Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДНГЯ_Улбике апай (ж.т).doc
Скачиваний:
90
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
1.03 Mб
Скачать

2. Негізгі таратылатын материалдар мазмұны

2.1. Сабақ түрлері бойынша сағат бөлу

Тақырып атауы

Академиялық сағат саны

Тәжіри-белік са-

бақтар

СОӨЖ

СӨЖ

  1. VI-VIII ғасырлардағы көне түркі жазба

ескерткіштеріндегі ресми іс қағаздарына тән

тілдік элементтер.

2

2

2

  1. VI-XIII ғасырлардағы көне түркі жазба

ескерткіштеріндегі қазақ іс қағаздары тілінің

тарихы.

2

2

2

  1. Қазіргі іс қағаздары құрылымының негізгі

бөліктері XV-XVII ғасырлардан бастау

алады.

2

2

  1. XIV ғасырда жазылған жарлықтар тілінің

зерттелуі.

2

2

2

5. XVІІІ ғасырда жазылған іс қағаздары.

2

2

2

6. Ресми іс қағаздарындағы тілдік норма

2

2

2

  1. Мінездеме. Факс арқылы жіберілетін

құжаттар.

2

2

2

  1. Ресми іс қағаздары терминдерінің

қалыптасуы.

2

2

2

9. XIX ғасырдағы ресми іс қағаздары.

2

2

2

10. Жаңа түркі дәуіріндегі ресми іс қағаздары.

2

2

2

11. Ресми іс қағаздары тілінің стилі.

2

2

2

12. Іс қағаздары және олардың түрлері.

2

2

2

13. Жеке іс парағы. Еңбек келісімі.

2

2

2

14. Бұйрықтың тарихы. Хабарландыру.

2

2

2

15. Анықтама. Акт.

2

2

2

Барлығы:

30

30

30

Қазақ ресми іс қағаздары тілінің қалыптасу тарихы

1-апта. 1-сабақ

1-тапсырма. Қазіргі іс қағаздары үлгілерінің көне түркі ескерткіштерінде жатқандығы туралы мәлімет алып, есте сақтаңыздар.

2-тапсырма. Мәтіннің мазмұнына сұрақ-жауап құрастырыңыздар.

3-тапсырма. Мәтінмен мұқият танысып, мағынасын түсініп, мазмұндаңыздар.

VI -VIII ғасырлардағы көне түркі жазба

Ескерткіштеріндегі ресми іс қағаздарына тән тілдік элементтер

VI –VIII ғасырлардағы көне түркі жазба ескерткіштері тілінде қазіргі қазақ іс қағаздары тіліне тән элементтер мен құрылымдық ұқсастықтар, ресми іс қағаздары стилінің өзіндік белгілері, қазіргі іс қағаздары тілінде қолданылатын кейбір реквизиттер бар. Қазіргі қолданылып жүрген іс қағаздарының аттары аталмаса да құрылымдық, мағыналық тұрғыдан қарастырғанда, қазіргі іс қағаздары үлгілерінің тамыры VI –VIII ғасырлардағы көне түркі жазба ескерткіштерінде жатқандығын байқауға болады. Қазақ іс қағаздары тілінің тарихы VI –VIII ғасырлардағы көне түркі жазба ескерткіштерінен басталады. Ә. Қайдаров қазақ тілінің тарихи даму сатысы сонау хун, көне түркі дәуірінен басталғандығын айтады.

Орхон-Енисей ескерткіштерінің тілінде іс қағаздарының жеке түрлері кездеспегенімен, оларға тән тілдік бірліктер мен стильдік ерекшеліктерді, ал VIII-XIII ғасырлардағы жазба ескерткіштерінен көне түркілік дәуірге тән іс қағаздарының үлгілерін кездестіруге болады.

Қазақ іс қағаздары тілінің тарихы сол тілдің иесі болып табылатын халық тарихымен, қоғам тарихымен тығыз байланысты. Өйткені ол тілдің дамуы қоғамның дамуына, оның экономикалық өміріндегі өзгерістерге байланысты болады. Қоғам өміріндегі өзгерістер тілге әсерін тигізбей қоймайды. Ресми іс қағаздары тілінің тарихын қоғам тарихымен байланыстыра қараудың қажеттілігі осыдан келіп шығады.

Қазақ іс қағаздары тілінің тарихын зерттеуде екі принцип басшылыққа алынады. Бірінші принцип – қазақ іс қағаздары тілінің тарихын оны туғызған, тілдік қатынас ретінде пайдаланған қоғам тарихымен тығыз байланыста, бірлікте қарау принципі. Екінші принцип – қазақ іс қағаздары тілінің қалыптасу кезеңдерінде кездесіп отыратын түрлі тілдік фактілерді, тілдік ерекшеліктерді қазіргі қазақ тілімен салыстыра қарау принципі.

