Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДНГЯ_Улбике апай (ж.т).doc
Скачиваний:
90
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
1.03 Mб
Скачать

Орындалуға міндетті жұмысты жүктеу туралы

Ұйымдастыру-кадрлар ісі бөлімінің бастығы Бердиллаева Меңдіқыз Бексұлтанқызының еңбек демалысы кезіндегі міндетін атқару 2010 жылдың 28 мамырынан ұйымдастыру-кадрлар ісі бөлімінің бас маманы Шимаева Салтанат Мұсаханқызына жүктелсін. Жұмыс көлемінің ұлғаюына байланысты С.М.Шимаеваға қызметтік жалақысының үстіне 50 % мөлшерінде үстеме ақы төленсін.

Негіздеме:Өндірістік қажеттілік, Қазақстан Республикасының «Еңбек туралы» Заңының 72 бабы.

Ұйымдастыру-кадрлар

ісі бөлімінің меңгерушісі __________ Монтаева Ажархан

қолы Молдаханқыз

17-тапсырма. Әр түрлі заңсыз мәселелермен байланыстырып, үш түрлі арыз жазыңыздар.

18-тапсырма. Іс қағазының бір түрі өтініш қалай және қандай жағдайда жазылатындығымен танысып, жазылу үлгісін меңгеріп алыңыздар.

Ө Т І Н І Ш

Өтініш өздеріне берілген түрлі құқықтарды, заңмен бекітілген түрлі мүмкіншіліктерді пайдалану мақсатында, жеке тұлғаның немесе ұйымның атынан жазылатын іс қағаздарының бір түрі.

* * * * *

Өтініш көбінесе жеке адамдардың атынан жазылады. Үлкен ұжымның мүддесін көздейтін ұжымдық өтініш түрлері де кездеседі. Өтініш белгілі бір себеппен ғана жазылады. Әдетте бір ғана мәселе көтеріледі. Өтініш онда айтылған мәселені шешуге құқы және өкілеттілігі бар адамның атына жазылады.

Өтініш төмендегідей мақсаттарда жазылады:

  1. Жұмысқа қабылдау; 6. Материалдық көмек сұрау;

  2. Жұмыстан босату; 7. Пәтер беруді сұрау

  3. Басқа жұмысқа ауыстыру; 8. Балабақшадан орын бөлуді сұрау;

  4. Кезекті демалыс алу; 9. Жалақыны көтеруді сұрау және т.б.

  5. Кезектен тыс демалыс сұрау;

Өтініш құрылымы және өтініште көрсетілетін негізгі мәліметтер:

  1. Құжат адресациясы (кімнің атына және кімнен жазылғаны);

  2. Құжат аты; 7. Өтініш мазмұнымен

  3. Негізгі мәтін; келісушілердің қолы (егер бар болса)

4. Қосымша боса, оған сілтеме; 8. Қосымша тіркелетін құжаттар

5. Жазылу мерзімі; тізбесі (егер бар болса) және т.б.

6. Өтініш иесінің қолы;

Өтініш жазуға себеп болып отырған жағдайларды төмендегідей құрылымдар арқылы беруге болады:

  • Алматы қаласында үй-жайым болмағандықтан;

  • Басқа жұмысқа ауысуыма байланысты;

  • Отбасы жағдайыма байланысты;

  • Денсаулығыма байланысты;

  • Ғылыми еңбектің баспаға дайындалуына байланысты, т.б.

Өтініштің жазылу мақсатын төмендегідей құрылымдар арқылы беруге болады:

  • Жатақханадан орын беруіңізді сұраймын;

  • Кезектен тыс демалыс беруіңізді сұраймын;

  • Жұмысқа қабылдауыңызды сұраймын;

  • Жұмыстан босатуыңызды сұраймын;

  • Басқа жұмысқа ауыстыруыңызды сұраймын;

  • Рұқсат етуіңізді сұраймын;

  • Материалдық көмек беруіңізді сұраймын;

  • Айтылғандарды ескере отырып, шешім қабылдауыңызды сұраймын, т.б.

19-тапсырма. Өтініштің үлгілерімен танысыңыздар.