Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДНГЯ_Улбике апай (ж.т).doc
Скачиваний:
90
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
1.03 Mб
Скачать

11. Жұмысшының еңбек құқын қорғауға қосымша кепілдік беретін мағлұмат:

а) ҚР-сы Президентінің 21.04.1993 жылғы № 431 жарлығында айтылған жеңілдіктерді толық пайдалануға; мәдени және тұрмыстық қызмет көрсету; қоғамдық көлікте жүруге берілетін жеңілдік;

ә) Жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін пайызсыз қарыз алуға т.б.

12. Еңбек пен демалыс тәртібінің ерекшеліктері туралы мәлімет:(Жұмысшыға 5 күндік жұмыс күні белгіленеді; Толық емес жұмыс күніне көшіріледі; Жұмысшы демалыс, мейрам күндері де жұмысқа шақырылуы мүмкін).

13. Ақшалай берілетін сыйлық көлемі мен оны төлеу тәртібі туралы мәлімет:(лауазымдық төлемақы; сағаттық төлемақы; үстеме төлемақы; мереке күндері берілетін ақшалай сыйлық мөлшері т.б.).

14. Демалыс алу тәртібі мен оның мерзімі туралы мәлімет:(Еңбек демалысының ұзақтығы; қосымша алынатын демалыс ұзақтығы, оларды алу тәртібі; ақы төленбейтін демалыс алу тәртібі, жылына бір рет ақылы демалыс беру т.б.).

15. Келісім бойынша жасалатын басқа да жағдайлар мен шарттар: (Жұмысшыға жылына бір рет жұмыс киімі мен аяқ киім беріледі; баласына балабақшадан орын беріледі т.б.).

16. Келісім бойынша атап өтілетін ерекше жағдайлар:(Бұл бөлікте келісім бұзылатын немесе қайта қаралатын, күшін жоятын жағдайлар сөз болады).

17. Келісім тоқтатылған жағдай атап көрсетіледі:(Бір жақ келісім мерзімінен бас тартқанда; өз міндетін үнемі орындамаса; кәсіпорын таратылған жағдайда т.б.).

18. Екі жақтың мекен-жайы толық көрсетіледі.

19. Екі жақ қол қояды.

20. Шартқа қол қойылған күн толық жазылады.

21. Келісімге қосымша құжаттар болса, ол көрсетіледі.

201-тапсырма. Еңбек келісіміне берілген мәтіннің мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Еңбек келісімі қандай мақсатта жазылады? 2. Еңбек келісімінде жазылатын негізгі мәліметтер қандай? 3. Еңбек келісімін жасаушы екі жақтың шартты атаулары қандай? 4. Еңбек келісімі қандай мерзімге жасалады? 5. Еңбек келісімі қандай жағдайда күшін жояды? 6. Еңбек келісімінің жасалу мерзімі көрсетілуі қажет пе? 7. Жұмысшының міндеттерін атаңыздар. 8. Жұмыс беруші неге міндетті?

202-тапсырма. Төмендегі мәліметтерді пайдалана отырып, еңбек келісімінің үлгісін жасаңыздар.

* Сіз «Ақниет» ашық акционерлік қоғамына менеджер қызметіне қабылданбақшысыз.

* «Ақниет» ашық акционерлік қоғамының төрайымы – Әбдісүлейменова Раиса Шоғанбекқызы.

*Сізге 60 000 теңге көлемінде еңбекақы белгіленді.

* Келісім мерзімі – 1 жыл.

* Сынақ мерзімі – 2 ай.

*Сіздің міндеттеріңізге коммерциялық құпия болып табылатын мәліметтердің құпиялылығын сақтау және мекеменің ішкі тәртіп ережелерін сақтау кіреді.

* Жұмыс берушінің міндетіне сіздің кәсіби біліктілігіңізді арттыру үшін біліктілікті арттыру курстары мен семинарларға, тренингтерге қатысуға мүмкіндік жасау және оларға қатысты барлық шығынды мекеме есебінен төлеу де кіреді.

* Сіз қажет болған жағдайда 10 жұмыс күніне дейін ақы төленбейтін демалыс алуға құқылысыз.

Келісімде көрсетілген талаптарды екі жақ тараптарының бірі орындамаған жағдайда еңбек келісімі мерзімінен бұрын бұзылады.

203-тапсырма. Мәтіннің мазмұнына берілген сөз тіркестерінің аудармаларын есте сақтаңыздар.

