Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДНГЯ_Улбике апай (ж.т).doc
Скачиваний:
90
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
1.03 Mб
Скачать

Анықтамалық-ақпараттық құжат

* * * * *

Ж Е К Е І С П А Р А Ғ Ы

Жеке іс парағы – жұмысқа қабылдану, түрлі ұйымдарға сайлану, сондай-ақ ұйымдар мен мекемелер талап еткен басқа да жағдайларда жеке адамның өмірі мен қызметі жайлы нақты, ресми мәліметтер жазылып толтырылатын іс қағазының бір түрі.

* * * * *

Жеке іс парағында жеке адамның азаматтық хал-жағдайы, бітірген оқу орны, кәсібі, мамандығы, қоғамдық қызметі мен еңбек жолы, т.б. көрсетіледі. Жеке іс парағында көрсетілген мәліметтер оқу орнын бітіргендігі туралы құжатта, әскери билетінде, тууы туралы куәлікте, еңбек кітапшасында, өмірбаянда, орта білімі туралы аттестаты мен жоғары білімі туралы дипломында берілген мәліметтермен дәлме-дәл жазылуы керек.

Жеке іс парағы жеке тұлғаның өмірі, білімі, қызметі, әлеуметтік жағдайы туралы мәлімет беретін болғандықтан, мазмұн-мақсатына қарай анықтамалық-ақпаратттық іс қағазына жатады.

Жеке іс парағында негізінен стандартты 15 пункт беріліп, онда төмендегідей мәліметтер қамтылады:

1. Тегі, аты, әкесінің аты қысқартусыз толық жазылады. Мысалы: Қалықова Әлия Жұманқызы.

2. Жынысы ер немесе әйел деп көрсетіледі.

3. Туған күні, айы, жылы жазылған кезде ай аты толық көрсетіледі. Мысалы: 25 қазан 2008 жыл.

4. Туған жері төлқұжатында көрсетілген мәліметпен бірдей, сол кездегі ресми атауы өзгеріссіз көрсетіледі. Мысалы: Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Еңбекші ауылы.

5. Ұлты да жеке куәлікте, төлқұжатта көрсетілген мәліметпен сәйкес жазылады. Мысалы: қазақ.

6. Білімі. Тек орта мектепті бітірген болса, орта; техникум, училище, колледж бітірген болса, арнаулы орта; институт, университет бітірген болса, жоғары деп көрсетіледі. Ол оқу орындарының сіз бітірген кездегі бұрынғы атауы жазылады. Мысалы: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың атауын 1972 жылы бітіргендер Қазақтың С.М. Киров атындағы Еңбек Қызыл Ту орденді Мемлекеттік университеті деп жазады. Алған мамандығы: филолог, қазақ тілі мен әдебиетінің оқытушысы, диплом ЭК № 152 436.

7. Тіл білу дәрежесі. Мысалы: ана тілім – қазақ тілі, орыс тілінде еркін сөйлеймін, ағылшын тілін ауызекі сөйлеу деңгейінде білемін.

8. Ғылыи атақ, дәрежесітолық, ресми түрде жазылады. Мысалы: филология ғылымдарының докторы, профессор.

9. Ғылыми еңбектеріңіз талапқа сай толық түрде толтырылады: Мысалы: Техникалық қазақ тілі. Оқулық. Жоғары техникалық оқу орындарының барлық мамандықтарына арналған. «Ғылым» баспасы, 18 баспа табақ, 2010ж.

10. Еңбек жолы тармағынаоқу орындарында оқыған жылдары, қызметі, қосымша істеген жұмыстары, басқа жұмысқа ауысқан уақыты толық көрсетіледі.

11. Сайланбалы органдарға қатысуы тармағына республикалық, облыстық, қалалық, аудандық, т.б. сайланбалы органдарға депутат болып сайланған жағдайда толтырылады. Қатыспаған болса, қатысқан жоқпын деп жазылады.

12. Мемлекеттік наградалар туралы тармақты марапатталғандар ғана толтырады. Марапатталмаған болса, марапатталған жоқпын деп жазады.

13. Әскери қызметке қатысы пунктінде әскери қызметке міндетті немесе міндетті еместігі жазылады. Мысалы: әскери қызметке міндеттімін, әскери қызметке міндетті емеспін. Мысалы: әскери билеті СК № 272046, Алматы қаласы Бостандық аудандық әскери комиссариаты берген.

14. Жеке іс парағын толтырған кездегі отбасы жағдайы. Мысалы, әйел адамдар: тұрмыстамын, тұрмыста емеспін; ер адамдар: үйленгенмін, бойдақпын. Отбасы бар болса, олардың аты-жөні, туған жылы, күні, т.б. көрсетіледі.

15. Мекен-жайы.Мысалы: Алматы қаласы, С. Торайғыров көшесі, 15 үй, 70 пәтер, телефоны: 386-42-01.

190-тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Жеке іс парағында нақты не толтырылады? 2. Бұл құжат мазмұн-мақсатына қарай іс қағазының қай түріне жатады? 3. Жеке іс парағының құрылымына не кіреді? 4. Тұлғаның білімі туралы қандай мәліметтер көрсетіледі? 5. Аталған құжатты толтыруда қандай жағдайларды, неге байланысты талап етеді? 6. Жеке іс парағын толтыруда қысқарған сөздерді пайдалануға бола ма? 7. Жеке іс парағындағы мәліметтер қандай құжаттардың негізінде жазылады? 8. Жеке іс парағында жазылған мәліметтердің растығына кім жауап береді?

191-тапсырма. Кадрлар жөніндегі жеке іс парағының үлгісімен танысыңыздар.