Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДНГЯ_Улбике апай (ж.т).doc
Скачиваний:
90
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
1.03 Mб
Скачать

Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық

университеті

әл-Машани атындағы Жоғары технологиялар және тұрақты

даму институты

Қазақ тілі кафедрасының № 6

ХАТТАМАСЫНАН ҮЗІНДІ

Алматы қаласы 21.01.11

Төрайым: Кафедра меңгерушісі, профессор Г.Т.Тұрсынова

Хатшы: А.А.Бакиева

Қатынасқандар: профессор Г.Т.Тұрсынова, профессор К.Б. Жақсылықова, профессор Ұ.Р.Шүленбаева, ф.ғ.к., доценттер: С.С.Айтжанова, Т.Садақбаев, п.ғ.к, доцент Р.Ш.Әбдiсүлейменова, ф.ғ.к., аға оқытушы Г.Ө.Зәуірбекова, ҚазҰТУ доценттері: А.С.Итемирова, Г.Д.Рыскелдиева, М.Ө.Карамендина, аға оқытушылар: Ш.М.Оспанова, Г.А.Аужанова, А.Ә.Өмірбеков, Қ.Рысқұлбекова, Р.Б.Қадырқұлова, В.М.Сағымбаева, М.Б.Бердиллаева, Қ.Ә.Ілесова, Р.Т.Төлегенова.

КҮН ТӘРТІБІНДЕ:

Баспаға әзірленген әдістемелік нұсқауды қарастыру.

Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің профессоры Г.Т. Тұрсынова, профессор Ұ.Р. Шүленбаева, доцент А.С.Итемировалардың Қазақ тілі пәні бойынша дайындаған «Кен байлығы – ел байлығы» тақырыбына жазған әдістемелік нұсқауды талқылау және баспадан шығаруға ұсыну .

ТЫҢДАЛДЫ: п.ғ.д., профессор К.Б. Жақсылықованың профессор Г.Т. Тұрсынова, профессор Ұ.Р. Шүленбаева, доцент А.С.Итемировалардың Қазақ тілі пәні бойынша дайындаған «Кен байлығы – ел байлығы» тақырыбына жазған әдістемелік нұсқауды баспаға ұсыну туралы хабарламасы тыңдалды.

ҚАБЫЛДАНҒАН ҚАУЛЫ: Профессор Г.Т. Тұрсынова, профессор Ұ.Р. Шүленбаева, доцент А.С.Итемировалардың Қазақ тілі пәні бойынша дайындаған «Кен байлығы – ел байлығы» тақырыбына жазған әдістемелік нұсқау баспадан басып шығаруға ұсынылсын.

Қазақ тілі кафедрасының

меңгерушісі, профессор ___________ Тұрсынова Гүлбаршын

қолы Тұрсынқызы

Хатшы __________ Бакиева Айгүл Әдікенқызы

қолы

147-тапсырма. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Хаттамадан үзінді қандай жағдайда жазылады? 2. Хаттаманың үзіндісіне қандай мәліметтер кіреді? 3. Құжаттың атын қалай жазу керек? 4. Хаттама үзіндісінің күн тәртібінде не жазылады? 5. Хаттама үзіндісіне енгізілетін мәліметтерді атаңыздар.

148-тапсырма. Хаттамаға байланысты берілген тест тапсырмаларын орындаңыздар.

1. Хаттамаға .......................... Қолы қойылады.

А) Мәжіліс төрағасы мен хатшының

Ә) Мекеме басшысының

Б) Хатшының

В) Мәжіліске қатысушылардың

2. Хаттамада ......................... мәлімет жазылады.

А) Мәжілісте қаралған мәселелер туралы

Ә) Азаматтардың құқығы туралы

Б) Мекеменің таратылуы туралы

В) Жеке адамның азаматтық хал-жағдайы туралы.

3. Хаттаманың күн тәртібінде ......................... жазылады.

А) Хатшы туралы мәлімет

Ә) Қатысқандар туралы мәлімет

Б) Сөз сөйлегендердің сөзі

В) Мәжілісте қаралатын мәселелер

4. Хаттаманың «тыңдалды»

бөлігінде ................. жазылады.

