Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДНГЯ_Улбике апай (ж.т).doc
Скачиваний:
90
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
1.03 Mб
Скачать

Жалақыны өндіріп алу туралы

Т А Л А П А Р Ы З

Ү л г і:

Мен, Әміров Қайрат Сабырханұлы, «Жігер» Ашық акционерлік қоғамында 2007 жылдың 13 наурызынан бастап құрылысшы болып жұмыс істеймін. Мен жұмыс істеген төрт жыл аралығында ешқандай ескертусіз өзіме міндеттелген тапсырмаларды үлкен жауапкершілікпен орындап келемін. Бірақ аталған қоғам 2009 жылдың қаңтарынан бері менің жалақымды төлемей, күнде ертеңмен бүгінгі күнге дейін созып келді. Не себепті төлемей келгені белгісіз, сылтаулары әр түрлі.

Осыған орай, ҚР-сы Ата Заңының 13 бабының 2 тармағын, 24 бабының 1 тармағын, 76 бабының 3 тармақтарын басшылыққа ала отырып, жоғарыда айтылғандардың негізінде өтінемін:

а) менің моральдық құқығыма және

ә) материалдық жағдайыма қиындықтар туғызып,

б) 1,5 жыл бойғы еңбек ақымды төлемегені үшін менің 1 млн. 200 мың теңге мөлшеріндегі жалақымды өндіріп берсін.

Куә ретінде сотқа У.Қадыров, Г.Салимова, Н. Айдосов, О.Надыроваларды шақыруыңызды сұраймын.

Қосымша құжаттарды ұсынып отырмын:

  1. Есептелген, бірақ төленбеген жалақының мөлшері туралы анықтама;

  2. ҚР Ұлттық банкінің қайта қаржыландыру ставкасы туралы анықтама және өсімпұлдық есебі;

  3. Талап арыз көшірмесі;

  4. Мемлекеттік салықтың төленгендігі туралы түбіртек.

Қолы__________ Күні: 06.10.2011

30-тапсырма. Сөз және сөз тіркестерін қазақ тіліне аударыңыздар.

Заявитель, краткое содержание письма, срок исполнения, дата передачи на исполнение, расписка в получении документа, факты подтвердились, решено положительно, результат рассмотрения заявления, характер задания.

2-апта. 3-сабақ

31-тапсырма. Қазақ іс қағаздары тілінің тарихының алғашқы басталу кезеңінен мәлімет алыңыздар.

32-тапсырма. Тарихи деректерге сүйеніп, мәтінді толықтырыңыздар.

33-тапсырма. Мәтінге жоспар құрып, жоспар бойынша әңгімелеп беріңіздер.

VI-XIII ғасырлардағы көне түркі жазба

Ескерткіштеріндегі қазақ іс қағаздары тілінің тарихы

Қазақ іс қағаздары тілінің тарихы VI-XIII ғасырлардағы көне түркі жазба ескерткіштерінен басталады. Осы ғасырлардағы көне түркі жазба ескерткіштеріндегі іс қағаздарының үлгілері қазіргі іс қағаздарына қойылатын талаптардың бірқатарына жауап береді.

Орта түркілік дәуірде жазылған хан жарлықтары ресми іс қағаздарының стилімен жазылған мұра ретінде танылады. Бұл құжаттардың мазмұнында, грамматикалық құрылысында, стилінде қазіргі өкілеттік, анықтамалық- ақпараттық деп бөліп жүрген құжаттармен сәйкестік көп. Орта түркілік дәуірден бізге жеткен құжат үлгілері сан жағынан өте аз болғанымен, жарлық мәтіндерінің тілі сол дәуірдегі іс қағаздарының тілі мен өзіндік стилінің қандай болғанын көрсете алады.

XV-XVII ғасырларда жазылған армян жазулы қыпшақ тіліндегі құжаттарда іс қағаздары терминдері қалыптаса бастаған. Істің мазмұнының тақырып ретінде ірі әріптермен беттің ортасында жазылуы, құжатқа тақырып беру, оны жолдың ортасында жазу XVI ғасырда жазылған кейбір құжаттарда ғана көрсетіліп, кейін әр мәтіннің атын жолдың ортасына жазудың жүйелі сипат ала бастауының қалыптаса бастағандығын көрсетеді.

Қазақ тіл білімінде қазақ әдеби тілінің тарихына байланысты жазылған зерттеу еңбектерінің ресми іс қағаздары тақырыбына да қатысы бар екендігі даусыз. Бұл еңбектерде ресми іс қағаздарының тарихы көне түркі жазба ескерткіштері жазылған кезеңнен басталып қарастырылғандықтан, ескерткіштер тілін зерттеуге арналған Ғ. Айдаров, Ә. Құрысжанов, М. Томановтардың еңбектерінің түркі тілдері тарихын, оның ішінде қазақ ресми іс қағаздары тілінің тарихын зерттеуде өзіндік маңызы бар екендігі сөзсіз.

