Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДНГЯ_Улбике апай (ж.т).doc
Скачиваний:
90
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
1.03 Mб
Скачать

Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті ә.Бүркітбаев атындағы Металлургия институтының аға оқытушысы Қуаныш Өміртайұлы Әлихановқа

М І Н Е З Д Е М Е

Ү л г і:

Қ.Ө.Әлиханов 1963 жылы 5 қаңтарда Семей облысы, Аягөз ауданы, Баршатас ауылында дүниеге келген. Ұлты – қазақ, білімі – жоғары, ҚР-ның азаматы. Орта мектепті бітіргеннен кейін, 1980 жылы ҚазҰТУ компьютерлік техника факультетіне түсіп, оны 1985 жылы үздік дипломмен бітірген.

1985-1988 жылдар аралығында – Ғылыми-жобалау институтының аға ғылыми қызметкері, ҚазҰТУ Металлургия институтының аға оқытушысы.

Ол Ғылыми-жобалау иститутының бақылау-өлшеу аппараттары бөлімінде аға инженер болып жұмыс істеген кезінде қабілетті, білімді, ұқыпты қызметкер ретінде өзін жағымды жағынан көрсете білді. Өзі жұмыс істеген қызметтерінде кәсіптік шеберлікті жақсы меңгерген. «Бақылау-өлшеу құралдарын автоматтандыру» бойынша дайындықтан өтті.

1988-1991 жылдар аралығында ҚазҰТУ-дың күндізгі бөлім аспирантурасында оқып, 1991 жылы кандидаттық диссертация қорғады.

Қ.Ө.Әлиханов – өз ісін жетік білетін тәжірибелі маман. Ол бірнеше ғылыми еңбектердің авторы, оның «Металлургия өнеркәсібінің терминдері» атты еңбегі Шоқан Уәлиханов атындағы сыйлыққа ие болды.

Қ.Әлиханов қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жетік біледі, компьютермен жұмыс істеуде тәжірибесі мол. Спортқа ынтасы зор, республикалық жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болған. Ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, қиын жағдайда өз бетінше дұрыс шешім қабылдай алады. Студенттер мен әріптестерінің арасында беделді, үлгілі отбасы иесі.

Жұмыстағы әріптестерімен іскерлік қарым-қатынаста, өндірістік мәселелерді талқылағанда тік мінезділік көрсетеді, тым турашыл . Сынды дұрыс түсінеді, кемшіліктерін тез түзетуге тырысады.

Мінездеме Ғылыми-техникалық орталықтың бас маманы қызметіне ұсыну үшін берілді.

Ә.Бүркітбаев атындағы

Металлургия институтының

директоры, т.ғ.д., профессор ___________ Байымбетов Б.С.

қолы

103-тапсырма. Кафедрадағы профессорға қызметтік мінездеме, доцентке, аға оқытушыға аттестациялық мінездеме жазыңыздар.

104-тапсырма. Берілген сөздерді қазақ тіліне аударып, олармен сөйлемдер құрастырыңыздар.

Характер, должность, грамотный, авторитетный, образованный, опытный, квалифицированный.

105-тапсырма. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Мінездеме не үшін беріледі? 2. Мінездеме мазмұнына қарай құжаттың қай түріне жатады? 3. Мінездеме құрылымына қандай мәліметтер кіреді? 4. Мінездемеге кім қол қояды?

106-тапсырма. Мінездемеге берілген тест тапсырмаларын орындаңыздар.

1. Мінездеме қандай стильде жазылады?

А) Ауызекі сөйлеу стилінде

Ә) Ғылыми стильде

Б) Ресми іс қағаздары стилінде

В) Көркем әдеби стильде

2. Мінездеме мәтінінде қолданылатын стандартты

тілдік бірлікті көрсетіңіздер.

А) Жұмысы дұрыс

Ә) Жұмысты жақсы істеп жүр

Б) Жұмысын әрі қарай жалғастыра берсін

В) Атқарып отырған қызметіне лайық