Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДНГЯ_Улбике апай (ж.т).doc
Скачиваний:
90
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
1.03 Mб
Скачать

Мөр басылады.

40-тапсырма. Сенімхаттың екінші үлгісімен танысыңыздар.

С Е Н І М Х А Т

Ү л г і:

Қазақстан Республикасы Алматы қаласы

Жиырма бесінші мамыр, екі мың он бірінші жыл

Мен, Монтаева Ажархан Молдаханқызы, Алматы қаласы, Тілендиев көшесі 211 үй, 5 пәтерінің тұрғыны, Алматы қаласы, Ақсай-1 шағын ықшамауданы, 12 үй, 62 пәтерде тұратын Сауытбеков Дәулет Жақсыбайұлына жеке куәлігі №012480193, 1995 ж. 14 сәуірде ҚР ІІМ-ігі берген, жүргізуші куәлігі АА № 1026115, «Toyota» маркілі автокөлікті, двигателі IW 813772, шасси IMЗ – hv123807, мемлекеттік № phg 02113, түсі – ақ, маған тиесілі көлікті, уақытша жүргізуіне сенім білдіремін.

Сенімхат 25 мамыр 2014 жылға дейін берілді.

қолы ___________

Мөр басылады. А. Монтаеваның

қолын растаймын

41-тапсырма. Сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыздар.

Предоставляю ему право заключить договор купли-продажи жилого дома. Предоставляю ему право получать необходимые справки связанные с данным поручением. Предоставляю ему право получить следуемые мне деньги. Предоставляюправо выполнить все действия связанные с данным поручением. Полномочия по этой доверенности не могут быть переданы другим лицам.

42-тапсырма. Сөйлемдерді дұрыс құрастырыңыздар

1. Сатуға \аталған пәтерді\М.С.Қайырбеков\ құқы бар. 2. Аталған пәтерді \М.С.Қайырбеков\құқы бар\ жалға беруге. 3. М.С.Қайырбеков \құқы бар\сыйға тартуға\ аталған пәтерді. 4. Аталған пәтерді\ құқы бар\ М.С.Қайырбеков\мұра етіп қалдыруға. 5. Құқы бар \ М.С.Қайырбеков \ауыстыруға\ аталған пәтерді. 6. Құқы бар \ осы сенімхат арқылы\ аталған істердің барлығын\ жүзеге асыруға\ М.С. Қайырбеков.

43-тапсырма. Өз атыңызға пошта арқылы жіберілген 30 мың теңгені алу үшін досыңызға сенімхат жазыңыз.

44-тапсырма. Университет кассасынан сіздің шәкіртақыңызды алу үшін досыңыздың атына сенімхат жазыңыз.

45-тапсырма. Сөздікті жаттап алыңыздар.

сенімхат – доверенность сенім – доверие

сенім білдіру – доверять сену – верить

сенім білдіремін – доверяю сенім беруші – доверитель

сенім алушы – доверенное лицо әрекет – действие

менің көзімше – в моем присутствии жеке тұлға – физическое лицо

әрекетке қабілеттілік – дееспособность

46-тапсырма. Сенімхатқа байланысты берілген тест тапсырмаларын орындаңыздар.

1. Сенімхат белгілі бір тұлғаның ................... Растайды.

А) өмірбаянын

Ә) өкілеттігі мен құқын

Б) мекен-жайын

В) сенімхаттың жарамдылығын

2. Сенімхатқа ................... Қолы қойылады.

А) хатшының

Ә) сенім алушының

Б) сенім білдірушінің және нотариустың

В) ата-анасының