Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДНГЯ_Улбике апай (ж.т).doc
Скачиваний:
90
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
1.03 Mб
Скачать

3. Мінездеме қандай құжат?

А) Өкілеттік

Ә) Ұйымдық

Б) Анықтамалық-ақпараттық

В) Қоғамдық

4. Мінездемедегі мәлімет нешінші жақта

баяндалады?

А) Бірінші жақта

Ә) Екінші жақта

Б) Үшінші жақта

В) Бірінші, екінші жақтарда

7-апта. 14-сабақ

107-тапсырма. Факс қандай қызмет атқарады? Сабақ барысында талқылаңыздар.

108-тапсырма. Факсты қалай пайдалануға болады, оның құрылымына не кіреді? Өзара пікір алмасыңыздар.

109-тапсырма. Берілген мәліметпен мұқият танысып, мазмұндаңыздар.

Факс. Факс арқылы жіберілетін құжаттар

Факс – жазылған мәтіннің, суреттің, сызбаның және басқа да заттардың көшірмесін өзгеріссіз телефон байланысы арқылы жіберетін аппарат, яғни факс – ұсынылатын құжаттың көшірмесі. Факс – аппарат, предназначенный для отправки копий написанного текста или рисунка по телефонной линии связи.

Факсимилле – көлемі үлкен суреттің, кестенің, мәтіннің, сызбаның, басқа да заттардың нақты, дәл сурет көшірмесі. Факсимилле – точная копия части рисунка или текста.

Факс байланыс түрінің ерекшеліктері:

1. Факстың ең құндылығы, ол неше түрлі құжаттарды тез арада екінші адамға немесе мекемеге жеткізеді.

2. Қазіргі факс – кең тараған байланыс түрі болып табылады.

3. Факсты алмастыратын басқа байланыс түрі әзірге жоқ.

4. Көптеген мекемелердегі қабылдау-хабарлау аппараттары факс аппаратымен жабдықталған.

5. Сурет, сызба, үлгі көшірмелері үлкен болған жағдайда олар кішірейтіледі, не бөлшектенеді де сурет көшірмесі (фотокопия) беріледі.

6. Факс арқылы жіберілетін құжаттардың жеткізілуі қазіргі уақытта өте жоғары, себебі факс арқылы жіберілген кез-келген құжат адресатқа санаулы минуттардан кейін-ақ жетеді.

7. Факс арқылы жіберілетін құжаттардың жеделхат, телефонхаттардан айырмашылығы – мәтін, сурет, кесте, сызба, басқа да заттардың көшірмесі ешқандай өзгеріссіз жеткізілетіндігінде.

8. Суреттің, мәтіннің, сызбаның және басқа да заттардың дәл көшірмесін факсимилле деп атайды немесе лауазымды адамның қойған қолының көшірмесін де факсимилле деп атайды.

9. Факстың құндылығы – басқа байланыс түрлері факс сияқты қызметті орындай алмайтындығында.

Факс арқылы жіберілетін іс қағаздарының құрылымы:

  1. Жіберушінің толық мекен-жайы;

  2. Жіберуші мекеменің аты;

  3. Бланкінің ортасына «факс арқылы» деп жазылады.

  4. Алушының аты-жөні барыс септігінде жазылады. Мысалы, кімге: Самат Асқарұлы Кеңесовке.

  1. Жіберушінің аты-жөні шығыс септігінде жазылады. Мысалы: кімнен: Дамир Досжанұлы Дәуітовтен.

  2. Факс нөмірі жазылады. Мысалы, факс: 15-06.

  3. Құжат көлемінің неше беттен тұратыны жазылады. Мысалы, көлемі: 7 (жеті) бет.

  4. Факс нөмірінен кейін ақпарат жіберілген аппарат нөмірі жазылады. Мысалы: 8-8167-24-49-05.

  5. Факс арқылы жіберілетін хабардың тақырыбы жазылады. Мысалы: Жарты жылдық есеп.

