Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДНГЯ_Улбике апай (ж.т).doc
Скачиваний:
90
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
1.03 Mб
Скачать

Анықтама-ақпарттық құжаттар

Ұйымдық-өкілеттік құжаттардың көп кездесетін түріне анықтама-ақпараттық құжаттар жатады. Олар: хат, жеделхат, телефонхат, түсініктеме, мәлімхат, акт, анықтама және т.б. қызметтік хаттар жатады. Бұл құжаттардың барлығы ақпарат беру мақсатында жазылады, белгілі бір оқиғаны, фактіні, іс-әрекетті белгілейді, баяндайды.

Хат, жеделхат, телефонхаттар арқылы мекемелер арасында ақпарат алмасуы болады, ұсыныстар айтылып, алдын ала келісімдер жасалады, яғни мекеме басқа бірлестіктермен ресми байланыс жасайды.

Анықтама-ақпараттық құжаттардың бірі – акт. Ол мекеме жетекшісінің тағайындауымен құрылған тексерушілер тобы және жауапты адамдардың қатысуымен жазылады. Актілердің бірнеше түрлері кездеседі. Олар: материалдық құндылықтарды жарамсыз деп санау, іс қағаздарын қабылдап алу, өткізу, материалдық құндылықтарды қабылдау, өткізу, т.б. Құжатта акт жазушылардың аты-жөндері міндетті түрде жазылады.

12-апта. 24-сабақ

176-тапсырма. Өмірбаянда не жазылады, оның құрылымына не кіреді? Берілген сұраққа жазбаша жауап дайындаңыздар.

177-тапсырма. Өмірбаян неше түрлі болып жазылады? Өз пікіріңізбен ой бөлісіңіздер.

178-тапсырма. Өмірбаян туралы берілген мәліметпен мұқият танысып, оның жазылу жолын меңгеріп алыңыздар.

Өмірбаян және оның түрлері

Өмірбаян – жеке адамның өмір жолы мен қызметі хронологиялық тәртіппен туған күнінен бастап, бүгінге дейін жазылатын анықтама-ақпараттық іс қағазының бір түрі. Тәжірибеде өмірбаян үш түрлі болып жазылады:

Біріншісінде адам өзінің өмірі мен қызметі туралы баяндайды. Бұл көбінесе қызметке орналасу кезіндегі жеке іс қағаздарына қоса тігу үшін жазылады. Онда адам өзінің аты-жөнін, туған күнін, айын, туған жерін толық көрсетеді. Одан кейін өзінің өмірі мен қызметі туралы деректерді ретімен жазады.

Өмірбаянның бұл түрі көбінесе ресми іс қағаздары стилімен жазылады да, көлемі жағынан шағын болады.

Өмірбаянның екінші түрі – мемуарлар, яғни ақын, жазушылардың, өнер, қоғам қайраткерлерінің өз өмірін қоғам өмірімен байланыстыра баяндауы. Мұндай өмірбаяндар көркем шығармаға жақын әдеби тілмен, шебер жазылғандығымен оқырманды қызықтырады және ол оқырманды жеке адам өмірімен ғана емес, қоғамның дамуымен де таныстырады.

Өмірбаянның бұл түрінде жазушының көзқарасы, дүниетанымы көркем сөзбен жан-жақты баяндалады. Яғни ойды, сезімді, оқиғаны көркем сөз арқылы әсерлі жеткізіп, оқушының сана-сезіміне, көңіл-күйіне әсер ету принципі негізге алынады.

Мұндай шығармалардың қай тілде болмасын өте көп және қара сөзбен де, өлең сөзбен де жазылатын түрлері кездеседі. Мысалы, Қ. Байсейітовтың

« Құштар көңіл» (1977), Ш. Жиенқұлованың «Өмірім менің – өнерім» (1983),

Д. Қонаевтың «Өтті дәурен осылай» атты кітаптары өмірбаянның осы түріне жатады.

Өмірбаянның үшінші түрінде қоғамға белгілі қайраткерлердің өмірі мен шығармашылық, саяси қызметтері өз тарапынан емес, басқа біреулердің тарапынан баяндалады. Мысалы, ұлы жазушылар мен ақындар – А. Құнанбаев, Ш. Уәлиханов, А.С. Пушкиннің өмірлері туралы шығармалар осындай өмірбаян түріне жатады.

Атап айтсақ, С. Мұқановтың «Аққан жұлдыз», М. Әуезовтың «Абай жолы» шығармалары. Өмірбаянның мұндай түрі көркем шығарманың әр түрлі жанрларында очерктен бастап роман-эпопеяға дейін жазыла береді.

Бұл өмірбаян алдыңғы екеуінен өзгеше, қоғамдық талапқа сай публицистикалық тілмен жазылады. Мұндағы мақсат – мәліметті қоғамның жалпы мәдениеті, экономикасы мен әлеуметтік жағдайына сәйкестендіре беру. Сондықтан, өмірбаянда субъектінің суырыпсалма ақын болғандығы немесе жетім қалғандығы сол кездегі қоғамдық ортаға қатысты баяндалады.

Әдеби-публицистикалық өмірбаянның көлемі әр түрлі болып келеді. Мысалы, С. Мұқановтың «Өмір мектебі», Б. Соқпақбаевтың «Менің атым – Қожа», С. Сейфуллиннің «Тар жол тайғақ кешуі» сияқты көлемді, өмірбаяндық шығармалары да кездеседі.

Күнделікті өмірде ең жиі қолданылатын құжаттың біріншісі – өмірбаян. Ол әркімнің өз қолымен жүйелі түрде бірінші жақта, жекеше формада баяндалады.