Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДНГЯ_Улбике апай (ж.т).doc
Скачиваний:
90
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
1.03 Mб
Скачать

1. Ашық буынды сөзді табыңыздар.

А) Тамаша

В) Әкімшілік

С) Жақсылық

Д) Ғажап

Е) Бапкер

2. Сөз мағынасын зерттейтін тіл білімінің ғылыми саласын

атаңыздар.

А) Фонетика

В) Лексикология

С) Морфология

Д) Синтаксис

Е) Стилистика

3. Түбірлес сөздерді табыңыздар.

А) Тіл, діл

В) Қыс, қыз

С) Қор, көр

Д) Көрме, көргіш

Е) Қамқор, көмек

4. Жаңа сөздерден (неологизмдерден) тұратын қатарды

табыңыздар.

А) Былтыр, биыл, қайта құру

В) Ұстаз, оқытушы, ғалам тор

С) Өркениет, ғаламдастыру, нарық

Д) Компьютер, интернет, ғылым

Е) Аспап, құрал, техника

5. Етістікті сөз тіркестерін табыңыздар.

А) Өнерлі бала

В) Жетпіс бесінші

С) Таза жүру

Д) Жол торабы

Е) Менің пікірім

12-апта. 23-сабақ

170-тапсырма. Іс қағаздарын жүргізу барысында қолданылатын құжаттардың іштей бөліну түрлері туралы өзара пікір алмасыңыздар.

171-тапсырма. Іс қағаздары қалай топтастырылады? Сабақ барысында талқылаңыздар.

172-тапсырма. Мәтіннің мазмұнымен мұқият танысып, мағынасын меңгеріп, мазмұндаңыздар.

Іс қағаздарының түрлері және

оларды топтастыру

Іс қағаздарының түрлері өте көп, олардың негізгі түрлерін: мақсаты мен мазмұнына, жасалған орнына, жасалу сатысына, қызметіне, формасына, т.б. ерекшеліктеріне қарай топтастыруға болады. Ұйымдар мен мекемелердің іс жүргізу барысында қолданылатын құжаттарын жалпы мақсатына қарай ұйымдық-өкілеттік құжаттар деп алып, оларды іштей бірнеше топқа бөлуге болады.

  1. Іс қағаздарын мазмұны мен қызметіне қарай:

а) жеке адамға қатысты және ә) қызметтік іс қағаздары деп екіге бөлінеді.

Жеке адамға қатысты іс қағаздарыжеке азаматтар атынан жазылады.

Оларға мыналар жатады: өмірбаян, арыз, сенімхат, қолхат, хат, төлқұжат, куәлік, білімі туралы куәлік, т.б. Төл құжат, куәлік, білімі туралы куәлік сияқты құжаттарды мекемелер азаматтардың өз қолына береді, яғни әркімнің өзінде болады.

Қызметтік іс қағаздары мекеме немесе сол мекеменің жауапты адамының атынан жазылады. Қызметтік іс қағаздарына мекемелер мен ұйымдардың іс жүргізу барысында дайындайтын барлық құжаттарын жатқызуға болады. Олар: қызметтік хаттардың барлық түрі, бұйрық, хаттама, т.б.

2. Формасына қарай: а) типтік; ә) трафареттік және б) еркін болып бөлінеді. Типтік іс қағаздары деп қалыптасқан мәтін-үлгі бойынша жазылатын іс қағаздарын айтады. Олар: арыз, өтініш, т.б.

Трафареттік іс қағаздарыдеп мәтіннің белгілі бір бөлігі алдын ала типографиялық әдіспен басылып дайындалған құжаттарды айтады.

Мәтіннің алдын ала дайындалған бөлігінде өзгермейтін ақпарат жазылады. Мысалы, студенттің белгілі бір оқу орнында оқитынын растайтын анықтама (анықтаманың бланкісі). Мұнда студенттің аты-жөні, оқитын бөлімі мен курсы жазылатын арнайы орын қалдырылып, қалған бөлігі (бланкісі) типографиялық әдіспен басылып, дайындалады.

Еркін мәтінді іс қағаздарына белгілі бір мәселе, ғылыми немесе әдеби еңбек, өнер туындысы, т.б. туралы ресми түрде жазылатын құжаттар жатады. Мысалы: пікір. Еркін мәтін іс қағаздарына да, жалпы іс қағаздарына да қойылатын талаптар сақталады.

3. Жасалу орнына қарай: а) мекеменің ішкі іс қағаздары; ә) сырттан келіп түсетін іс қағаздары болып бөлінеді.