А) Мәжіліс төрағасы туралы

Ә) Күн тәртібіндегі талқыланған мәселелер туралы

Б) Нақты қарастырылған мәселе туралы

В) Қабылданған қаулы туралы

5. Хаттаманың «жарыссөз» бөлігінде ................ жазылады.

А) Жасалған баяндама туралы

Ә) Сөз сөйлеушілердің пікірлері

Б) Жасалған баяндама туралы

В) Мәжіліс төрағасының қорытынды сөзі

149-тапсырма. Берілген мәселелерді қатыстырып, хаттамадан үзінді жазыңыздар.

Күн тәртібі:

1. Мекеме бөлімшелеріндегі еңбекті қорғау мен техника қауіпсіздігі

жөнінде;

2. Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдай штабының қызметі жөнінде;

3. Ғимараттарды жөндеу бөлімінің жұмысы жайлы.

Тыңдалды:

1. Еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі бөлімінің бастығы Сағымбаева Венера Маратқызы баяндама жасады.

2. Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдай штабының бастығы Төлегенова Раушан Төлегенқызының хабарламасы тыңдалды.

3. Ғимараттарды жөндеу бөлімінің бастығы Мамекеева Ырыскүл Құсайынқызының ақпараты тыңдалды.

150-тапсырма. Көп нүктелердің орнына тиісті сөздерді қойып жазыңыздар.

Жиналыстың күн тәртібінде …………….. . 2. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша кафедраның аға оқытушысы Аужанова Гүлжан Аужанқызының ……………… . 3. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша үш адам …………… . 4. Г.Аужанованың пікірін көпшілік ………..... . 5. Бірінші мәселе бойынша ……………. . 6. Дауысқа салған кезде …………… болған жоқ. 7. …………….. директордың орынбасары Қадырқұлова Роза Баймолдақызы хабарлама жасады.

Сөйлемдерді толықтыруға керекті тілдік бірліктер: қалыс қалғандар, қаулы қабылданды, жарыссөзге шықты, баяндамасы тыңдалды, үш мәселе қойылды, бірауыздан мақұлдады, екінші мәселе бойынша.

151-тапсырма. Берілген сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыздар.

1. Повестка дня: а) Создание и название МЧП. б) Принятие устава МЧП. 2. Слушали: а) М.С.Кравченко сообшил о планах создания и названия МЧП. б) К.Н.Насыров ознакомил присутствующих с уставом. 3. Постановление: а) Ходатайствовать о создании и названии кооператива. б) Принять предложенный устав. 4. Повестка дня: а) О реализации Закона РК «О труде в Республике Казахстан». б) О работе отдела маркетинга и государственных закупок. в) О работе отдела контроля и документационного обеспечения.

152-тапсырма. Төмендегі мәселелер бойынша хаттамадан үзінді жазыңыздар.

1. Диплом жұмысының тақырыбын бекіту;

2. Оқу құралын баспаға ұсыну;

3. Диссертациялық жұмысты Ғылыми кеңеске қорғауға жіберу туралы

және т.б.

153-тапсырма. Сөздердің дұрыс мағыналарын тауып, оларды сәйкестендіріңіздер.

1. Төраға

2. Қаулы

3. Еңбекақы

4. Сұхбат

5. Деканат

6. Дискриминация

7. Донор

1. Құқықты жою, құқыққа шек қою.

2. Екі адамның әңгімесі, сөйлесуі.

3. Жиналысты, мәжілісті басқарушы.

4. Көпшіліктің шешімі.

5. Факультет басқармасы орналасқан бөлме.

6. Басқа ауру адамға құю үшін қанын беретін адам.

7. Орындалған жұмысына, істеген қызметіне

алатын ақша.

11-апта. 21-сабақ

154-тапсырма. Тілдің түрлі стильдік тармақтарынан мәлімет алыңыздар. Өз ойларыңызды ортаға салыңыздар.

155-тапсырма. Ресми іс қағаздары тілінің стилін сабақ барысында талқылаңыздар.

156-тапсырма. Берілген мәтінмен мұқият танысып, мағынасын меңгеріп, мазмұндаңыздар.