  6. Қажет болған жағдайда құжаттың көшірмесін алған адамның аты-жөні жазылады. Мысалы: көшірмесі: Акерке Алтынбекқызы Бекболатоваға.

  7. Осылардан кейін: «Тез қаралуы тиіс», «Құпия», «Қажетті белгілер соғу үшін» деген сияқты қосымша ескертулер жазылады. Мекемеге факс арқылы жіберілген құжаттар арнайы журналға тіркеледі.

110-тапсырма. Факс арқылы жіберілетін іс қағаздарының

құрылымын пайдалана отырып, құжат жіберіңіздер.

111-тапсырма. Ұлағатты сөздердің мағынасын түсіндіріп, олардың тәрбиелік мәнін өздеріңізге үлгі-өнеге тұтыңыздар.

Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар,

мінез деген нәрселерімен озады.

(Абай)

Жақсылық көрсем өзімнен,

Жамандық көрсем өзімнен.

Тағдыр қылды деулерді,

Шығарамын сөзімнен.

(С. Торайғыров)

Егер де адам баласы өзінің бойындағы зиянды әдет-дағдыларды түп-тамырымен бір уақытта жою үшін аз да болса бар күш-жігерімен кіріссе, одан құтылу да қиынға түспес еді... Бірақ та оның қиыншылығы сонда – мысқылдап ұзақ уақыт енген жаман әдет-дағдыны құрту үшін, соншама ұзақ уақыт күресу керек.

(К.Д.Ушинский)

112-тапсырма. Сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыздар.

Факс – это рановидность переписки между деловыми партнерами, организациями. Ряд телефаксов указывает код ошибки и страницу, на которой произошел сбой при приеме. Большая часть коммерческой переписки хранится три года и передача на архивное хранение не подлежит. Условия обмена документами по факсу должны быть оговорены в договорах.

113-тапсырма. Төмендегі сөз және сөз тіркестерін қазақ тіліне аударып, олармен сөйлемдер құрастырыңыздар.

Документ, ряд телефаксов, приложения, указание (код) отправителя, таблица, партнер, информация, недолговечна, связь, переписка, копия, время и продолжительность передачи.

114-тапсырма. Сөз және сөз тіркестерін мағынасына қарай іріктеп, оларды аудармаларымен сәйкестендіріңіздер.

Ү л г і: Басшылық қызмет – руководящая должность.

1. алға қойған міндет

1. квалифицированный

2. лауазым, қызмет

2. прения

3. білікті, өз ісін жетік білетін

3. командировать

4. рәсімдеу

4. переплетчик

5. жарыссөз

5. должность

6. іссапарға жіберу

6. актуальные проблемы

7. өзекті мәселелер

7. оформить

8. түптеуші

8. поставленные задачи

115-тапсырма. Өлеңнен не түсіндіңіздер? Мағынасын меңгеріп, мазмұндаңыздар. Отаныңыздың патриоты болыңыздар.

Жігіттің жігіт болғаны – Менің жаным Отандық,

Жаудан елін сақтаса, Отан деп өлем, өлсем де,

Жау шапқанда еліне, О, сүйікті Отаным,

Қояндай бұғып қашпаса. Балам деп көм, көмсең де, –

дейді Н. Байғанин. Ақын нағыз отаншыл, елі мен халқы үшін аянбай қызмет етуді өзінің басты міндеті деп санайтын адамгершілігі жоғары батырдың бейнесін жырлайды.

8-апта. 15-сабақ

116-тапсырма. Ресми іс қағаздарындағы терминдердің қалыптасу жолдарын сабақ барысында талқылаңыздар.

117-тапсырма. Қазақ халқының даму барысында енген кірме сөздердің пайда болуы тарихына сұрақ-жауап құрастырыңыздар.

118-тапсырма. Мәтінмен мұқият танысып, мағынасын меңгеріп, мазмұндаңыздар.