Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДНГЯ_Улбике апай (ж.т).doc
Скачиваний:
90
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
1.03 Mб
Скачать

Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті

әл-Машани атындағы Жоғары технологиялар және тұрақты даму институты

Қазақ тілі кафедрасы мәжілісінің

6 Хаттамасы

II. Мәжілістің өткізілген орны мен күні. Мысалы:

Алматы қаласы 25.05.2011

III. Қатысқандар туралы мәліметте мәжіліске қатысушылардың аты-жөні, лауазымы жазылады. Мысалы:

Қатысқан оқытушылар тiзiмi: профессор Г.Т.Тұрсынова, п.ғ.д., профессор К.Б.Жақсылықова, профессор Ұ.Р.Шүленбаева, ф.ғ.к., доцент С.С.Айтжанова, п.ғ.к., доцент Р.Ш.Әбдiсүлейменова, ф.ғ.к., доцент Т.Садақбаев, ф.ғ.к., аға оқытушы Г.Ө.Зәуірбекова, ҚазҰТУ доценттері: Г.Д.Рыскелдиева, М.Қарамендина, А.С.Итемирова, аға оқытушылар: Ұ.Ж.Ахметбаева, А.М. Монтаева, Қ.С. Рысқұлбекова, Ш.М.Оспанова, А.Ә. Өмірбеков, Р.Б.Қадырқұлова, Р.Т.Төлегенова, В.М.Сағымбаева, М.Б.Бердиллаева.

IV. Мәжіліске төрағалық етуші. Мысалы:

Мәжіліс төрайымы:

Кафедра меңгерушісі, профессор Г.Т. Тұрсынова;

Хатшы: аға оқытушы А.Бакиева.

V. Күн тәртібі. Мысалы:

  1. Ректорат жарлықтары.

  2. Жазғы сессияға дайындық.

  3. Мерекелік іс-шараны өткізу мәселесі.

  4. Баспа бетіне басып шығаруға дайындалған басылымды қарастыру.

  5. К.С.Рысқұлбекованың «Қазақ ресми іс қағаздары тіліндегі синтаксистік құрылымдар»атты тақырыпқа жазған кандидаттық диссертациясын талқылау.

VI. Тыңдалған мәселелер туралы мәлімет. Мысалы:

Тыңдалды:

1. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша Қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі, профессор Г.Т.Тұрсынованың ректорат жарлықтары туралы хабарламасы тыңдалды.

2. Жазғы сессияға дайындық барысы туралы профессор Ұ.Р. Шүленбаева қысқаша мәлімет берді.

3. 9 мамыр Жеңіс күнінің 66 жылдығына байланысты мерекелік іс-шараларды өткізу жұмыстары қарастырылды.

4. Кафедра оқытушылары профессор Г.Т.Тұрсынова, профессор Ұ.Р.Шүленбаева, доцент Т.Т.Садақбаев, аға оқытушы А.Ә.Өмірбековтердің дайындаған студенттің пәндік оқу-әдістемелік кешені туралы мәлімет тыңдалды.

5. Қазақ тілі кафедрасының аға оқытушысы Күнәркүл Сейітқазықызы Рысқұлбекованың «Қазақ ресми іс қағаздары тіліндегі синтаксистік құрылымдар» тақырыбына жазған кандидаттық диссертациясы талқыланды.

VII. Жарыссөзде сөйлегендер туралы мәлімет. Жарыссөз бөлімінде сөз сөйлеушілердің айтқан пікірлері, тұжырымдары жазылады.

VIII. Қабылданған қаулы туралы мәліметте мәжілісте қарастырылған мәселелер бойынша шығарылған шешім, ұйғарылған қорытынды жазылады. Мысалы:

Қабылданған қаулы:

1. 2011 жылдың жазғы сессиясына қажетті материалдарды, емтихан билеттерін дайындау профессор Ұ.Р.Шүленбаеваға тапсырылсын.

2. 9 мамыр Жеңіс күнінің 66 жылдығына байланысты іс-шараны өткізуге жауапты етіп кафедраның аға оқытушылары: Р. Қадырқұлова, В.Сағымбаева, Г.Аужановалар тағайындалсын.

3. Профессор Г.Т.Тұрсынова, профессор Ұ.Р.Шүленбаева, доцент Т.Т.Садақбаев, аға оқытушы А.Ә.Өмірбековтердің «Қазақ тілі» пәні бойынша дайындаған жоғары техникалық оқу орындарындағы барлық мамандықтарына арналған «Қазақ тілі» атты студенттің пәндік оқу-әдістемелік кешені баспадан басып шығаруға ұсынылсын.

4. Қазақ тілі кафедрасының аға оқытушысы Күнәркүл Сейітқазықызы Рысқұлбекованың 10.02.02 – қазақ тілі мамандығы бойынша филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындаған «Қазақ ресми іс қағаздары тіліндегі синтаксистік құрылымдар» тақырыбына жазған кандидаттық диссертациясын Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ОК 18.09.26 Диссертациялық кеңесіне қорғауға ұсынылсын.