Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДНГЯ_Улбике апай (ж.т).doc
Скачиваний:
90
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
1.03 Mб
Скачать

Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті

әл-Машани атындағы Жоғары технологиялар және тұрақты даму институты

Қазақ тілі кафедрасы бойынша жарлық №10

Ү л г і:

Ф.ғ.к., доцент С.С. Айтжанованың отбасы жағдайына байланысты 2010 жылдың қараша айындағы 19-20 күндердегі сабақтарын өткізу төмендегі оқытушыларға жүктелсін.

Жұма: 11 25 -12 15 5В072100-0№1 р/о-1к 611 ГУК 12 25- 13 15 5В072100-0№1 р/о-1к 611 ГУК

13 30 -14 20 5В072100-0№1 р/о-1к 611 ГУК

14 25 -15 20 5В070800-0№5 р/о-1к 807 ГУК

1525 - 16 15 5В070800-0№5 р/о-1к 807 ГУК

16 30 - 1 720 5В070800-0№5 р/о-1к 807 ГУК

Сенбі: 14 25 - 1520 5В071200-0№0 р/о-1к 611а ГУК

15 25 - 16 15 5В072300-0№1 р/о-1к 611а ГУК

16 30 –-1720 5В072300-0№1 р/о-1к 611а ГУК

Сабақты жүргізетін аға

оқытушы: _____________ Сағымбаева В.М.

қолы

Оқытушы _____________ Қалықова Ә.Ж.

қолы

Жарлыққа қол қойған

кафедра меңгерушісі, профессор ________ Г.Т. Тұрсынова

қолы

Ү л г і:

Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті

әл-Машани атындағы Жоғары технологиялар және тұрақты даму институты

Қазақ тілі кафедрасы бойынша жарлық №12

Аға оқытушы А.М.Монтаеваның 25.01.2011-04.02.2011 аралықтарында сессияға шығуына байланысты, осы күнгі сабақтарын аға оқытушы В.М.Сағымбаева жүргізсін.

25.01.11. сағ.1230-1520 5В072000 №1Р/о – 1к, 608 ГУК

26.01.11. сағ.925-1215 5В070900 №1Р/о – 1к, 614 ГУК

29.01.11. сағ.925-1215 050722 №1Р/о – 2к, 609 ГУК

01.02.11. сағ.1230-1520 5В072000 №1Р/о – 1к, 608 ГУК

02.02.11. сағ.925-1215 5В070900 №1Р/о – 1к, 614 ГУК

Сабақты жүргізетін аға оқытушы ________ Сағымбаева В.М.

қолы

Жарлыққа қол қойған

кафедра меңгерушісі, профессор ________ Г.Т. Тұрсынова

қолы

71-тапсырма. Сіз Қ.И.Сәтбаев атындағы Машина жасау институтының директорысыз. Сіз басқарып отырған институтта белгілі бір мәселеге байланысты жарлық шығарыңыз.

72-тапсырма. Бұрыштама қалай жазылады? Берілген мәліметпен танысып, бұрыштама жазуды үйреніп алыңыздар.

Б Ұ Р Ы Ш Т А М А

(Резолюция)

Бұрыштама (Резолюция) – келіп түскен іс қағаздарының бұрышына жазатын мекеме басшысының қысқаша нұсқауы.

Бұрыштама жазу– түскен құжат мазмұнымен сіздің танысқандығыңыздың ғана емес, сонымен қатар ол бойынша қандай шешім қабылдағаныңыздың, нұсқау бергендігіңіздің белгісі. Сіздің күнделікті танысып, нұсқау беретін құжаттардың сан түрлілігіне қарай, жазылатын бұрыштама түрі де соншалықты көп болуы мүмкін. Ең бастысы бұрыштама қысқа жазылуы, нұсқауды орындауға тиіс адам мен орындау мерзімі, не істеу керектігі анық көрсетілуі керек. Бұрыштамада мағынасы екіұшты сөздер жазылмайды.

Бұрыштама үлгілері:

1.Таныстым; 15. Шара қолданылсын;

2. Келісемін; 16. Өтемақы төленсін

3. Бекітемін; 17. Жәрдемақы берілсін;

4. Растаймын; 18. Мәселе қаралады;

5. Куәландырамын; 19. Бекітілсін;

6. Қарыс емеспін; 20. Қабылданбайды;

7. Қызметінен босатылсын; 21. Жеке еңбек шарты бұзылсын;

8. Орындалсын; 22. Бақылауға алынсын;

9. Шешілсін; 23. Өзгерістер енгізілсін;

10. Қаралады; 24. Тағайындалсын;

11. Іске қосылсын; 25. Арнайы комиссия құрылсын;

12. Тапсырылсын; 26. Қосымша мүмкіндіктер

13. Жолға қойылсын; қарастырылсын.

14. Жауапты адам 27. Жарамсыз деп танылсын;

тағайындалсын; 26. Жұмыстан шығарылсын

Бұрыштама ресми стильде жазылады. Басы артық сөздер қолданылмай, істің негізгі мәні ғана айтылады. Бұрыштама соңына күні жазылып, басшы қолы қойылады немесе фамилиясы жазылады.

73-тапсырма. Екі мәселе бойынша мәтінін өздеріңіз құрастырып, өтініш жазып, өтініштегі мәселеге байланысты бұрыштама жазыңыздар.

74-тапсырма. Өзіңіз оқитын институт директорының атына денсаулығыңызға байланысты академиялық демалыс сұрап өтініш жазып, оған бұрыштама жазыңыздар.

75-тапсырма. Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ ректорының атына өз еркіңізбен жұмыстан босатуын сұрап өтініш жазып, оған бұрыштама жазыңыздар.

76-тапсырма. Төмендегі сөздердің синонимдік қатарын жазып, оларды қатыстыра отырып, ресми іс қағаздары стилінде сөйлемдер құрастырыңыздар.

Беделді, бөтен, бірдей, дағдылану.

5-апта. 9-сабақ

77-тапсырма. XVIII ғасырда жазылған іс қағаздары қанай дәрежеде болды? Сабақ барысында талқылаңыздар.

78-тапсырма. Ресми іс қағаздары тілінің дамуы, қалыптасуы кезеңдерін анықтау үшін не маңызды болды? Пікірталас ұйымдастырыңыздар.

79-тапсырма. Мәтінді оқып, мағынасын меңгеріп, мазмұндаңыздар.