Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДНГЯ_Улбике апай (ж.т).doc
Скачиваний:
90
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
1.03 Mб
Скачать

Кадрлар жөніндегі жеке іс парағы

Ү л г і :

1. Тегі Жанболатова

Аты Алмагүл Әкесінің аты Асанқызы

2. Жынысы әйел 3. Туған жылы, айы, күні 19 қазан 1962 жыл

4. Туған жері Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Шамалған ауылы

(ауыл, аудан, қала, облыс)

5. Ұлты қазақ Азаматтығы Қазақстан Республикасы

6. Әлеуметтік тегі қызметкер отбасынан

7. Білімі жоғары Диплом бойынша мамандығы қазақ тілі мен

әдебиеті

Жоғары оқу орнының аты, орналасқан жері Алматы қаласы,

Қазақтың С.М. Киров атындағы Еңбек Қызыл Ту орденді Мемлекеттік

университеті.

8. Қандай тілдерді білесіз ана тілім – қазақ тілі, орыс тілінде еркін

қандай дәрежеде сөйлеймін, ағылшын тілін ауызекі сөйлеу

деңгейінде білемін.

9. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы филология ғылымдарының

докторы, профессор.

10. Ғылыми еңбектері 80-нің үстінде

11. Жұмыс істеген орындары, лауазымы, жұмыс істеген жылдары

Бұл тармаққа еңбек кітапшасындағы мәліметтер дәлме-дәл жазылады.

12. Шет елдерде болуы Мемлекеттердің аты, болған жылдары

көрсетіледі.

13. Сайланбалы органдарға қатысуы қатысқан жоқпын

14. Мемлекеттік наградалары марапатталған жоқпын

15. Әскери қызметке қатысы, әскери қызметке міндеттімін

әскери атағы сержант, әскери түрі:

командалық

16. Отбасы жағдайы (отбасы мүшелерінің аты-жөні, туған жылы

көрсетіледі) Отбасы мүшелерінің аты-жөні, туған жылы,

қызметі толық жазылады.

17. Мекен-жайы: Алматы қаласы, С.Торайғыров көшесі 24 үй,

82 пәтер, тел.: 390-56-81

___28.08.2010_______

Толтырылған уақыты қолы______________

192-тапсырма. Әр студент өзінің жеке іс парағын толтырыңыздар.

193-тапсырма. Жеке іс парағында көрсетілген он бес пунктті өзара 5 пункттен бөліп алып, сұрақ-жауап ретінде айтып беріңіздер.

195-тапсырма. Төмендегі сөз және сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырыңыздар.

Құжат, еңбек кітапшасы, жоғары білімі, сайланбалы органдар, тууы туралы куәлік, марапаттау, әскери қызмет, ұйымдар, тармақ, міндетті.

196-тапсырма. Бірінші бағанадағы сөздердің дұрыс түсініктемелерін екінші бағанадан табыңыздар.

1. Ғасыр

2. Қаламақы

3. Полиглот

4. Спикер

5. Тіркеу

6. Орфогра-

фиялық сөздік

7. Жаратылыс-

тану

А) Қоршаған ортаны, табиғатты

зерттейтін ғылым саласы.

Ә) Парламент палатасының төрағасы.

Б) Авторға немесе оның мұрагеріне

төленетін ақы.

В) Жүз жылдық мерзімді қамтитын

уақыт өлшемі.

Г) Сөздердің дұрыс жазылуын көрсететін

сөздік.

Д) Тізімге енгізу.

Е) Көп тіл білетін адам.

197-тапсырма. Жеке іс парағына берілген тест тапсырмаларын орындаңыздар.