Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДНГЯ_Улбике апай (ж.т).doc
Скачиваний:
90
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
1.03 Mб
Скачать

Қазақ мемлекеттік ғылыми- техникалық ақпарат ғылыми-зерттеу

Ү л г і: институтының директорына

Абай атындағы Алматы мемлекеттік педагогикалық университетіндегі филология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғайтын ДР 14.05.2010 диссертациялық кеңес 10.02.02 – қазақ тілі бойынша Карамендина Мағжан Өміртайқызының «Қазақ тіліндегі көсемшенің мағынасы мен қызметінің дамуы» атты кандидаттық диссертация жұмысын және авторефераттың екі данасын мемлекеттік тіркеу мен микрофильмнен өткізу үшін жіберіп отыр.

Диссертацияның қорғалатын күні 11 маусым 2011 ж.

Диссертация кеңесінің

төрайымы, профессор __________ Тұрсынова Гүлбаршын

қолы Тұрсынқызы

98-тапсырма. Топтағы студенттер қызметтік хаттардың 18 түрін өзара 3-4 хаттан бөліп алып, хат жазыңыздар.

7-апта. 13-сабақ

99-тапсырма. Іс қағазының бір түрі – мінездеме туралы мәлімет алып, оның қай жағдайда, қалай жазылатынын түсініп алыңыздар.

100-тапсырма. Мінездеменің қандай түрлері бар, олардың әрқайсысын неге байланысты жазады? Өзара бір-біріңізбен ой бөлісіңіздер.

101-тапсырма. Мінездемеге берілген түсініктемемен мұқият танысып, оның құрылымын меңгеріп, есте сақтаңыздар.

М І Н Е З Д Е М Е

Мінездеме – түрлі мекеме, ұйым, бірлестік, оқу орны тарапынан берілетін, белгілі бір адамды өмірбаяндық, біліктілік, кәсіптік, адамшылық тұрғыда жазбаша сипаттау мақсатында жазылатын анықтамалық-ақпараттық іс қағазының бір түрі.

* * * * *

Мінездеме белгілі бір адамды, қызметкерді оқу орнына, қызметке ұсыну, конкурстан өткізу, т.б. мақсатта жазылады. Мінездемеде ұсынылған адамның адамшылық қасиеттері, мінез-құлқы, кәсіптік шеберлігі, отбасы жағдайы жазылады.

Мінездеменің екі түрі бар: 1. Қызметтік мінездеме; 2. Аттестациялық мінездеме.

Қызметтік мінездеме – мінездеменің айрықша кең тараған формасы. Қызметкерді объективті, әрі нақты мінездеу қажет болған жағдайда жазылады.

Аттестациялық мінездеме белгілі бір адамның атқарып отырған қызмет орнына лайық, лайық еместігін тексеру мақсатында жүргізілетін аттестация қорытындысына орай жазылады. Мұндай мінездеменің қорытынды бөлігі міндетті түрде атап көрсетіледі.

Қорытындысында: Атқарып отырған қызметіне лайық; Атқарып отырған қызмет орнына лайық емес; Қызмет бабында жоғары қызметке ұсынуға лайық; Кәсіптік дайындық деңгейін, басшылық қызметтегі тәжірибесін ескере отырып, Қ.Т.Орынбаевты конкурстық негізде статистика бөлімінің бастығы қызметіне ұсынуға болады, – деген нақты шешімі жазылады.

Мінездеме төмендегідей құрылымдардан тұрады:

  1. Құжат аты: Мінездеме.

  2. Мінездеме берілетін адам туралы қысқаша анкеталық мәліметтерге мыналар кіреді: аты-жөні, туған жылы, білімі, мекемедегі жұмыс өтілі, қазіргі атқаратын қызметі, әскери қызметке қатысы, азаматтығы, т.б.

  3. Негізгі мәтінде атқарып жүрген қызметін, өз мамандығын қаншалықты меңгергендігі, кәсіптік білім деңгейі, біліктілігі, қызмет бабында жеткен жетістіктері мен кемшіліктері, әріптестерімен қарым-қатынасы, отбасы жағдайы, ұжымдағы орны, сын көтеру қабілеттілігі жазылады. Мысалы:

Университетте қызмет істеген жылдары С.У.Омарбаев өзін өте білімді, сауатты, алға қойған мақсатына жете білетін, өзіне де, өзгеге де талап қоя білетін жауапты қызметкер, білгір маман ретінде көрсете біледі деген сияқты т.б. мәліметтер қамтылады.

  1. Қорытынды. Қорытынды негізгі мәтіннің түйінделген, жинақталған

бөлігі болып табылады.

  1. Мінездемені талап етуші ұйымның аты. Бұл бөлікте мінездеменің не мақсатпен және қай ұйымға берілгендігі жазылады. Мысалы:

Мінездеме жеке еңбек шартын ұзарту үшін берілді; Мінездеме диссертациялық кеңеске тапсыру үшін берілді; Мінездеме Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің қабылдау комиссиясына құжат тапсыру үшін берілді, т.б.

  1. Мінездеме беруші туралы мәлімет. Бұл бөлікте мінездеме беруші мекеме басшысының ресми қызметі, аты-жөні, фамилиясы жазылып, қолы қойылады. Мысалы:

Қ. Тұрысов атындағы Геологиялық-

барлау институтының директоры,

профессор _____________ Өмірсеріков М.Ш.

қолы