4-тапсырма. Құжат көшірмесіне берілген анықтаманың мағынасын түсініп, есте сақтаңыздар.

Құжат көшірмесі (копия документа) – түпнұсқалық құжаттың толық мазмұны ешқандай өзгертусіз толық жазылып, оның ақиқаттығын растайтын лауазымды тұлғаның тегі, аты-жөнінің басқы әріптері мен қызметі жазылып, қолы қойылып, мөрмен бекітілген құжат.

5-тапсырма. Сұрақ-жауапты рөлге бөліп оқып, мағынасын меңгеріп алыңыздар.

– Құжат деген не?

– Құжат дегеніміз кейбір фактыны, бір жағдайды немесе затқа қатысты

адамның құқығын растайтын іс қағазы.

– Заң деген не?

– Заң – мемлекеттің қаулысы, әр адам орындауға міндетті ережелер.

  • Іс қағаздары деген не?

  • Іс қағаздары дегеніміз әр азаматтың өзіне қатысты талаптарын заңға толық сәйкестендіріп толтыратын құжаттар.

6-тапсырма. Сөз және сөз тіркестерімен сөйлемдер

құрастырыңыздар.

Іс қағазы, құқықтық мемлекет, адам құқығы, заң орны, термин сөздер, қаулы, міндет, кәсіби мамандық, жекеменшік.

7-тапсырма. Етістіктерден болымсыз етістік жасап, олармен сөйлемдер құрастырыңыздар.

Ү л г і:Құқық қорғау – құқықты қорғамау. Мысалы: Республикада кейбір заң орындары жеке адамдардың құқығын толық қорғамайды.

Заңды білу, іс жүргізу, іс қағаздарын толтыру, заңға толық сәйкестендіру, азаматтық істерді қарау, құқықтық мемлекет принциптері, заңды орындау.

8-тапсырма. Шетелге сапарыңыздың мақсатын көрсетілген жолдарға қазақ тілінде жазыңыздар.

Туристическая поездка......................................................................................

Командировка....................................................................................................

Служебная командировка.................................................................................

Участие во всемирном симпозиуме.................................................................

По служебным делам........................................................................................

Учеба, стажировка............................................................................................

9-тапсырма. Төмендегі сөз және сөз тіркестерінің антонимдерін тауып, олармен сөйлемдер құрастырыңыздар.

Көне дәуір, өтінішті қанағаттандыру, рұқсат беру, қатысу, қалыптасу, кепілдік беру, мәжіліске шақыру.

10-тапсырма. Термин және терминологиядан қысқаша мәлімет алыңыздар.

– Термин деген не?

– Термин – ғылым, техника, өнер және сол сияқты тұрмыстың белгілі бір

саласындағы ұғымдарды дәл айту үшін қолданылатын сөздер мен сөз

тіркестері.

– Терминология деген не?

– Терминология деген атаулардың жиынтығы.

– Термин сөздер деген не?

– Термин сөздер бір немесе бірнеше сөздердің жиынтығынан тұрып,

белгілі ұғымды білдіретін сөздер.

11-тапсырма. Төмендегі берілген терминдерді ғылым, техника, өнер, сәулет, жалпы ғылымдық салаларға бөліп жазыңыздар.

Ү л г і: Мұнай, металл, машина жасау – техника ғылымының терминдері.

Телемеханика, компьютерлендіру, ақпараттандыру, есептеу, геология, эстетика, этика, шығармашылық, безендіру, ғылым, өнер, мәдениет, өнерпаз, драматург, білім, қоғам, тау-кен, картография, қайраткер, өнертапқыш, өлең, ән, би, әнші, биші, ақын, құрылыс, экономика, мұражай.

1-апта. 2-сабақ

12-тапсырма. Берілген іс қағаздарынан мәлімет алып, оның толтырылуына берілген түсініктемені меңгеріп алыңыздар.

Ө Т І Н І Ш. А Р Ы З. Т А Л А П А Р Ы З

* * * * *

А Р Ы З

Арыз– азаматтардың заң арқылы қорғалатын құқықтары ескерілмей, оны қалпына келтіру туралы талап қойылған жағдайда, әлеуметтік әділетсіздік орын алғанда, заңды тұлға өзінің құқығын қорғау керек болғанда, тәртіпсіздік пен қылмысқа қарсы шара қолдануға шағым айта, жалпы келеңсіз жағдайлар жайлы жазылатын іс қағаздарының бір түрі.

* * * * *

Арыз – азаматтардың құқықтары мен мүдделері бұзылған жағдайда, аталған мәселені шешуге құқығы бар мекеме басшысының атына жазылады. Арыз иесі орын алып отырған келеңсіздікті ретке келтіруді, жөндеуді, заңсыздыққа байланысты шара қолдануды талап етеді. Арызда жеке тұлғаның заңсыз іс-әрекеттері туралы мәлімет беріледі. Сол бойынша шара қолдануды талап етеді.

