Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДНГЯ_Улбике апай (ж.т).doc
Скачиваний:
90
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
1.03 Mб
Скачать

20 Сәуір 2000 жыл Алматы қаласы

Іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу бойынша

нұсқаулықты енгізу туралы

Кәсіпорында құжаттармен жұмыс жасау ісін дамыту

және олардың сақталуын қамтамасыз ету үшін

Б Ұ Й Ы Р А М Ы Н

1. Кәсіпорында іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу бойынша берілген Нұсқаулық бекітілсін.

2. Іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу бойынша Нұсқаулық 20 сәуір 2000 жылдан бастап күшіне енгізілсін.

3. Кәсіпорынның барлық құрылымдық бөлімшелері мен қызметкерлері 20 сәуір 2000 жылдан бастап іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу бойынша Нұсқаулықты, құжаттармен жұмыс жасау жөніндегі Ережені басшылыққа алсын.

4. Хатшы іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу бойынша Нұсқаулығын көбейтіп, барлық құрылымдық бөлімшелерге 26 сәуір 2000 жылға дейін жеткізсін.

5. Осы бұйрықтың орындалуын кәсіпорын директорының орынбасары Зауырбекова Гүлхадиша Өгізбайқызы бақыласын.

Кәсіпорынның

директоры ______________ Төлегенова Раушан Төлегенқызы

қолы

* * * * *

Б Ұ Й Р Ы Қ № 20

Ү л г і:

Алматы қаласы 19.02.2009

Қысқы сынақ пен емтиханды уақытында

Тапсырмаған студенттер туралы

Қысқы сынақ пен емтиханды уақытында

Тапсырмаған студенттер үшін

Б Ұ Й Ы Р А М Ы Н

I. Төмендегі студенттер институттан шығарылсын:

1. Қайназаров Т.М., 050907, 3К-08-1р.

2. Сұңқаров Ә.Б., 050724, ТМО б-08-1р.

Рүстемов К.Н., 070700, ГДб-08-1р.

  1. Себепті жағдайларға байланысты төмендегі студенттерге:

М.Қ. Мақсұтов, Қ.Т. Наймановтарға қысқы сессия мерзімі бір айға (28

қаңтардан 28 ақпанға дейін) ұзартылсын.

Ө.Байқоңыров атындағы

Тау-кен институтының

директоры, т.ғ.д., профессор _________ Искаков Б.М.

қолы

* * * * *

Б Ұ Й Р Ы Қ № 6

Ү л г і:

«Aser» компаниясында қызметін көтеру, жұмысқа қабылдау туралы

2009 Жылдың 19 қарашасында компанияда шығарылған

1130 қаулысына сәйкес

Б Ұ Й Ы Р А М Ы Н

1. Есепші қызметіндегі Жаналиева Бақытжамал Салауатқызы өз қызметіндегі жетістіктері, ерекше көрсеткіштері үшін бас есепші қызметіне тағайындалсын.

2. Ноғайбаева Ғазиза Әмірқызы бас техник-программист қызметіне жұмысқа қабылдансын.

«Aser» компаниясының

директоры _____________ Карамендина Мағжан Өміртайқызы

қолы

* * * * *

Б Ұ Й Р Ы Қ № 27

«Дат» спорттық тауарлар компаниясының

Қызметкерлерін шетелдік іссапарға жіберу туралы

Компанияның 2008 жылдың 15 желтоқсанында

Шығарылған № 5469 қаулысына сәйкес

Б Ұ Й Ы Р А М Ы Н

1. Менеджер қызметіндегі Едіге Шынболатов Будапешт қаласында өтетін халықаралық ғылыми-теориялық конференцияға қатысу үшін бір аптаға (23.12.2010 – 30.12.2010) іссапарға жіберілсін.

2. Қызметкерлер Иманғалиев Асылжан мен Саттарбеков Еламан Токио қаласында өтетін суретшілердің халықаралық көрмесіне өз туындыларын қою үшін іссапарға жіберілсін.

«Дат» компаниясының

директоры ____________ Бердиллаева Меңдіқыз

қолы Бексұлтанқызы

215-тапсырма. Берілген сөздерді мағынасына қарай іріктеп, дұрыс мағыналы сөйлемдер құрастырыңыздар.

1. 2 тұрады, мәтіні, бұйрық, бөліктен;

2. Бөлікте, беруге, бірінші, негіз, дерек, болған констатациялық, көрсетіледі, бұйрық;

3. Бойынша, қызмет, екінші, өкімдік, деп, бөлігі, негізгі, аталады, бұйрықтың, бөлік;

4. Бірнешеу, егер, болса, әр тармақ, басталады, жолдан, азат, тармақ, тапсырмалар;

5. Негіз, мәтініне, көрсетіледі, бұйрықтарда, мұндай, кейін, бұйрық.

