Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДНГЯ_Улбике апай (ж.т).doc
Скачиваний:
90
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
1.03 Mб
Скачать

Қосымша демалыс беру жөнінде

Бостандық аудандық қаржы бөлімінің бас маманы Сәрсекеева Гүлназ Айдарқызының баласы үш жасқа толғанға дейін бала күтіміне байланысты 2011 жылдың 19 қарашасынан бастап 2014 жылдың 8 қыркүйегіне дейін жалақысы сақталмайтын қосымша демалыс берілсін.

Негіздеме: Г.А.Сәрсекееваның өтініші. Баланың тууы туралы куәлігінің көшірмесі бірге тіркеліп отыр.

Алматы қаласы Бостандық

аудандық қаржы бөлімінің

меңгерушісі ____________ Айтжанова Сәуле Сейіткәрімқызы

қолы

Еңбек демалысынан шақыру туралы

Өндірістік қажеттілікке байланысты, ұйымдастыру кадр бөлімінің бастығы Бакиева Айгүл Әдікенқызы 2011 жылдың 15 қаңтарынан еңбек демалысынан шақырылып, пайдаланбаған күндерін өзіне қажетті басқа уақытта пайдалану құқығы берілсін.

«Капитал» компаниясының

директоры _____________ Оспанова Шолпан Мұхтарбекқызы

қолы

Ж ы л д ы қ д е м а л ы с ж ө н і н д е

Ү л г і:

Қазақстан Республикасының 10.12.1999 жылғы № 493-1 «Қазақстан Республикасындағы жұмыс туралы» Заңының 60 бабының 3 тармағы бойынша әлеуметтік жұмысқа байланысты категориясыз (Q-12) маман Абдиев Жұман Сайынұлына 2011 жылдың 1 қыркүйегінен 19 қыркүйегіне дейін 18 күнтізбелік күнге жыл сайынғы жылдық демалысы берілсін.

Негіздеме:Ж.С.Абдиевтің 2011 жылдың 18 тамызындағы өтініші.

Аудан әкімінің ____________ Садақбаев Тәңірберген Тұрсынбайұлы

орынбасары қолы

Енгізілсін:

Аудан әкімі аппаратының

басшысы _____________ Рыскелдиева Гүлдария Дәулетқазықызы

қолы

Келісілді:

Мемлекеттік құқық

бөлімінің бастығы _____________ Итемирова Ақмарал Сейітқызы

қолы

160-тапсырма. Жоғарыдағы үлгілерді пайдаланып, төмендегі мәселелерге байланысты құжат үлгілерін жазыңыздар.

1. Жұмысқа қабылдау туралы;

2. Белгілі қызметке тағайындау туралы;

3. Жұмыстан шығару туралы;

4. Тәртіптік жаза беру туралы;

5. Белгілі бір міндетті жүктеу туралы.

11-апта. 22 сабақ

161-тапсырма. Түйіндеме қандай құжат, оны қай уақытта, неге байланысты талап етеді? Сабақ барысында талқылаңыздар.

162-тапсырма. Түйіндеменің құрылымына не кіреді? Бір-біріңізбен пікір алмасыңыздар.

163-тапсырма. Түйіндеме туралы берілген мәліметпен танысып, оның жазылу үлгісін есте сақтаңыздар.

Т ү й і н д е м е (Резюме)

Түйіндеме (резюме) француз тілінен аударғанда айтылған немесе жазылған мәселенің «қысқаша түйіні» деген мағына береді.

Түйіндеме– белгілі бір тұлғаның өмірбаяны, білімі, мамандығы, кәсіптік шеберлігі, біліктілігі, икемділігі жайлы нақты, қысқа мәлімет беретін анықтамалық-ақпараттық іс қағаздарының бір түрі.

