінші түрі туралы қандай мәлімет білесіздер, оны кім жазады? 6. Өмірбаянның грамматикалық ерекшелігі қандай?

181-тапсырма. Әр студент өз өмірбаяндарыңызды жазыңыздар.

182-тапсырма. Өмірбаянның екінші түрі бойынша жазылған бір көркем шығарманы сабақ барысында талқылаңыздар.

183-тапсырма. Өмірбаянның үшінші түріне жататын көркем шығармалардың біреуіне тоқталып, өзара пікір алмасыңыздар.

184-тапсырма. Төмендегі сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырыңыздар.

Дүниеге келу, үйлену, тұрмысқа шығу, жоғары білім, жұмыс істеу, мамандық алу, арнайы бөлім, оқу орнын бітіру, қызмет орындары, тұрғылықты жері.

185-тапсырма. Берілген үлгі бойынша сөйлемдерді бірте-бірте күрделендіріңіздер.

Ү л г і :

Бітіру: 1. Мен бітірдім. 2. Мен университет бітірдім. 3. Мен Қазақ Мемлекеттік Әлем тілдері университетін бітірдім. 4. Мен 1995 жылы Қазақ Мемлекеттік Әлем тілдері университетін бітірдім. 5. Мен Қазақ Мемлекеттік Әлем тілдері университетін ағылшын тілінен мұғалім мамандығы бойынша бітірдім.

Әкем жұмыс істейді. Інім оқиды. Ағам тұрады. Балам дүниеге келді. Ол оқуға түсті.

186-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Сіздің аты-жөніңіз кім? 2. Сіз қандай отбасында дүниеге келдіңіз? 3. Сіз қай жылы тудыңыз? 4. Әке-шешеңіздің аты-жөндері кім? 5. Олар қайда жұмыс істейді? 6. Мектепті қай жылы, қайда бітірдіңіз? 7. Біліміңіз қандай? 8. Қай оқу орнын бітірдіңіз, мамандығыңыз кім? 9. Отбасыңыз бар ма? 10. Мекен-жайыңызды атаңыз.

13-апта. 25-сабақ

187-тапсырма. Жеке іс парағы қандай жағдайларда жазылады? Өз ойларыңызды ортаға салыңыздар.

188-тапсырма. Жеке іс парағының құрылымын есте сақтаңыздар.

189-тапсырма. Мәтінде берілген мәліметті толық меңгеріп, жеке іс парағын қалай толтыру керектігін мазмұндаңыздар.