14-апта. 28-сабақ.

216-тапсырма. Хабарландыру қандай, не істейтін құжат? Бір-біріңізбен ой бөлісіңіздер.

217-тапсырма. Хабарландыру беріп көрдіңіз бе, оның құрылымына не кіреді? Сұрақ-жауап құрастырыңыздар.

218-тапсырма. Хабарландыру туралы берілген қысқаша мәліметпен танысып, бұл құжаттың жазылу үлгілерімен танысыңыздар.

Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У

Мекемелердің, ұйымдардың атынан оның мүшелеріне алдағы болатын іс-шаралар туралы хабарлап жеткізетін құжаттың түрі – хабарландыру.

Мұнда хабарланып отырған мәселенің (жиналыс, мәжіліс, кездесі, т.б. жайлар) айы, күні, жылы, болатын уақыты мен орны көрсетіледі.

Соңынан хабарландыру беруші мекеменің , ұйымның аты қойылады.

Хабарланатын мәселенің мазмұны мен мақсатына қарай хабарландыру түрлі-түрлі көлемімен, көркемделуімен ерекшеленеді. Ол белгі бір оқиғаны немесе жағдаяттың болатын мерзімін, орнын баяндайтын ресми құжат. Хабарландыру жазбаша да, ауызша да болуы мүмкін.

219-тапсырма. Төменде берілген сөздер мен сөз тіркестерінің аудармаларын есте сақтаңыздар.

Хабар – информация; сообщение; уведомление; передача

Хабарлау – сообщить; уведомить; известить

Хабарлаушы – уведомитель

Хабарландыру – объявление; уведомление; оповещение; объявить;

известить; оповестиь; оповещать

Хабардар болу – быть в курсе дела

Хабарласу – сообщаться; давать друг другу известие

Хабарсыз – известно; хабарсыз кетті – пропал без вести

Хабаршы – вестник

Хабар иесі – человек, который известил

Хат-хабар – известия; корреспонденция

Хабарландыру беру – давать объявление

Хабарландыру жазу – писать объявление

Хабарлама – извещение; сообщение

Радиомен соңғы хабарларды беру – передача последних известий по

радио; қуанышты хабар – радостное известие

Хабарландыру іліп қою – повесить объявление

Ақпараттық хабарлама – информационное сообщение

220-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Хабарландыру ненің негізінде хабарланады? 2. Хабарландыруды ауызша беру мүмкін бе? 3. Хабарландыруды кім жазады? 4. Оны қандай жағдайда бірнеше жерге ілу керек? 5. Хабарландыруды кімнің жазғанын көрсету керек пе?

221-тапсырма. Төмендегі мәселелерге байланысты хабарландыру жазыңыздар.

1. Емтиханды уақытынан ерте тапсыру;

2. «ҚазҰТУ көктемі» атты конкурсқа талапкерлерді шақыру;

3. Қазақ тілі пәнінен пәндік олимпиаданы өткізу;

4. I курс студенттерін студенттер қатарына қабылдау мәдени іс-шарасына қатысу туралы, т.б.

222-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті жалғауларды қосып жазыңыздар.

1. Тақтада хабарландыру... үлгісі ілулі тұр. 2. Студенттер жазылған хабарландыру... оқыды. 3. Жиналыстың болатынын хабарландыру... білдім. 4. Күн тәртібі хабарландыру... жазылған. Студенттер кешінің болатынын хабарландыру... жазыңыздар. 5. Хабарландыру... көлемі әр түрлі болады. 6. Эдвайзер хабарландыру... айтуға келді.

223-тапсырма. Хабарландырудың үлгілерімен танысыңыздар.

Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У

2003 жылдың 8 мамыр күні, таңертеңгі сағат 10-да университеттің үлкен мәжіліс залында Ұлы Отан соғысы ардагерлерімен кездесу болады.

Бағдарламада: 1. ҚазҰТУ ректорының құттықтау сөзі.

2. Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің естелік-әңгімелері.

3. Көркемөнерпаздардың концерті.

Ректорат

Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У

«Томирис» мейрамханасына сымбатты қыз-жігіттер конкурс негізінде жұмысқа қабылданады. Қатысамын деушілерге есік ашық, талапқа сай құжаттарды 1 мамырға дейін тапсыруға болады. Мекен-жайы: Достық даңғылы, 15-үй, Абай даңғылының қиылысы.