Түйіндеме жұмысқа тұру мақсатында немесе істеп жүрген қызметінен өзіне лайықты басқа қызмет іздеген жағдайда, бос орынға жарияланған конкурсқа құжат тапсырған кезде, т.б. да көптеген жағдайларда жазылады. Түйіндеме мәтінінің соңына түйіндемені жазған тұлға өз қолын қояды.

Сіздің түйіндемеңізді оқыған адам сіздің кім екендігіңізден, қашан, қайда оқып, жұмыс істеп, қандай тәжірибе жинағандығыңыз, алға қойған мақсатыңыз, кім болып жұмыс істегіңіз келетіндігінен, жеке басыңыздың қасиеттерінен хабардар болып, мәлімет ала алуы керек.

Түйіндеменің құрылымы төмендегідей:

  1. Құжаттың аты. Мысалы: Түйіндеме.

  2. Түйіндемені жазушының жеке басы туралы мәлімет.

Аты-жөні, туған, оқыған жері, жылы. Мысалы: Айдарова Кәмшат Жансерікқызы 1967 жылы 22 ақпанда Қарағанды қаласында дүниеге келдім, ұлтым – қазақ.

  1. Мекен-жайы, телефоны. Мекен-жайым: Алматы қаласы, Жамбыл көшесі, 141 үй, 56 пәтер. Үй телефоны: 368-71-26. Ұялы телефоным: 8-701-246-13-36.

  2. Үміттеніп отырған вакансиясы.Мысалы: Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ, Қазақ тілі кафедрасында доценттік қызмет; баспа қызметкері; инженерлік қызмет.

  3. Білімі мен қызметі туралы мәлімет. Мысалы: Білімім жоғары, мамандығым: қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарынан оқытушы. Әрі қарай қай жылдары қай мекемелерде не қызмет атқарғаны жазылады.

  4. Қоғамдық, кәсіптік, т.б. жұмыстары туралы негізгі мәліметтер. Бұл бөлікте түйіндеме иесінің кәсіптік, қоғамдық, ғылыми және басқа да жұмыстарының түйіндеме мақсатына қажетті деп табылатын негізгілері ғана айтылады. Мысалы: Қоғамдық жұмыстарға белсене араластым. Көпшілікпен тіл табыса аламын, ұйымдастырушылық қабілетім бар. Тапсырылған іске жауапкершілікпен қараймын. Баспа ісін жақсы білемін. Компьютерді толық меңгергенмін, т.б. Сондай-ақ еңбектегі табыстары, ғылыми атағы мен ғылыми дәрежесі.

  5. Қосымша мәліметтер. Бұл бөлікте ана тілінен басқа меңгерген тілдері, компьютерлік техниканы меңгеру деңгейі, интернет бағдарламаларымен жұмыс істеу деңгейі, спортқа, өнерге қатысы, шетел сапарлары, жеңіл көлік немесе транспорттың басқа түрлерін жүргізе алатындығы, т.б. атап көрсету қажет.

  6. Кепілдеме. Соңғы жұмыс орнынан немесе жеке тұлғалардың атынан алынған кепілдеме болса, оның бар екендігі түйіндемеде бір сөйлеммен айтылады. Қажет деп тапқан жағдайда оны түйіндемемен бірге тапсырады.

  7. Түйіндеменің жазылған күні, ізденушінің қолы. Түйіндеме соңынан түйіндеме жазылған күн, аты-жөні, фамилиясы, қолы қойылады. Мысалы: Қожанова Жібек Әлиқызы, 27 шілде 2009 жыл.

Грамматикалық ерекшеліктер:

Түйіндемеде жазылатын құжат иесіне қатысты мәліметтің барлығы I жақ жекеше түрде баяндалады, оның жалғауы: -м. Етістіктің жедел өткен шақ формасының жұрнақтары: -ды, -ді, -ты, -ті қолданылады. Мысалы: дүниеге кел+ді+м, оқы+ды+м, бітір+ді+м, қызмет ет+ті+м, т.б.

