Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
5555555555.docx
Скачиваний:
49
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
271.17 Кб
Скачать

4. Қр қызметін тұрақты мекеме құрмай жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалар дегеніміз кімдер?

Резидент емес заңды тұлға –ҚР аумағында кәсіпкерлік қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын, сондай-ақ тұрақты мекеме құрмай ҚР-нан табыстар алатын шетел заңды тұлғалары.  Тұрақты мекеме құрмай қызметін жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалар тауарларды, көлік құралдарды уақытша әкелген кезде импортталған тауарларға, көлік құралдарға ҚҚС аталған резидент емеске тіркеу куәлігін берген күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей уақытша әкелінген тауардың орналасқан орны бойынша төленеді.       Бұл ретте резидент емес уақытша әкелінген тауардың орналасқан орны бойынша салық органына ҚҚС төленгені туралы төлем құжатын табыс етеді.

Тұрақты мекеме құрмай қызметін жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлға тауарларды олар уақытша әкелген кезде уақытша әкелінген тауарлардың орналасқан орны бойынша салық органына келу тәртібінде уақытша әкелінген тауарларды әкелген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей:       1) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтінішті;       2) нотариалды куәландырылған құрылтай құжаттарының көшірмесін;       3) нотариалды куәландырылған мемлекеттік тіркеу нөмірін (немесе оның ұқсас) көрсете отырып, резиденттік еліндегі мемлекеттік тіркелуін растайтын құжаттардың көшірмесін;       4) тауарлардың, көлік құралдарының әкелінуін растайтын құжаттарды:       оның негізінде уақытша әкелу жүзеге асырылған шартты (ол болған кезде);тауарға ілеспе құжаттарды табыс етеді.       Егер уақытша әкелінген тауарлар әр жерде болған жағдайда резидент емес барлық осындай уақытша әкелінген тауарлардан бойынша аталған құжаттарды бір уақытша әкелінген тауардың орналасқан орны бойынша салық органына тапсырады.       Салық органдары осы тармақта көрсетілген құжаттардың негізінде резидент емес осындай құжаттарды тапсырған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде оған белгіленген нысанда тіркеу куәлігін бере отырып, резидент еместі салық төлеуші ретінде тіркеуді жүзеге асырады.

5. Жер қойнауын пайдаланушы төлейтін арнайы төлемдер мен салықтарға не жатады?.

Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттардың шеңберінде жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізген кезде жер қойнауын пайдаланушылар барлық салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлейді.Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізген кезде жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері мен салықтарын есептеу және төлеу тәртібін, сондай-ақ өнімді бөлу туралы келісімнің шеңберінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша салық міндеттемелерін орындау ерекшеліктерін белгiлейдi. Жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері мен салықтары келесідей:

1) жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдерін:қол қойылатын бонусты; коммерциялық табу бонусын;тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемдерді;

2) пайдалы қазбаларды өндіру салығын;

3) үстеме пайда салығын қамтиды.

Кен орындары рентабельдігі төмен, қоюлығы жоғары, суланған, шағын дебетті және игерілген санатқа жатқызу тәртібін, олардың тізбесі мен салық салу тәртібін пайдалы қазбаларды өндiру салығы бөлігінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды . Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалануға жасалған әрбір келісімшарт шеңберінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша, сондай-ақ рентабельдiгi төмен, өте тұтқыр, су басқан, дебетi аз және қазылған кен орындарын (кен орындары тобын, осындай кен орындары тобы бойынша қызметті жүзеге асырған кезде кен орындарының бір бөлiгiн, бір келісімшарт шеңберіндегі кен орындарының бір бөлігін)

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]