Телефон: 356-48-31, ұялы телефон: 8-777-768-65-34

Мейрамхана басшысы

Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У

Ертең, 15 мамыр күні, сағат 19.00-де, Республика сарайында Қазақстанның халық әртісі Р.Рымбаеваның «Шақырады көктем» атты концерті болады. Билеттер Қазақконцерт кассасында сатылады. Келіңіздер! Көріңіздер!

Мәдениет министірлігі әкімшілігі

Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У

2011 жылы 17 ақпан күні сағат 11.00-де «Математика» пәні бойынша университет көлемінде олимпиада өткізіледі. Келіп қатысуға болады. Олимпиада ҚазҰТУ мәжіліс залында өткізіледі.

Деканат

Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У

Бәріңе! Бәріңе! Бәріңе! 22 наурыз күні университет өнерпаздарының дайындаған «Ән – көңілдің ажары» атты концертіне шақырамыз. Концерт Наурыз мерекесіне арналады.

Келіңіздер! Көріңіздер!

Университет көркемөнерпаздарының ұйымы

Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У

Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің II курс студенттері 2011 жылдың 25 мамыры күні мемлекеттік аралық (ПГК) бақылау тестін тапсырады. II курс студенттері түгел қатысуға міндетті.

Ректорат

К Е П І Л Х А Т

Мазмұны мен құрылымы жағынан қолхат пен кепілхат бір-біріне ұқсас. Кепілхат та, қолхат та біреуден белгілі құндылықтардың (құжат, мүлік, зат, ақша, т.б.) алынғанын және оны белгілі бір мерзімде қайтарып беретіндігін міндеттеп көрсететін, кепілдік беретін, куәландыратын ресми құжаттың бір түрі.

Мұнда алынған заттың аты, көлемі, саны, тізімі, т.б. беруші адамның аты-жөні, қызметі, заттың қайтарылу мерзімі толық көрсетіледі. Сандық белгілер жақшаның ішіне сөзбен жазылады.

Соңынан қолхат, кепілхат берген адамның аты-жөні толық жазылып, күні, айы, жылы қойылады. Нотариалдық кеңседе тіркеліп, мөр басылады.

224-тапсырма. Кепілхаттың үлгісімен танысыңыздар .

К Е П І Л Х А Т

Ү л г і:

Алматы қаласы 27.02.03

5 нотариалдық кеңсе

Мен, Сәрсенбай Алмат Айсұлтанұлы, мекен-жайым: Алматы қаласы, Сейфуллин даңғылы, 58 үй, 76 пәтер, жеке басымның куәлігі № 77779998419, ҚР IIМ берген.

Алматы қаласы, Абай даңғылы, 128-үй, 18-пәтерде тұратын азамат Айтбеков Асан Мәлікұлынан 250000 (екі жүз елу мың) теңге алдым.

Өз міндеттерімді орындауға кепілдік беремін:

  1. келісімшартқа сәйкес пайыз төлеп тұруға;

  2. алынған ақшаны келісілген мерзімде қайтаруға;

  3. келісімшарт талаптары орындалмаған жағдайда айып төлеуге;

  4. мекен-жайым өзгерген жағдайда, 3 күн мерзім ішінде хабарлауға.

Осы кепілхат 3 дана етіп жасалған, 1 данасы Алматы қаласы № 5 кеңседе тіркелген, 2-ші данасы – Айтбеков Асанда, 3-ші данасы Сәрсенбай Алмат Айсұлтанұлында сақталады.

27.02.03

Тараптардың қолы ____________ А.А. Сәрсенбай

Мөр басылады.

15-апта. 29-сабақ

225-тапсырма. Анықтама құжаты туралы берілген мәліметпен танысып, анықтама жазуды үйреніп алыңыздар.

226-тапсырма. Анықтаманы кім береді, оның құрылымына не кіреді? Пікір алмасыңыздар.

227-тапсырма. Берілген мәтіннің мағынасын меңгеріп, мазмұндаңыздар.

А Н Ы Қ Т А М А

(С п р а в к а)

Анықтама– мазмұны белгілі бір фактіні, оқиғаны растайтын, дәлелдейтін, сипаттайтын ақпараттық-анықтамалық іс қағазының бір түрі.

Анықтама көп жағдайда жеке адамға байланысты нақты бір ақпаратты растау үшін беріледі. Мысалы: тегі, аты-жөні, туған күні, туған жері, еңбек стажы, атқаратын қызметі, білімі туралы мәлімет, мамандығы, т.б.

Мекеме жетекшісі өз билігі мен өкілеттілігінің шеңберінде ғана анықтама беруге және оны растап қол қоюға құқы бар. Анықтама беруші жауапты адамның қолы ұйым мөрімен расталады.