Арыз белгілі бір себеппен көбінесе жеке адамның атынан жазылады. Арыздың реквизиттері: кімге жолдағаны, кім жазғаны, құжат аты, мазмұны, қолы, жазылу мерзімі.

Арыздың құрылымы: 1. Құжат адресациясы (кімнің атына жазылғаны); 2. Құжат аты; 3. Негізгі мәтін; 4. Қосымша болса, оған сілтеме; 5. Жазылу мерзімі; 6. Қолы; 7. Арыз мазмұнымен келісушілердің қолы (егер бар болса). Арыздың мәтінінің соңында күнделікті қызмет этикасын сақтау сөздерін қолдана отырып, адресаттан қандай шешім күтетіндігі жазылады. Мысалы:

  • Айтылғандарды ескере отырып шара қолдануыңызды сұраймын;

  • Нұсқау беруіңізді сұраймын;

  • Мәселені қарастыруыңызды сұраймын;

  • Қалыптасқан жағдайға байланысты шара қолдануыңызды сұраймын;

  • Заңдық күші бар құжаттар негізінде іске асыруыңызды сұраймын;

  • Белгілі тәртіпті жолға қоюыңызды сұраймын;

  • Арыз бойынша тексеріс жүргізуіңізді сұраймын және т.б.

13-тапсырма. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Арыз қандай жағдайда жазылады? 2. Арызға кім қол қояды? 3. Арыз

бірнеше адамдардың атынан жазылуы мүмкін бе? 4. Арызда жазылған мәліметтер тексеріле ме? 5. Арызда жазылған мәліметтердің растығына кім жауап береді? Арыз иесінің аты-жөні көрсетілмеуі мүмкін бе? 7. Арызда жазылған мәліметтердің барлығы әрқашан шындыққа негізделе ме?

14-тапсырма. Сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыздар.

Письменная жалоба. Письменная жалоба – служебный документ, предназначенный для доведения до сведения должностного лица (как правило высшестоящего) информации узкой направленности в малом и среднем объеме. Жалоба в абсолютном большинстве случаев пишется персонально (то есть от имени одного лица ).

15-тапсырма. Сөз және сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыздар.

Құқық, азаматтардың құқығы, арыз бойынша тексеріс жүргізуіңізді сұраймын, қызметкердің заңсыз әрекеті, арызда көрсетілген мәлімет, арыз жазу, қалыптасқан жағдайға байланысты шара қолдануыңызды сұраймын.

16-тапсырма. Берілген құжаттардың үлгілерімен танысыңыздар.

Алматы қалалық халыққа қызмет

көрсету басқармасының бастығы

Қадырқұлова Розы Баймолдақызына

басқарма бастығының орынбасары

Н.С.Күдериновадан

А Р Ы З

Ү л г і:

Менің арыз беру себебім, аталған мекеменің тапсырыс арқылы қызмет көрсету бөлімінің бастығы Ж. Сәрсеновтың бөлім ережесі мен қызметтік нұсқау талаптарына қайшы келетін заңсыз іс-әрекеттеріне, рұқсат қағазынсыз сырттан келетін тапсырмаларды орындауына байланысты, басшылықтың рұқсатымен келіп жатқан тапсырыстар уақытында орындалмай, жұмыстың орындалу көрсеткіші төмендеп кетті.

Бөлім бастығының атқарып отырған жұмысына лайықты еместігін, әр түрлі заңсыздықтарға барып отырғандығын айта келіп, арыз бойынша тексеріс жүргізіп, шара қолдануыңызды сұраймын.

Басқарма бастығының

орынбасары ____________ Н.С.Күдеринова

қолы

18.02.2011

* * * * *

Т ә р т і п т і к ж а з а б е р у т у р а л ы

Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» Заңының 94 бабының 1 тармағына сәйкес жоспарлы кеңестердегі берілген тапсырмаларды бірнеше рет орындамағаны, аудан аумағының санитарлық тазалығы мен көріктендіру жөніндегі іс-шараларды өткізу бойынша жұмыстарды нашар ұйымдастырғаны үшін коммуналды шаруашылық бөлімінің бастығы Қожакеев Мақсат Әбікенұлына ескерту ретінде тәртіптік жаза берілсін.

Осы өкімнің орындалуын бақылау аппарат директоры Аңламасова Аяулым Бегалиқызына жүктелсін.

Негіздеме:2009 жылдың 12 қазанындағы М.Ә. Қожакеевтің жазбаша түрде берген түсініктемесі.

Жетісу ауданы әкімінің ___________ Ілесова Қынагүл

орынбасары қолы Әбілқасымқызы

* * * * *