Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДНГЯ_Улбике апай (ж.т).doc
Скачиваний:
90
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
1.03 Mб
Скачать

Қазіргі іс қағаздары құрылымының негізгі бөліктері

XV-XVII ғасырлардан бастау алады

Қазіргі іс қағаздары құрылымының негізгі бөліктері XV-XVII ғасырларда-ақ қалыптасқандығына XV-XVII ғасырларда жазылған армян жазулы қыпшақ тіліндегі құжат мәтіндері дәлел бола алады. Құжаттарда іс қағаздары стиліне тән стандарт тілдік бірліктер қолданылып, әр құжаттың датасы мен билердің аты-жөндері көрсетілген. Ант ішкен адам (присяжный), төреші, сот, қолхат сөздерінің қолданылуы және іс қағаздарын жүргізу мәдениетінің сол дәуірдің өзінде қалыптаса бастағандығын көрсетеді.

Армян жазулы қыпшақ ескерткіштеріне жататын құжаттар тілін Алтын Орда дәуірінде қолданыста болған әдеби тілдің, зерттеушілер еңбегінде хан жарлықтарының тілі деген атпен беріліп жүрген іс қағаздары тілінің жалғасы деп тануға болады. Сондықтан да бұл құжаттар бір ғасыр бойы хатқа түсіп, ресми іс қағаздарына тән өзіндік стилі қалыптасқан қыпшақ тілінің іс қағаздары үлгісі ретінде бағалау керек.

Қазақ іс қағаздары тілінің негізі – XVIII ғасырда жазылған іс қағаздары. Бұл дәуірде жазылған іс қағаздарының, атап айтқанда Ресеймен арадағы қарым-қатынасқа байланысты жазылған құжаттардың көпшілігінің Ресей архивінде сақталып, кейіннен жинақ болып баспадан шығуы сол кездегі іс қағаздары тілінің қандай сипатта болғандығын анықтауға мүмкіндік береді.

Бұл кезеңдегі ресми іс қағаздарына қазақ хандарының, сұлтандардың, батырлардың, старшиналардың патшаға және орыс әкімшілік орындарына жазған хаттары жатады. Бұлардың бірқатары сол кезеңдегі саяси-құрылыс туралы және т.б. жинақтарда жарияланды. Бұл ресми іс қағаздары сол кезеңдегі қазақ даласының саяси, әлеуметтік, экономикалық жағын бейнелеумен қатар, XVIII ғасырда қазақ іс қағаздары тілі қандай болғанын да көрсете алады.

56-тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Қазіргі іс қағаздары құрылымының негізгі бөліктері XV-XVIII ғасырларда қалыптасқандығына не дәлел бола алады? 2. Құжаттарда не қолданылған? 3. Әр құжаттың нелері көрсетілген? 4. Сол дәуірде қай сөздердің қолданылуы қалыптаса бастаған? 5. Армян жазулы қыпшақ ескерткіштеріне жататын құжаттардың тілін ненің жалғасы деуге болады? 6. Қазақ іс қағаздары тілінің негізі қай ғасырда жазылған? 7. Сол кездегі іс қағаздары тілінің қандай сипатта болғандығын анықтауға не мүмкіндік береді? 8. Кімдерге жазған хаттар сол кездегі іс қағаздарына жатады?

3-апта 6-сабақ

57-тапсырма. Хаттың түрлері – телефонхат және жеделхатпен мұқият танысып, берілген мәліметті есте сақтаңыздар.

Т Е Л Е Ф О Н Х А Т

Телефонхат (телефонограмма) – мазмұны телефон немесе радио арқылы жеткізілетін жедел сипатты құжат.

Телефонхаттың жеделхаттан айырмашылығы – сіз өз ақпаратыңызды телефон немесе радио арқылы тікелей мәлімдей аласыз. Мекеменің екі лауазымды адамы бір-бірімен тікелей сөйлесе алады. Лауазымы төмен адамға тапсырма бере алады. Байланыстың екінші жағында тұрған адам сіз телефонмен айтқан ақпаратты жазып алады, сағат қаншада қабылдап алғанын журналға тіркейді, ал телефонхат мәтіні аса күрделі болмауы керек.

Телефон арқылы жіберілген ақпараттың, хабардың тақырыбы, нөмірі, жіберілген күні және қабылданған уақыты жөніндегі мәлімет, байланыс жүйесін іске асырған адамның аты-жөні, телефонның немесе рацияның нөмірі тіркеледі.

Телефонхат, радиохат мәтіні арнаулы бланкке немесе таза қағазға жазылып алынады, оған мекеме немесе жауапты қызметкер қол қояды.

Бұл құжаттың ерекшелігі – оның мекемеге бірден келіп түсетіндігі. Телефонхаттар басқа қызметтік хаттар сияқты есептеледі, қабылданады, сақталады.