Кез келген анықтаманың тіркелген нөмірі, жауапты адамның қолы, мекеме мөрі болғанда ғана заңды күші болады. Анықтамадағы қызметтік сипаттағы мәліметті тиісті бөлім қызметкері тексереді. Мысалы: еңбекақы туралы мәліметті бухгалтерия бөлімінің қызметкері, белгілі бір мекемеде жұмыс істейтіндігі туралы мәліметті кадр бөлімінің қызметкері тексереді.

Анықтама құрылымы төмендегідей:

  1. Құжаттың аты.Мысалы: Анықтама.

  2. Негізгі мәтін. Негізі мәтінде анықтаманың не үшін берілгендігі жазылады. Мысалы:

Осы анықтама Қапалбекова Гүлназ Сатыбалдықызының Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ Автоматика және басқару жүйесі технологиялары институтының күндізгі бөлімінің IV курс студенті екендігін растайды.

3. Анықтаманың қай ұйымға арналып берілгендігі туралы мәлімет. Мысалы: Анықтама темір жол және аэрофлот кассаларына көрсету үшін беріледі.

4. Анықтаманың жарамдылық мерзімі туралы мәлімет.Мысалы: 2007 жылдың 30 тамызына дейін жарамды. Анықтама берілген күннен бастап 3 айға дейін жарамды.

5. Анықтама мәтінінде жазылған мәліметтің растығын жауапты ұйым жетекшісінің лауазымы, аты-жөні және қолы. Мысалы: Қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі, профессор Тұрсынова Гүлбаршын Тұрсынқызы.

228-тапсырма. Мәтіннің мазмұнына берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Анықтама нені растайтын құжат? 2. Анықтамаға қол қоюға кім құқылы? 3. Оның несі болғанда заңды күшке ие болады? 4. Анықтаманың растығын кімдер тексереді? 5. Анықтаманың құрылымына не кіреді? 6. Негізгі мәтінде не айтылады? 7. Анықтаманың жарамдылық мерзімін көрсету міндетті ме?

229-тапсырма. Анықтаманы қазақ тіліне аударыңыздар.

Настоящая справка выдана Сериковой Камиле Кадирбековне, уроженке село Енбекши Каскеленского района Алматинской области в том, что в период с 1989 по 1994 гг. она действительно обучалась на заочном отделении в Казахском политехническом институте имени В.И.Ленина.

230-тапсырма. Сөздікті жаттап алыңыздар.

берілген күннен бастап – со дня выдачи

растайды, дәлелдейді – подтверждает

көрсету үшін – для предъвления

дейін жарамды – действительно до

осы анықтама – настоящая справка

анықтама бойынша – согласно справке

анықтама беру – дать (давать) справку

231-тапсырма. Төмендегі мәселелерге байласты анықтама жазыңыздар.

1. Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ Құрылыс және сәулет институтының I курс студенті Тоқтамысова Меруертке Ұлттық кітапханаға тіркелу үшін оқу орнынан анықтама алу;

2. Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ Мұнай және газ институтының III курс студенті Сағындықов Қайрат Қамалұлы денсаулығына байланысты бір ай бойы сабаққа қатыспағаны үшін дәрігерден анықтама алу;

3. Өндіріс орнында жұмысшының жарақат алғандығын растап анықтама жазу;

4. Бірыңғай Ұлттық тестілеуге уақытында келіп қатыса алмай қалған талапкердің нақты, дәл себебін растайтын анықтама жазу.

233-тапсырма. Анықтаманың үлгілерімен танысыңыздар.

А Н Ы Қ Т А М А

Ү л г і:

Осы анықтама Көпжасаров Қатира Аманқызының Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ Д.14.08.20 Диссертациялық кеңесінде «Ақпараттанудың жаңа жүйесін пайдалану» атты тақырыпта 16.02.2011 жылы диссертация қорғағандығын растайды.

Анықтама кадр бөліміне жалақысына үстемақы қосу үшін берілді.

Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ

Диссертациялық кеңесінің төрағасы,

т.ғ.д. профессор _______________ С.Ж.Мамаев

қолы

* * * * *

А Н Ы Қ Т А М А

Бұл анықтама Алматы қаласы, Алмалы ауданындағы Қабанбай батыр көшесі, 5 үй, 13 пәтер тұрғыны Қайырболатов Жарас Төрегелдіұлының отбасында үш адамның бар екендігін растап беріліп отыр. Олар: әйелі Қайырболатова Жазира, 1948ж. туылған; қызы Қайырболатова Майра, 1976 ж. туылған; ұлы Қайырболатов Сәкен, 1980 жылы туылған.

