Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДНГЯ_Улбике апай (ж.т).doc
Скачиваний:
90
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
1.03 Mб
Скачать

2010 Жылдың 25 маусымы, сағат 12.00.

63-тапсырма. Жеделхат қандай қызмет атқаратын құжат? Мәлімет алыңыздар.

Ақпараттық-анықтамалық құжаттар

* * * * *

Ж Е Д Е Л Х А Т

Жеделхат– телеграмма; жеделхат жіберу – послать телегармму; жеделхат алу – получить телеграмму.

Жеделхат:

    1. Телеграф арқылы берілетін, жеткізілетін ресми құжат.

    2. Жеделхатты әр адам немесе әр мекеме бір-біріне жібере алады.

    3. Жеке адам немесе мекеменің қабылдаушысы жеделхат алғаны үшін қол қояды.

    4. Жеделхатта құпия ақпарат берілмейді.

    5. Жеделхатта қате кетпеуі үшін, цифрлар сөзбен жазылады.

    6. Жіберілген жеделхаттың сағаты, минуты, күні анық көрсетілуі тиіс.

    7. Жеделхат тиісті уақытында жеткізілмесе, оған пошташы жауап береді.

Жеделхаттың құрылымына төмендегілер кіреді:

  • қай категорияға жататыны туралы белгі (үкіметтік, халықаралық, жедел, категориясы жоқ, кезектен тыс, шторм, байланыс, табиғат немесе әр түрлі апаттар және т.б.).

  • индексі; республикасы; елі туралы;

  • мекен-жайы, мәтіні, мәтінге қол қойған лауазымды адамның аты жөні;

  • жіберуші лауазымды адамның қолы, мөр, айы, күні.

  • жиі қолданылатын сөздер: жіберіңіз, шешім қабылдаңыз, салып жіберіңіз, алдым, жеткізілді, келеді, орындалады, барады және т.б.

Жеделхаттар арнайы баспахана қағаздарына толтырылады. Оның мәтініне ерекше телеграф стилі тән: кіріспе, көмекші сөздер, жалғаулықтар, тыныс белгілері қойылмайды. Жеделхаттың мәтіні қысқа, дәл, анық болуы керек.

Халықаралық жеделхаттарорыс және латын шрифтерімен, жаңа жолсыз, тасымалсыз, түзетулерсіз басылады.

Халықаралық жеделхаттың мекен-жайы бөлімінде жеделхаттың категориясы туралы белгі, қабылдаушының аты, жіберілген елдің атауы көрсетіледі. Мәтінге ұйым басшысының қолы қойылады.

Халықаралық жеделхаттың сол жақ төменгі бұрышында нөмірі, күні, орындаушының аты-жөні, қызмет телефонының нөмірі көрсетіледі.

64-тапсырма. Жеделхаттың үлгілерімен танысыңыздар.

Ж Е Д Е Л Х А Т

Ү л г і:

480013, Алматы, Пушкин 22, қр ұға Ядролық физика институты. Директорға.

Сынақтың екінші кезеңі сәтті аяқталды. Зерттеу жұмысын жалғастыру талаптарын күтемін. Материалдарды мына мекен-жайға жіберіңіз: Атырау, Абай 7, Өмірбеков А.

* * * * *

480020, Алматы, Сәтбаев 22, ҚазҰту. Ректорға

Қазақ ұлттық техникалық университетінің ашылғанына 70 жыл толу мерекесімен бүкіл университеттің ұжымын құттықтаймын! Жас кадрларды, инженер мамандарын даярлауда үлкен жетістіктерге жете беріңіздер.

ҚР Білім және Ғылым

министрлігінің министрі

Б.Т. Жұмағұлов

65-тапсырма. ҚР-ның Президентіне, ҚазҰТУ ректорына, өздеріңіз оқитын институттың директорына жұмыстағы ірі-ірі жетістіктерімен құттықтау мәтінін құрастырып, жеделхат жазыңыздар.

4-апта. 7-сабақ

66-тапсырма. XIV ғасырда жазылған жарлықтар тілінің зерттеуінен қысқаша мәлімет алып, өзара пікір алысып, ой бөлісіңіздер.

67-тапсырма. Мәтіннің мазмұнына сұрақтар қойып, оларға жауап дайындаңыздар.

68-тапсырма. Мәтінмен мұқият танысып, мазмұндаңыздар.