Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДНГЯ_Улбике апай (ж.т).doc
Скачиваний:
90
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
1.03 Mб
Скачать

2.3 Өздік бақылау үшін тест тапсырмалары

1. Өтініштің түрлерін айтыңыздар

А) Хабарландыру, мінездеме

Ә) Түсініктеме

Б) Арыз, шағым

В) Анықтама

2. Өмірбаян ........... құжат

А) Өкілеттік

Ә) Ұйымдық

Б) Анықтамалық-ақпараттық

В) Ұйымдық-өкілеттік

3. Аталған университетті қара және түсті металдар

металлургиясы .......бітірдім

А) Дейін жарамды

Ә) Мамандығы бойынша

Б) Аталған

В) Ағымдағы жылы

4. Өмірбаян мәтінінде қолданылатын стандарт бірлік

А) Дүние үшін

Ә) Дүниеден кейін

Б) Дүниеге келдім

В) Дүниенің алдында

5. Мінездеменің түрлерін атаңыздар

А) Өмірбаян, хаттама

Ә) Қызметтік мінездеме, аттестациялық мінездеме

Б) Сенімхат, кепілхат, қолхат

В) Акт, хаттама, хабарландыру

6. Мінездеме қандай жағдайда жазылады?

А) Жұмыстан босатылғанда

Ә) Адам ауырып қалғанда

Б) Қызметкердің басқа жұмысқа орналасуы керек жағдайда

В) Демалыста жүргенде

7. Мінездемедегі мәлімет нешінші жақта баяндалады?

А) Бірінші жақта

Ә) Екінші жақта

Б) Үшінші жақта

В) Бірінші, екінші жақтарда

8. Синонимдік қатардағы сөздерді көрсетіңіздер

А) Білікті, тәжірибелі, білгір

Ә) Білікті, іскер, кеше

Б) Білікті, тәжірибелі, ашық

В) білікті, білгір, тұрмыста

9. Жұмысқа тұру кезінде қандай құжат толтырады?

А) Қолхат

Ә) Іскер хат

Б) Қызметтік хат

В) Жеке іс парағы

10. Студент екенін қандай құжат дәлелдейді?

А) Мінездеме

Ә) Жеке іс парағы

Б) Өтініш

В) Анықтама

11. Төлемақы алу үшін берілетін сенімхаттардың мерзімі

А) 3 жыл

Ә) 3 ай

Б) 1 жыл

В) 1 ай

12. Сенімхат ............ беріледі

А) Шексіз уақытқа

Ә) Белгілі бір мерзімге

Б) Мерзімі көрсетілмейді

В) Қысқаша уақытқа

13. Сенімхат мәтінінде қолданылатын стандарт бірлік

А) Осы сенімхат сияқты

Ә) Осы сенімхаттай

Б) Осы сенімхат үстінде

В) Осы сенімхат арқылы

14. Талап арызды ............. жазады

А) Сот төрағасы

Ә) Жауапкер

Б) Талапкер

В) Директор

15. Дұрыс аударылған тілдік бірлік

А) Истец – жауапкер

Ә) Истец – талап

Б) Истец – талапкер

В) Истец – талап мерзімі

16. Іскерлік қарым-қатынасты дамытуда қолданылатын құжат

А) Тіркеу карточкасы

Ә) Жеке іс парағы

Б) Декларация

В) Танысқы (визит карточкасы)

17. Танысқыда (визит карточкасында) қолданылмайтын сөздер

А) Қысқарған сөздер

Ә) Уақытша орындаушы, уақытша

Б) Филология ғылымдарының докторы, профессор

В) Авиация – генерал майоры

18. Инженер не үшін техникалық сипаттаманы білуі керек?