Мекеменің ішкі іс қағаздарынамекеменің қызмет ету барысында, оны құжаттау процесінде мекеме ішінде дайындалған іс қағаздары жатады.

Мекемеге басқа ұйымдар мен мекемелерден келіп түсетін құжаттар сырттан келіп түсетін іс қағаздарына жатады.

4. Шығу, жасалу деңгейіне қарай іс қағаздары:а) түпнұсқалық және ә) көшірмелік болып бөлінеді.

Түпнұсқалық іс қағаздарынакез келген құжаттың бірінші рет жасалған нұсқасы (оригинал) жатады.

Көшірмелік іс қағаздарына түпнұсқаның мәтіні сол күйінде өзгеріссіз сақталып алынған толық нұсқасы немесе бір бөлігі жатады. Көшірмелік іс қағаздарына кез келген құжаттың көшірмесін (диплом, бұйрық көшірмесін, т.б.), үзіндісін (хаттамадан үзінді, бұйрықтан үзінді, т.б.), дубликатын жатқызуға болады. Үзінді – құжаттың қажетті бөлігінің мәтіні өзгертілмей жазылып, қолға берілетін нұсқасы. Дубликат – құжат жоғалған кезде берілетін құжаттың түпнұсқасымен күші бірдей көшірмесі.

173-тапсырма. Ұйымдық құжаттардан мәлімет алып, мәтінді мазмұндаңыздар.

Ұ й ы м д ы қ қ ұ ж а т т а р

Ұйымдық құжаттарғамекеменің ұйымдастырылуына, құрылуына қатысты құжаттар жатады, олар: басқару аппараттық құрылым, оның құрамы, штат кестесі, ішкі тәртіп ережесі, жарғы, міндеттер, қызметтік нұсқау (инструкция), т.б. құжаттар жатады.

Мекеме мемлекеттік тіркеуге алынған сәттен бастап заңды тұлға болып саналады. Тіркеуге алынған мағлұматтар заңды тұлғаларды тіркейтін Мемлекеттік реестрге алынады. Ұйымдық-құқықтық әрекетіне қарай мекеменің құжаттарына мекеме жарғысы, құрылтайшылар келісімі, коммерциялық емес ұйымдардағы жалпы ережелер жатады.

Мекеме жарғысыбелгіленген тәртіп бойынша бекітіледі. Жарғыда мекеменің іс-әрекеті, негізгі бағыты, басқа бірлестіктер, жеке, заңды тұлғалармен қарым-қатынасы, құқықтары мен міндеттері жазылады. Жарғы мекеменің атын, мекен-жайын, оның ұйымдық-құқықтық әрекеттерін, басқару органын, бақылаушыларын, мекеменің қайта құрылуын, қызметін тоқтатуын реттейді, растайды. Жарғы негізінде мекеменің құрылымдық жүйесі мен жұмысшылар саны анықталады.

Штат кестесінде қызметтік атаулар мен еңбекақылар көрсетіледі. Мекемелердің құрылымдық бөлімшелерінің құқығын анықтайтын, жауапкершілік міндеттерін, қызметтерін белгілейтін Ереже жасалады.

174-тапсырма. Өкілеттік құжаттарға берілген мәтінмен мұқият танысып, мағынасын меңгеріп, мазмұндаңыздар.

Ө к і л е т т і к қ ұ ж а т т а р

Өкілеттік құжаттарғамекеменің қызметтік іс-әрекеттеріне және қызметкерлеріне байланысты жазылатын бұйрықтар мен нұсқаулар жатады. Мұндай құжаттарға мекеме, ұйым, бірлестік басшысы қол қояды.

Өкілеттік құжат мәтіндерінің тақырыптары «... туралы», «... жөнінде», «... жайында» деген сияқты шылаулармен келген сөз тіркестерінен тұрады. Тақырып аттары қысқа, нақты болуы керек. Мысалы: «... өзгеріс енгізу туралы», «... қайта қарау жөнінде», «... шара қолдану жайында», «... қорытындысы жөнінде», т.б.

Бұйрықтарда ұйымның өндірістік-шаруашылық және басқа да маңызды бағыттағы мәселелері жазылады. Бұйрықтың ең маңызды бөлігі – оның мәтіні. Бұйрықтың мәтіні өкілеттік бөлімдерден құралып, «БҰЙЫРАМЫН» деген сөзбен беріледі және жеке жолға жазылады. Онда іс-әрекеттің орындалу мерзімі, орындаушының аты-жөні, қызметі көрсетіледі.

175-тапсырма. Анықтама-ақпараттық құжаттардан мәлімет алып, мәтіннің мазмұнына сұрақ-жауап құрастырыңыздар.