Телефонхат құрылымына төмендегілер кіреді:

  1. Адресаттың толық аты-жөні жазылады. Ақпарат телефон немесе радио арқылы бірден мекеменің өзіне келіп түсетіндіктен, мекен-жайы көрсетілмейді;

  2. Негізгі мәтін (1000 белгінің шегінде болуы керек, 9-10 сөйлем);

  3. Жіберушінің аты-жөні;

  4. Ақпаратты телефон арқылы жіберуші адамның аты-жөні, телефонхат жіберілген телефонның нөмірі;

  5. Телефонхат жіберіліп болған уақыт және айы, күні, жылы.

Телефонхатты қабылдап алған адам ақпарат кімге жіберілсе, сол адамға телефонхаттың келгендігі туралы бірден мәлімдейді. Телефонхатты жіберуші адам қабылдап алған адамның аты-жөнін журналға жазып алады.

Мекемеде жіберілген, келген телефонхаттарды тіркеп отыратын арнайы «Телефонхаттар журналы» болады. Ол екі бөліктен тұрады: Бірінші бөлікте мекемеге келіп түскен телефонхаттар жазылады. Екінші бөлігі жіберілген телефонхаттар мәтіндерін жазуға арналады.

58-тапсырма. Мәтіннің мазмұнына берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Телефонхат қандай қызмет атқаратын құжат? 2. Телефонхаттың жеделхаттан айырмашылығы неде? 3. Телефонхат қалай, не арқылы беріледі? 4. Телефон арқылы жіберілген хабар қалай тіркеледі? 5. Телефонхатты қалай қабылдап алады? 6.Телефонхаттың құрылымына не кіреді? 7.Телефонхаттың қабылданған уақытын не үшін көрсетуге тиіс?

59-тапсырма. Телефонхаттың үлгілерімен танысыңыздар.

Т е л е ф о н х а т

Ү л г і:

4 зауыт өндіріс бөлімінің бастығы Аспандияр Өмірбековке!

Желтоқсанның 25-сі күні сағат таңертеңгі 9.00-дан 16.00-ға дейін өндіріс цехы мен зауытқа қарасты № 3, 4, 6, 7 тұрғын үйлерге ыстық су беру тоқтатылады. Осы мәліметті зауыт әкімшілігі мен № 3, 4, 6, 7 тұрғын үй кооперативтерінің төрағаларына жеткізуіңізді сұраймыз.

Қол қойған: № 3 ЖЭС бастығы Ілесова Қынагүл Әбілқасымқызы.

Жіберуші: Абилмажинова Әсел Қуанышбекқызы тел. 395-46-80.

Желтоқсанның 24-і, 2010 жыл, сағат 16.00.

Т е л е ф о н х а т

Ү л г і:

      1. 18

ҚР-сы шығармашылық ұйымдарының жетекшілері – Ақмарал Итемирова, Мағжан Карамендина, Гүлдария Рыскелдиеваларға!

2010 жылдың 23 шілде күні сағат 11.00-де Республика сарайында ҚР-сы шығармашылық ұйымдары жетекшілерінің Халықаралық конкурсқа кандидатуралар дайындау жөнінде бас қосуы болады. Бас қосуға белсенділік танытуларыңыз сұралынады.

Тағайындалатын күнге сіздердің қарамағыңыздағы ұйым мүшелерінен кандидатураларды қатыстыру мәселесін ұйымдастырыңыздар.

Қол қойған: Республикалық шығармашылық ұйымдар бірлестігі ақпарат

бөлімінің бастығы Оспанова Шолпан Мұхтарбекқызы.

Жіберген хатшы: Қалықова Әлия Жұманқызы.

20.07.2010 күні сағат 9.00-да қабылдап алған Абилмажинова Әсел Қуанышбекқызы.

60-тапсырма. Әр түрлі мәселелермен байланыстырып, 2-3 телефонхат жазыңыздар.

61-тапсырма. Сөз және сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырыңыздар.

Телефонхат, мәлімет, жауапты қызметкер, кеңсе қағаздары, телефон байланысы, телефонхаттың құрылымы.

62-тапсырма. Төмендегі жағдайлармен байланыстырып, телефонхат жазыңыздар.

1. Сіз Тау-кен институтының директорысыз. Институттағы барлық кафедра меңгерушілеріне телефонхат жіберіңіз. Қандай мәселеге байланысты телефонхат жібересіз?

2. Сіз қазақ тілі кафедрасының меңгерушісіз. Кафедра оқытушыларына қандай мазмұнда телефонхат жібересіз?

Ү л г і:

Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-дың барлық иституттарының директорларына!

Үстіміздегі жылдың 26 күні сағат 16-дан 18-ге дейін барлық иституттарға қарасты ғимараттарда электр қуатын беру тоқтатылады. Институт директорларының осы уақыттағы сабақтардың өткізілу мәселесін шешуі сұралынады.

Қол қойған: ҚазҰТУ ректоры Ж.М. Әділов.

Жіберген хатшы: Бакиева Айгүл Әдікенқызы, тел.: 292-04-71.