А) Машина сатып алу үшін

Ә) Техникалық күш-қуатын ұтымды пайдалану үшін

Б) Қосалқы бөлшектерді сату үшін

В) Автотұрақты сақтау үшін

19. Белгілі бір фактіні куәландыратын құжат

А) Жауап алу хаттамасы

Ә) Анықтама

Б) Мінездеме

В) Келісім

20. Мәжілісте талқыланған мәселелер туралы шешім

А) Жарлық

Ә) Бұйрық

Б) Қаулы

В) Жарғы

21. Студент стипендиясын досы алуы үшін берілетін құжат

А) Өтініш

Ә) Өмірбаян

Б) Сенімхат

В) Мінездеме

22. Нотариус куәландыратын құжат түрін көрсетіңіздер

А) Өмірбаян

Ә) Жеке іс парағы

Б) Хаттама

В) Сенімхат

23. Қызметтік хаттамада ........ мәселелер жазылады

А) Жеке басқа қатысты

Ә) Қызметке қатысты

Б) Махаббатқа қатысты

В) Әр түрлі мәселелерді қамтып

24. Анықтама ....... құжат

А) Өкілеттік

Ә) Ұйымдық

Б) Анықтамалық – ақпараттық

В) Қызметтік

25. Дұрыс аударылған тіркес

А) Анықтама мәтіні – текст справки

Ә) Анықтама мәтіні – согласно справки

Б) Анықтама мәтіні – дать справку

В) Анықтама мәтіні – дать соглашение

26. Хаттаманың «тыңдалды» бөлігінде .......... жазылады

А) Мәжіліс төрағасы туралы

Ә) Күн тәртібіндегі мәселелер туралы

Б) Жасалған баяндама туралы

В) Қабылданған қаулы туралы

27. Хаттаманың «қаулы» бөлігінде ......... жазылады

А) Сөйленген сөз

Ә) Жасалған баяндама

Б) Қабылданған қаулы

В) Жарыссөз сөйлеушілердің сөзі

28. Дұрыс аударылған тілдік бірлік:

А) Принять решение – шешім қабылдау

Ә) Принять решение – шешім

Б) Принять решение – шешім айту

В) Принять решение – қорытынды жасау

29. Бұйрық ......... жазылады

А) Ауызекі сөйлеу тілінде

Ә) Ғылыми стильде

Б) Ресми – іс қағаздар стилінде

В) Көркем әдеби стильде

30. Еңбек келісімінде ........... мәлімет жазылады

А) Еңбек шарттары туралы

Ә) Мерейтой иесі туралы

Б) Қызметкерлердің мінезі туралы

В) Іссапар туралы

Өздік бақылау (тест) жұмыстарының жауаптары

1 – С

7 – Б

13 – В

19 – Ә

25 – А

2 – Б

8 – А

14 – Б

20 – Б

26 – Б

3 – Ә

9 – В

15 – Б

21 – Б

27 – Б

4 – Б

10 – В

16 – В

22 – В

28 – А

5 – Ә

11 – А

17 – Ә

23 – Ә

29 – Б

6 – Б

12 – Ә

18 – Ә

24 – Б

30 – А

2.4 Курс бойынша емтихан сұрақтары

  1. Өтініштің түрлерін айтыңыздар, оның бір үлгісін жазу.

  2. VI – VIII ғасырлардағы көне түркі жазба ескерткіштеріндегі ресми іс қағаздарына тән тілдік элементтер.

  3. Өмірбаян мазмұнына қарай құжаттың қай түріне жатады?

  4. Өмірбаян құрылымына қандай мәліметтер кіреді?

  5. Өтініш қандай мақсаттарда жазылады?

  6. Тәртіптік жаза беру туралы құжат жазу.

  7. Арыз қандай жағдайда жазылады?

  8. Арыз мазмұн – мақсатына қарай құжаттың қай түріне жатады?

  9. Арыздың құрылымына қандай мәліметтер кіреді?

  10. Жалақыны өндіріп алу туралы арыз жазу?

  11. Талап арыз қандай мақсатпен жазылады?

  12. Талап арыздың арыздан айырмашылығы қандай?