34-тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Қазіргі іс қағаздары тілі қай кезеңнен басталады? 2. Мұра ретінде не танылады? 3. Орта түркілік дәуірдегі құжаттардың мазмұнында қай құжаттармен сәйкестіктер кездеседі? 4. Сол дәуірдегі іс қағаздарының тілі мен стилінің қандай болғанын не көрсете алады? 5. Қазіргі іс қағаздарының құрылымының ерте ғасырларда-ақ қалыптасқандығына қай тілдегі мәтіндер дәлел бола алады? 6. Құжаттарда іс қағаздары стиліне тән не қалыптаса бастады? 7. XVI ғасырда жазыла бастаған құжаттарда ненің қалыптаса бастағандығын көрсетеді? 8. Қазақ әдеби тілінің тарихына байланысты жазылған зерттеу еңбектерінің ресми іс қағаздарына қандай қатысы бар?

35-тапсырма. Мәтінді үш мағыналық бөліктерге бөліп, әр бөлігіне тақырып қойыңыздар.

36-тапсырма. Мәтіннен ресми іс қағаздарына қатысты сөздерді теріп жазып, олармен сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастырыңыздар.

Ү л г і:Көне; көне түркі; көне түркі ескерткіштері. VI-XIII ғасырлардағы көне түркі жазба ескерткіштеріндегі іс қағаздары үлгілері қазіргі іс қағаздарына қойылатын талаптардың бірқатарына жауап береді.

2-апта. 4-сабақ

37-тапсырма. Сенімхат пен қолхаттың қызметтері қандай, олар қандай жағдайларда жазылады? Берілген мәліметті меңгеріп алыңыздар.

С Е Н І М Х А Т. Қ О Л Х А Т

Сенімхат– белгілі бір тұлғаның, құжат иесінің басқа біреуге, екінші бір тұлғаға бір істі атқаруға, нақты бір мәселеге байланысты (көбінесе мүлік сипатындағы) өз өкілеттігі мен құқығын пайдалануға рұқсат беретін құжаттарының, іс қағаздарының бір түрі.

Сенімхаткез келген төлем түрлерін, атап айтқанда, жалақы, шәкіртақы, зейнетақы, алимент, ақша аудару, сондай-ақ мүлікті ортақ пайдалану, көлік құралдарын иемдену, мұрагерлік құқы туралы куәлік алу үшін, сату, сатып алу, үй ауыстыру, сыйлық алу, автокөліктерді ауыстыру , сату және т.б. толып жатқан жағдайларда беріледі.

Сенімхаттар нотариалдық кеңседе куәландырылады. Нотариалдық кеңседе сенім беруші мен сенім алушы тұлғалардың жеке куәліктері арқылы жеке бастары анықталып, іс-әрекетке қабілеттілігі тексеріледі.

Сенімхат бір дана болып дайындалады, оның мазмұнына мыналар кіреді:

  1. құжаттың аты;

  2. жазылған жері мен уақыты;

  3. сенімхат берушінің және сенімхат алушының тегі; аты-жөні,

мекен-жайы қоса көрсетілген негізгі мәтін;

  1. ұйым мөрі басылған, жазылғандарды растайтын жазба.

Төлемақы алу үшін берілген сенімхаттардың жарамдылығы – 3 ай. Мүлікті пайдалану үшін берілетін сенімхаттардың жарамдылығы – 3 жыл. Егер мүлікті пайдалануға берілген сенімхатта жарамдылық мерзімі көрсетілмесе, онда ол қол қойылған күннен бастап 1 жылға дейінгі мерзімде өз күшінде болады.

38-тапсырма. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Сенімхат қандай мақсатта және қандай жағдайларда жазылады? 2. Сенімхатты кім куәландырады? 3. Сенімхат қандай мерзімге беріледі? 4. Сенімхатқа кімнің қолы қойылады? 5. Сенімхатта жазылу мерзімінің көрсетілуі қажет пе?

39-тапсырма. Сенімхаттың жазылу үлгісін есте сақтаңыздар.

С Е Н І М Х А Т

Ү л г і:

Қазақстан Республикасы Алматы қаласы

Он бесінші ақпан, екі мың он бірінші жыл

Мен, Мамекеева Ырыскүл Құсайынқызы, мекен-жайым Алматы қаласы, Әуезов көшесі 48 үй, 26 пәтер. Осы сенімхат арқылы Алматы қаласы Төле би көшесі 15 үйдің 41 пәтерінде тұратын Қайназаров Алмат Омарбайұлына өзімнің атыма жазылған пәтерді мекен-жайы Алматы қаласы, 3 ықшамаудан, 7 үй, 26 пәтер, сеніп тапсырамын.

Қайназаров Алмат Омарбайұлы қай кезде, қандай жағдайда болмасын аталған пәтерді қалаған бағасына сатуға, жалға беруге, ауыстыруға, сыйға тартуға, мұраға қалдыруға байланысты кез келген құжатты менің атымнан толтыруға, қол қоюға және аталған істердің барлығын менсіз-ақ сенімхат арқылы жүзеге асыруға құқы бар.

Сенім білдіруші _____________ Мамекеева Ырыскүл Құсайынқызы

қолы