Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
5555555555.docx
Скачиваний:
49
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
271.17 Кб
Скачать

16.Мойындалған айыппұл мен өсімпұл бойынша табыс қай кезде пайда болады?

Қарызгердің өткен кезеңдерде еш себепсіз бюджетке төлеп, кейіннен қайтарып алған айыппұлдарын қоспағанда, ол өзінің айыппұлын немесе өсімпұлын , сондай-ақ санкцияның өзге де түрлерін мойындайтын болса немесе өтейтін болса салық төлеушінің Жылдық жиынтық табысына жатқызылады. Сонымен қатар, ол «Мойындалған айыппұл мен өсімпұл бойынша табыс» деп көрсетіледі. Салық төлеушінің мойындаған немесе өтеген айыппұл, өсімпұл, тұрақсыздық айыбы сомасы есепке алынып, «Салық төлеушінің мойындаған немесе өтеген айыппұл, өсімпұл, санкцияның өзге де түрлерінің салықтық есебі ведомосіне» жазылып отыруы керек. Бухгалтерлік есепте айыппұл, өсімпұл , тұрақсыздық айыбының сомалары түрлі синтетикалық шоттарда көрініс табуы мүмкін, ал ол мәліметтерді қалыптастыруда қиындық тудыртады. Сол себепті аталған Ведомостті жүргізіп отыру жазбаларды құжатпен негіздеп отыруға мүмкіндік береді.

Айыппұлды шегерімге жатқызу немесе жатқызбаудың екі түрлі жағдайы бар: біріншісінде, өзге кәсіпорынға төлену туралы шешімді сот таныса, ол сома шегерімге жатады; екіншісінде бюджетке төленген айыппұл сомасы шегерімге жатқызылмайды.

Айыппұл, өсімпұл және тұрақсыздық айыбы 100-Декларацияның 100.00.010 жолында жазылады. Мысалы, 2013жылы сот органдары ЖШС «Достық» ұйымының тауар жеткізу шарты бойынша миндеттемелерін уақытында орындамауына байланысты тұрақсыздық айыбы сомасын төлеу туралы шешім қабылдады-256000тг. Салық Кодексінің 100-бабына сай 100.00.010 жолы арқылы шегерімге жатқызылады.

Мысалы, 2013жылы мүлік салығы бойынша салық сомасын азайтқаны үшін 30АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл 1731*30=51930тг көлемінде төледі, сондай-ақ осы салық түрінен 155000 көлемінде өсімпұл төледі.Салық Кодексі 115-бабы 5-тармағы бойынша, салық түрлері бойынша төленген айыппұл, өсімпұл сомалары шегерімге жатқызылмайды.

Ұйым құрал-жабдықты жеткізу бойынша жабдықтаушыға уақытылы төлемақы төлемегені үшін 50000тг өсімпұл төледі. Салық Кодексінің 118бабына сай 100.00.010 жолында көрсетіледі.

17.Салықтық есеп бойынша шегерімдер дегеніміз не?

Корпоративтік табыс салығы бойынша салық салынатын табыс= жылдық жиынтық табыс-шегерімдер. Осы жерде «шегерімдер» ұғымына тоқталайық.

Шегерімдер деп салық заңнамасына сәйкес шегерімге жатпайтын шығыстарды қоспағанда, табыс алуға бағытталған қызметті жүзеге асырумен байланысты салық төлеушінің шығыстарын айтады. Шегерімдерді салық төлеуші өзінің табыс алуға бағытталған қызметіне байланысты шығыстарды растайтын құжаттары болған кезде жүргізеді. Бұл шығыстар болашақтағы кезеңдердің шығыстарын қоспағанда, олар нақты жүргізілген ХҚЕС және бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептеме туралы ҚР заңнамасының талаптарына сәйкес анықталатын болашақтағы кезеңдердің шығыстарын қоспағанда, олар іс жүзінде жүргізілген салық кезеңінде шегерілуге жатады. Болашақтағы кезеңдердің шығыстары олар катысты болатын салық кезеңінде шегерімге жатады.

Табиғи монополия субъектілері шеккен ысыраптар ҚР-ң заңнамасында белгіленген нормалар шегінде шегерімге жатқызылады. Егер шығыстар-ң бір және сол түрі шығ-ң бірнеше баптарында көзделсе, онда көрсетілген шығыстар салық салынатын табыстың есебін жасаған кезде бір ақ рет шегерімге жатқызылады.

Салықтық шегерім түрлері:

  • өткізілген тауар;

  • көрсетілген қызмет;

  • істелінген жұмыстар бойынша шығындар, оның ішінде:

1)ТМҚ бойынша;

2)тіркелген активтер бойынша;

3)еңбекақы төлеу бойынша;

4)төленген күмәнді міндеттемелер бойынша;

5)күмәнді талаптар бойынша;

6)іс-сапар шығындары б/ша;

7)сыйақы б/ша;

8)теріс бағамдық айырма б/ша;

9)әлеуметтік төлемге жұмсалған шығыстар б/ша;

10)сақтандыру сыйақылары б/ша;

11)тіркелген активтерді жөндеуге жұмсалған шығындар б/ша;

12)бюджеттен төленген салық б/ша;

13)өкілдік шығындар б/ша;

14)салық төлемдерінің түрі б/ша;

15)басқа да шығ.бойынша.

Бюджетке төленетін салықтар бойынша шегерімдерге келесі салықтар жатады:

  • жер;

  • мүлік;

  • көлік;басқа да төлемнің барлығы;

  • әлеум.салық

Шегерімдерден кейінгі алынған салық салынатын табыс түзетуге - есепті сапық кезеңіндегі табыстың немесе шегерімнің мөлшерін бұрын танылған табыстың немесе шегерімнің сомасы шегінде ұлғайтуға немесе азайтуға жатады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]