  13. Заңсыз іс - әрекетке барғандығы үшін шара қолдануды сұрап, талап арыз

жазу.

  1. VI – VIII ғасырлардағы көне түркі жазба ескерткіштеріндегі қазақ іс

қағаздары тілінің тарихы.

  1. Сенімхат қандай мақсатта жазылады?

  2. Сенімхаттың құрылымына не кіреді?

  3. Нотариус атқаратын қызметтер қандай?

  4. Сенімхат бойынша ақша алу үшін қандай құжат керек?

  5. Қазіргі іс қағаздары құрылымының негізгі бөліктері XV – XVII

ғасырлардан бастау алады.

  1. Қолхатты кім куәландырады?

  2. Жеделхат дегеніміз не, жеделхаттың атқаратын қызметі қандай?

  3. Кепілхат қандай жағдайларда беріледі?

  4. Сенімхат пен кепілхаттың айырмашылығы неде?

  5. XIV ғасырда жазылған жарлықтар тілінің зерттелуі.

  6. Факстың атқаратын қызметі қандай?

  7. Факс арқылы жіберілетін іс қағаздарының құрылымы.

  8. XVIII ғасырда жазылған іс қағаздары.

  9. Бұйрық мазмұн – мақсатына қарай құжаттың қай түріне жатады?

  10. Бұйрықтың қандай түрлері бар?

  11. Ресми іс қағаздарындағы тілдік норма.

  12. Жеке іс парағының құрылымына қандай мәліметтер кіреді?

  13. Ресми іс қағаздары терминдерінің қалыптасуы.

  14. Мінездемеде көрсетілетін негізгі мәліметтер.

  15. Мінездеме мазмұнына қарай құжаттың қай түріне жатады?

  16. Бұрыштаманы қайда жазады? Бұрыштаманың үлгілерін жазыңыздар.

  17. XIX ғасырдағы ресми іс қағаздары тілінің қалыптаса бастауы.

  18. Жаңа түркі дәуіріндегі ресми іс қағаздары.

  19. Түйіндеме мазмұнына қарай құжаттың қай түріне жатады?

  20. Түйіндеме жазудағы мақсат не, оны неге байланысты жазады?

  21. Ресми іс қағаздары тілінің стилі?

  22. Хаттаманың құрылымына қандай мәліметтер кіреді?

  23. Хаттаманың «тыңдалды», «жарыссөз», «қаулы» деп аталатын

бөліктерінде не жазылады?

  1. Іс қағаздары және олардың түрлері.

  2. Хаттаманың үзіндісіне (көшірмесіне) қандай мәліметтер кіреді?

  3. Алғашқы қазақ газеттерінің іс қағаздары стилін қалыптастырудағы рөлі.

  4. XIX ғасырдың II жартысындағы әкімшілік орындарының бұйрық –

жарлықтары.

  1. Қызметтік хат қандай бөліктерден тұрады?

  2. Қызметтік хаттың жеке хаттан айырмашылығы не?

  3. Анықтама, анықтаманың құрылымы.

  4. Анықтама не үшін беріледі (үлгісін беру).

  5. XIX ғасырдың II жартысында жазылған қазақша заң жинақтары мен

ережелері.

  1. Еңбек келісімі қандай мақсатта жазылады?

  2. Еңбек келісімінде жазылатын негізгі мәліметтер қандай?

  3. Түйіндеме жазғанда адамның қандай қабілет – қасиеттері көрінуі керек?

  4. Қазақ әдеби тілінің стильдік тармақтары.

  5. Іс қағаздарын жазғанда қойылатын талаптар қандай?

  6. Қаулының құрылымына не кіреді, қаулыны қандай жағдайларда

шығарады?

  1. Жұмыс беруші мен Маман арасындағы еңбек келісімі қалай жасалады?

  2. Ресми іс қағаздарын жазу мәдениеті.

  3. XX ғасырдағы тіл саясатының қазақ ресми іс қағаздары тіліне әсері.

117