қосымша кепілдіктер беру – предоставления дополнительных гарантии

демалыс беру тәртібі – порядок предоставления отпуска

еңбек демалысының ұзақтығы – продолжительность трудового отпуска

келісімнің шарттарын қайта қарау – пересмотр условий соглашение

келісімнің тоқтатылуы – расторжение соглашения

келісімнің сипаты – предмет соглашения

сынақ мерзімі – испытательный срок

келісімнің түрі – вид соглашения

204-тапсырма. Сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырыңыздар.

Келісімшарт жасау, еңбек келісімін жасау, жұмыстың сипаты, жұмыс беруші, еңбекақы төлеу, келісімнің уақыты, еңбек туралы заң.

205-тапсырма. Бірінші бағанадағы сөйлемдерді екінші бағанадағы аудармаларымен сәйкестендіріңіздер.

1. Жеке еңбек келісімі.

2. Міндеттер орындалмаған

жағдайда.

3. Тараптардың міндеттері

мен құқықтары.

4. ҚР-ның қазіргі қолданылып

жүрген заңдарына сәйкес.

5. Еңбек тәртібін бұзған

жағдайда.

6. Келісімшарт нысаны.

1. Вслучае нарушения

трудовой дисциплины.

2. Индивидуальное трудовое

соглашение.

3. В соответствии с ныне

действующими законами

РК.

4. Предмет договора.

5. Обязанности и права

сторон.

6. В случае не выполнения

обязанностей.

206-тапсырма. Еңбек келісімінің үлгісімен танысыңыздар.

Еңбек келісімі № 7

Алматы қаласы 15 қыркүйек 2002 жыл

Абай атындағы Алматы Мемлекеттік университеті атынан университет ректоры профессор Қ.М. Сабырханов бұдан былай қарай келісімде «жұмыс беруші» деп аталады, екінші жақтан филология факультетінің аспиранты Додаева Күлпаш Жанұзаққызы, бұдан былай қарай келісімде «жұмысшы» деп аталады.

Жұмысшы Додаева Күлпаш Жанұзаққызы қазіргі қазақ тілі кафедрасына мұғалім болып қабылданады.

Бұл еңбек келісімі негізгі жұмыс келісімі.

Жұмысшы уақытша бос тұрған орынға қабылданып отырғандықтан, келісім шектеулі мерзімге жасалады.

Келісім 2002 жылдың 15 қазанында күшіне енеді, 2003 жылдың 15 қазанында өз күшін жояды.

Жұмысшыға үш апта сынақ мерзімі белгіленеді.

Жұмысшының міндеттері:

  • өз міндеттерін мезгілінде және сапалы атқаруға;

  • еңбек және өндірістік тәртіпті сақтауға;

  • техника қауіпсіздігі талаптарын сақтауға;

  • жұмысты сапалы және адал орындауға;

  • мемлекеттік құпияны жария етпеуге;

  • ішкі еңбек тәртібіне бағынуға міндетті.

Жұмыс берушінің міндеттері:

  • жұмысшының осы келісім бойынша белгіленген міндеттерін атқаруы үшін қалыпты еңбек жағдайын жасау; еңбекақысын дер кезінде төлеуге міндеттену;

  • қазіргі күші бар еңбек заңдары мен жоғары мектеп нормативті актілерінің орындалуын қамтамасыз ету;

Жұмысшыға 5 күндік жұмыс күні белгіленеді. Толық емес жұмыс күніне көшіру қосымша өзара келісім негізінде жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының еңбек туралы заң кодексіне сәйкес жұмысшы өз міндетін атқаруға, демалыс, мейрам күндері де шақырылуы мүмкін.

Жұмысшы еңбегі үшін «Университет» білім беру жүйесі қызметкерлеріне арналған бірыңғай тариф кестесі негізінде _________ разрядқа орай ________ теңге көлемінде әр айдың штат кестесіне сәйкес еңбекақы белгілейді.

Жұмысшыға жылына бір рет, ұзақтығы 18 жұмыс күні мөлшерінде ақылы демалыс беріледі. Бұл келісімшарт қол қойған кезден бастап күшіне енеді.

Келісім мынадай жағдайда тоқтатылады:

  • екі жақтың бірі келісім мерзімін ұзартудан бас тартқанда;

  • кәсіпорын я мекеме таратылған жағдайда;

  • кафедра, факультетте қысқарту болған жағдайда;

  • жұмыс көлемі қысқарғанда;

  • заңда көрсетілген басқа да жағдайлар негізінде;

Тараптар өздеріне жүктелген міндеттерді орындамағаны үшін белгіленген заңдарға сәйкес материалдық жауапкершілік жүктеледі.