Анықтама Алмалы аудандық әлеуметтік қамсыздандыру бөліміне тапсыру үшін берілді.

«Қарлығаш» тұрғын үй

бөлімшесінің төрайымы __________ Рысқұлбекова Күнәркүл

қолы Сейітқазықызы

А Н Ы Қ Т А М А

Алматы қаласы 19.10.2008 ж.

Бостандық ауданына қарасты

56 мектептің оқу-әдістемелік

бірлестігінің жұмысы туралы

Бостандық аудандық оқу бөлімі ұйымдастырған тексеру № 56 мектептің оқу-әдістемелік бірлестігінің 2007-2008 оқу жылында төмендегідей жұмыстар атқарғанын анықтады;

1. Оқу-әдістеме технологиясын жеңілдету үшін әрбір пәнге бақылау тест сұрақтарын, қосымша материалдар дайындаған.

2. Оқу процесін жаңа технологиялық жүйеге көшіру үшін компьютер кабинеттерін ашып, интерактивті тақталар орнатқан.

3. Түрлендіріліп әзірленген көрнекі құралдармен жабдықтаған және т.б.

Аудандық оқу бөлімінің

меңгерушісі ______________ Әбдісүлейменова

қолы Раиса Шоғанбекқызы

234-тапсырма. Іс қағазының бір түрі – акт құжаты туралы мәліметпен мұқият танысып, мәтінді мазмұндаңыздар.

А К Т

Акт – бірнеше лауазымды адамдардың белгілі бір фактіні немесе оқиғаны растап қол қоятын құжаттың бір түрі. Актіні жеке адам (тексеруші- ревизор, сарапшы-аудитор, инспектор) толтыруы мүмкін.

Актілер кәсіпорынның немесе оның бөлімшелерінің және жеке лауазымды адамдардың қызметін тексеру қорытындысы бойынша, мүлікті не құжатты қабылдау-өткізу, объектіні немесе тауар-ақшалық бағалы заттарды қабылдау кезінде жасалады.

Актінің құрамы мынандай деректерден тұрады:

Кәсіпорынның атауы, құжат түрі, күні, индексі, жасалу орны, бекіту белгісі, тақырыбы, мәтіні, қосымшасы бар екендігі туралы белгі, қолы.

Актіге комиссия төрағасының және мүшелерінің қолы қойылады.

Актінің мәтіні екі бөліктен тұрады: 1. кіріспеден және 2. белгілеуші бөліктен.

Кіріспеде актіні жасауға негіз болған құжат түрі, оның нөмірі, күні көрсетіледі. Ары қарай лауазымдары көрсетілген комиссия құрамы, сондай-ақ тексеру кезінде болған адамдардың тізімі аталады.

Белгілеуші бөлігіндекомиссия жұмысының мақсат-міндеттері баяндалып , айқындалған фактілер көрсетіледі.

Акті жасалған соң, комиссия оның мазмұнымен актіде аталған адамдарды таныстарды.

235-тапсырма. Бірнеше лауазымды адамдарды, куәларды қатыстырып, әр түрлі мәселелермен байланыстырып, 2-3 акт жазыңыздар.

236-тапсырма. Аталған құжатқа қатысты сөздерді мәтіннен теріп жазып, олармен сөйлемдер құрастырыңыздар.

237-тапсырма. Актінің үлгісімен танысыңыздар.

Б Е К І Т Е М І Н

Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-дың

жалпы және өндірістік шаруашылық

мәселелері жөніндегі проректоры

______________ Қ.Д.Манапов

А К Т

Ү л г і:

Төменде қол қоюшылар акті тізімінде көрсетілген заттардың:

  1. «Самсунг» магнитофоны – 1 дана;

  2. Папкілер – 10 дана

  3. Үстелге арналған кеңсе жиынтығы – 5 дана;

  4. Папка-портфель – 10 дана;

  5. «Алматы» сувенирінен – 5 дана алғандығына куәгерлік білдіреді.

Акті 2003 жылдың 25 мамыры күні өткізілген «Жас талап» конкурсының жеңімпаздарына аталған заттардың берілгендігін растау үшін жасалды.

Тәрбие жұмысы жөніндегі

бөлімінің меңгерушісі _____________ Зауырбекова Гүлхадиша

қолы Өгізбайқызы

Тілдерді дамыту бөлімінің

жетекші маманы _____________ Мамекеева Ырыскүл

қолы Құсайынқызы

Есеп бөлімінің бас есепшісі _____________ Сағымбаева Венера

қолы Маратқызы