Түйіндеме иесінің дәл қазіргі кездегі өмірін, білімі мен қызметін баяндайтын мәліметтер етістіктің нақ осы шақ формасы арқылы I жақта беріледі. Мысалы: оқы+п жүрмін, істе+п жүрмін, атқар+ып жүрмін, т.б.

Нақ осы шақтың дара түрі отыр, жүр, жатыр, тұр етістіктеріне жіктік жалғауының тікелей жалғануы арқылы жасалады. Мысалы: мен отыр+мын, сен жатыр+сың, сіз тұр+сыз, ол жүр, біз тұр+мыз, сендер жүр+сіңдер, сіздер отыр+сыздар, олар отыр.

Нақ осы шақтың күрделі түрі лексикалық мағыналы етістікке: -ып, -іп, -п жұрнақтары жалғанып, тұр, жүр, жатыр, отыр етістіктеріне жіктік жалғауының жалғануы арқылы жасалады. Мысалы: Мен оқы+п отыр+мын. Сен көр+іп жатыр+сың. Сіз ал+ып тұр+сыз. Сендер біл+іп жүр+сіңдер.

164-тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Түйіндеме сөзі қандай мағына береді? 2. Түйіндеме іс қағазының қай түріне жатады? 3. Түйіндемеде қандай мәліметтер қамтылады? 4. Бұл құжатқа кім қол қояды? 5. Сіздің түйіндемені оқыған адам қандай мәлімет ала алуы керек? 6. Түйіндеменің құрылымына не кіреді? 7. Қосымша мәліметтерде не айтылуы керек? 8. Түйіндемемен бірге беру керек болған жағдайда кепілдемені кім беруі керек? 9. Түйіндемені жазғанда қандай грамматикалық ерекшеліктерге сүйену керек?

165-тапсырма. Сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырыңыздар.

Жұмыс тәжірибесі, азаматтығы туралы мәлімет, жұмысқа орналасу, ұйымдастырушылық қабілеті, компьютерлік сауаттылығы, спортқа қатысы, жауапкершілік қасиеті, ғылыми дәрежесі, мамандығы туралы мәлімет, әскери атағы, кәсіби біліктілігі.

166-тапсырма. Төмендегі хабарландырулармен танысып, өзіңіз таңдаған қызмет орнына түйіндеме жазыңыздар.

1. Фирма «Физтех» ЖШС-нің Атырау филиалы техникалық қызмет көрсету жөніндегі менеджер қызметіне үміткер қабылдауды жариялайды.

Талап:

а) Мұнай саласындағы техникалық қызмет көрсету жөніндегі менеджер қызметіндегі жұмыс тәжірибесі 5 жылдан кем болмауы керек.

ә) Шет тілдерін (ағылшын, неміс, француз) жетік білу;

б) Мұнай саласына қатысты жоғары білімі туралы құжат;

в) Компьютерлік технологияны білу, интернет бағдарламаларымен жұмыс істеу деңгейі жеткілікті дәрежеде болуы керек.

Түйіндемені мына факске жіберуге болады: 8 (3272) 57-08-41.

  1. «Визор Капитал» ААҚ-ға директор мен талдаушы қызметтеріне мамандарды конкурстық негізде қабылдайды.

Қойылатын басты талаптар:

а) Батыстық қаржы-экономикалық жоғары білімі;

ә) Ағылшын, жапон тілдерінде еркін сөйлеу;

б) Дамушы елдердің қаржы нарығындағы жұмыс тәжірибесі;

в) Басшылық қызметіндегі жұмыс тәжірибесі кемінде 5 жыл болуы керек.

Түйіндемені мына факске жіберіңіздер: 8 (3272) 28-86-39.

167-тапсырма. Бос қызмет орнына жарияланған конкурсқа әр студент өз атынан түйіндеме жазыңыздар. Үміткерлердің қайсысы сәйкес келеді? Оны мекеме басшысының төрағалығымен комиссия мүшелері шешеді.

168-тапсырма. Түйіндеменің үлгілерімен танысыңыздар.