Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДНГЯ_Улбике апай (ж.т).doc
Скачиваний:
90
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
1.03 Mб
Скачать

Жұмысқа қабылдау туралы өтініш

Қ.И.Сәтбаев атындағы

ҚазҰТУ ректоры, профессор

Ж.М.Әділовке

Алматы қаласы, Әуезов көшесі № 125 үй,

14 пәтер тұрғыны А.Д.Қайыровадан

Ө т і н і ш

Ү л г і:

Мені Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-дың Тау-кен институтының «Материалтану» кафедрасына Матералтану пәнінің оқытушысы ретінде жұмысқа қабылдауыңызды сұраймын. Қажетті құжаттар бірге тіркеліп отыр.

23.05.2011 _____________ А. Д. Қайырова

қолы

* * * * *

Грант бөліміне ауыстыру туралы өтініш

Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ

Мұнай-газ ісі иститутының директоры

Т.А.Енсепбаев мырзаға

шифры 5В 070800 НДб-10-4р. тобының

студенті Қасымова Жадырадан

Ө т і н і ш

Ү л г і:

Мені 2010-2011 оқу жылының II семестрінен бастап мемлекеттік білім грант бөліміне ауыстыруыңызды сұраймын. Мен қысқы сессияның барлық емтихандарын «5»-ке тапсырдым.

25.12.2010 Қолы_____________ж.Қасымова. Кандидаттық диссертацияны қабылдау туралы

Қазақстан Республикасы Ғылым

Академиясы А.Байтұрсынұлы атындағы

Тіл білімі институтының директоры,

профессор Шерубай Құрманбаев мырзаға,

диссертациялық кеңестің төрайымы

Нұржамал Оңғарбаева ханымға

Ө Т І Н І Ш

Ү л г і:

А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының 10.02.02 қазақ тілі мамандығы бойынша филология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғайтын Д.14.05.04 диссертациялық кеңесіне «В.В.Радловтың «Түркі тілдер сөздігін жасау тәжірибесі» еңбегіндегі қазақ лексикасының құрамы мен құрылымы» тақырыбына жазған кандидаттық диссертациямды қабылдауыңызды сұраймын.

Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ

ұлттық техникалық университетінің

аға оқытушысы ______________ Бердиллаева Меңдіқыз Бексұлтанқызы

қолы

20-тапсырма. Төмендегі мәселелерге байланысты өтініш жазыңыздар:

1. Кезекті ақылы еңбек демалысын беру туралы;

2. Жалақыны көтеру туралы;

3. ҚазҰТУ ректорының атына I курсқа түсу үшін құжатын қабылдау

туралы;

4. Денсаулығына байланысты академиялық демалысқа шығу туралы.

21-тапсырма. Сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыздар.

Жұмысқа қабылдауыңызды сұраймын; отбасы жағдайыма байланысты; материалдық көмек көрсетуіңізді сұраймын; нұсқау беруіңізді сұраймын; өтінішімді орындауыңызды сұраймын; шешім қабылдауыңызды сұраймын.

22-тапсырма. Қазақ тіліне аударыңыздар.

Очередной отпуск; прошу вашего разрешения; внеочередной отпуск; прошу включить; просим выслать; содержание заявления; просим подтвердить; просим выслать необходимую нам документацию; прошу разрешить.

23-тапсырма. Берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Өтініштің құрылымына не кіреді? 2. Өтініш қандай мәселелерге байланысты жазылады? 3. Өтініш кімнің атына жазылады? 4. Өтінішке кім қол қояды? 5. Өтініштің мәтінінде қандай сөздер жиі қолданылады? 6. Өтініште қандай негізгі мәліметтер көрсетіледі? 7. Өтініш негізінен қандай мақсатта жазылады?

24-тапсырма. Талап арыз қандай іс қағазы? Мәлімет алып, талап арыз жазыңыздар.

Т А Л А П А Р Ы З

Талап арыз – даулы құқықтық қарым-қатынасты шешу мақсатында аудандық не болмаса қалалық сот төрағасының атына жеке азаматтардың немесе заңды тұлғалардың атынан жазылатын іс қағазының бір түрі.

* * * * *

Талап арызда көрсетілген деректер бойынша сот өкілдері іс қозғайды. Талап арыз жазуға негіз болып отырған жағдай іс жүзінде дәлелденген жағдайда заң бойынша шара қолданылады. Талап арызды жазушы, яғни сотқа шағымданушы тұлға талапкер деп аталады. Талапкер жеке тұлға да, заңды тұлға да болуы мүмкін. Талап арызда көрсетілген деректер бойынша жауап беретін азамат немесе заңды тұлға жауапкер деп аталады.

Талап арыз негізінен төмендегідей мақсаттарда жазылады:

  • Заңға қайшы іс-әрекетті тоқтату;

  • Мүлікті қайтару;

  • Шығындарды өтеу;

  • Қоғамдық немесе ортақ мүліктерді пайдалануға кедергілерді жою;

  • Алимент төлету;

  • Келісімшартты жарамсыз деп табу;

  • Ортақ меншікті бөлу;

  • Некені бұзу, т.б.

Талап арызда көрсетілетін негізгі мәліметтер;

  • Талап арыз жолданатын соттың аты;

  • Талапкер мен жауапкердің аттары мен мекен-жайлары;

  • Талап арыз жазуға негіз болып отырған жағдай;

  • Оларды растайтын дәлелдемелер;

  • Талапкердің қойып отырған талабы;

  • Егер талап арыз материалдық-құқықтық мәселеге қатысты болса, онда талаптың бағасы;

  • Қосымша тіркелетін құжаттар тізбесі.

Талап арыздың құрылымы:

  1. Талапарыз жолданатын соттың аты;

  2. Талапкердің аты мен мекен-жайы;

  3. Жауапкердің аты мен мекен-жайы;

  4. Құжат аты;

  5. Талап арыз мәтіні;

  6. Талап арыз берушінің аты-жөні, фамилиясы, қолы;

  7. Талап арыз берілген күні, айы, жылы;

  8. Қосымша (егер бар болса).

25-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Талап арыз қандай мақсатпен жазылады? 2. Талап арыз кімнің атына жазылады? 3. Талап арыздың арыздан айырмашылығы қандай? 4. Талап арыз беруші қалай аталады? 5. Жауапкер деген кім? 6. Талап арызға кімнің қолы қойылады?

26-тапсырма. Өмірде болған жағдайлармен байланыстырып, үш талап арыз жазыңыздар.

27-тапсырма. Сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырыңыздар.

Арыс иесі, қабылдау бөлімі, жұмыстан шығару, демалыс алу, келісім беру, талап арыз жазу, өтініш білдіру, қол қою.

28-тапсырма. Мұнай-газ компаниясы басшысының заңсыз іс-әрекеті туралы арыз жазыңыздар.

29-тапсырма. Талап арыздың үлгісімен танысып, оның қалай жазылатынын есте сақтаңыздар.

Алматы қаласы Бостандық аудандық

сотының төрайымы Рысқұлбекова

Күнәркүл Сейітқазықызына

талапкер (истец) – Алматы қаласы

Наурызбай батыр көшесі 65 үй,

23 пәтер тұрғыны К.С.Әміровтен

жауапкер (ответчик) – Алматы қаласы

Сейфуллин даңғылы № 98 ғимаратта

орналасқан «Жігер» Ашық

акционерлік қоғамы