Жұмыс беруші ____________ Қ.М. Сабырханов

қолы

Жұмысшы _____________ К.Ж. Додаева

қолы

14-апта. 27 сабақ

207-тапсырма. Бұйрық құжатының тарихынан мәлімет алып, ол жөнінде өз пікірлеріңізбен ой бөлісіңіздер.

208-тапсырма. Бұйрықты кім береді, ол неге байланысты беріледі? Сұрақ-жауап құрастырыңыздар.

209-тапсырма. Мәтінмен мұқият танысып, мазмұндаңыздар.

Б Ұ Й Р Ы Қ Қ Ұ Ж А Т Ы

Бұйрық – қазіргі жүргізілетін іс қағаздарының ішінде жетекшінің мекемені басқару барысында алда тұрған маңызды, ағымдағы, күнделікті, кадрлық мәселелерді шешу мақсатында берілетін қарамағындағылар орындауға тиісті нормалардан тұратын өкілеттік құжаттардың бір түрі.

Көне түркі ескерткіштері мәтініндегі бұйрық сөзінің қолданыс аясы, мән-мақсаты мен мазмұны қазіргі басқару саласында қолданылып жүрген бұйрық сөзінен, іс қағазы түрінен алыс емес, мазмұндас. Оны көне түркі жазба ескерткіштеріндегі мысалдардан көруге болады. Мысалы, Темір-Құтлұғ жарлығы мазмұны мен құрылымы жағынан қазіргі бұйрыққа жақын. Себебі, жарлықтың негізгі өкімдік бөлігі жазылмас бұрын жарлықтың берілуіне, жазылуына себеп болып отырған мәселе сөз болады. Яғни қазіргі іс қағаздары тілімен айтқанда, констатациялық фактілер келтіріледі.

Қазіргі іс қағаздары тілінде өкімдік құжаттардың негізгі, өкімдік бөлігінде баяндауыш бұйрық рай формасында тұратын болса, Темір-Құтлұғ жарлығында да негізгі, өкімдік бөлігіндегі баяндауыш етістіктің бұйрық рай формасында берілген. Мысалы: күч ога текүрма+сүн – күш көрсетіп, зорлық жасамасын; тартнақ алма+сун – таразының ақы алмасын.

Мысалдардан көріп отырғанымыздай, бұйрықтық реңк негізінен етістікке -сун, -сүн қосымшаларының қосылуы арқылы берілген. Қазіргі қазақ тіліндегі бұйрық райдың III жақ жекеше, көпше түрлеріндегі етістікке -сын, -сін қосымшаларының қосылуы арқылы жасалатыны белгілі.

Көне түркі ескерткіштеріндегі мәтіндерде бұйрық басқару әдісі, басқару шеберлігі, дұрыс басқара білуі мағынасында қолданылады. Ал қазіргі қазақ тілінде қолданылып жүрген бұйрық сөзінің шығу тегі, төркіні осы көне түркі жазба ескерткіштерінде кездесетін бұйрық сөзі екені дау тудырмайды.

Бұйрықтың мәтіні екі бөліктен тұрады:

  1. Констатациялық; 2. Өкімдік.

1. Констатациялық (айқындаушы, анықтаушы, фактіні көрсетуші бөлігі) бөлікте бұйрықтың мақсаты, бұйрықты беруге негіз болған факті көрсетіледі. Ол мемлекеттік органдардың нормативті құжаттары, директорлар кеңесінің, акционерлердің жалпы жиналысының шешімдері немесе өндірістік қажеттілік болуы мүмкін.

Егер берілетін бұйрық түсіндіруді қажет етпейтін болса, онда констатациялық бөлік жазылмайды.

2. Бұйрықтың екінші бөлігі – өкімдік бөлік деп аталады. Ол «БҰЙЫРАМЫН» деген сөзден басталады. Бұйрықтың өкімдік бөлігінде кімге не тапсырылғаны, оның орындалу мерзімі көрсетіледі. Барлық бұйрықтардың мәтінінде етістік бұйрық райдың III жағында жазылады.

Мысалы: жүргізілетін болсын; қабылдансын; босатылсын; белгіленсін; жүктелсін; тағайындалсын; ауыстырылсын; шығарылсын, т.б.

Өкімдік құжаттың тақырыбы, нөмірі, датасы жазылады. Мысалы: