Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
5555555555.docx
Скачиваний:
49
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
271.17 Кб
Скачать

34.Мүшелік жарна төлемі шегерімге қанша мөлшерде апарылады?

Салық кодексінің 100-бабына сәйкес 2014 жылғы корпоративтік кіріс салығын есептеген кезде ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасына төленетін міндетті мүшелік жарна Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен көлемде шегеріске жатады.

Қазақстан Республикасының 2013 жылғы шілдедегі “Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы” Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген және ҚР аумағында кәсіпкерлік қызмет жасайтын кәсіпкерлік субъектілері – коммерциялық заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер, шаруа қожалықтары Ұлттық палатаның мүшелері болып табылады.

ҚР Заңының съезде бекітілетін міндетті мүшелік жарна көлемін жыл сайын 1 шілдеге дейінгі мерзімде Ұлттық палата бұқаралық ақпарат құралдарында, соның ішінде интернет-ресурстарда жариялайды. Бұл ретте ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасына міндетті мүшелік жарнаның шекті көлемі 2014 жылдың қаңтарында күшіне енген. Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 31 желтоқсандағы Үкімет қаулысымен бекітілген.

Мысалы, есепті күнтізбелік жыл алдындағы күнтізбелік жылға жылдық кірісі алпыс мың есе айлық есептік көрсеткішінен асатын және біржарым миллион реттік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын кәсіпкерлік субъектілері үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және есепті күнтізбелік жылдың алдындағы күнтізбелік жылдың 1 қаңтарында жұмыс істеп тұрған есепті күнтізбелік жылдың 1 қаңтарында 160 айлық есепті көрсеткіш көлемінде болды. Өз кезегінде алдындағы есепті күнтізбелік жылға күнтізбелік жылдағы жылдық табысы республикалық бюджет туралы және алдындағы есепті күнтізбелік жылға күнтізбелік жылдың 1 қаңтарында қолданыстағы заңмен белгіленген біржарым миллион реттік айлық көрсеткіштен асатын кәсіпкерлік субъектілері үшін – есепті күнтізбелік жылдың 1 қаңтарына төрт 4400 айлық есепті көрсеткіш көлемінде белгіленді.

Ұлттық палата жыл сайын 1 шілдеге дейінгі мерзімге Салық кодексінде белгіленген салық органдары берілген тәртіптегі деректер негізінде міндетті мүшелік жарна бойынша есеп айырысу жүргізу үшін кәсіпкерлік субъектілеріне есеп-шот жібереді.

Кәсіпкерлік субъектілері міндетті мүшелік жарнаны жыл сайын 31 желтоқсанға дейінгі мерзімде төлейді.

Сонымен бірге, егер кәсіпкерлік субъектілерінің жылдық табысы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және алдындағы есепті күнтізбелік жылдың 1 қаңтарында жұмыс істеп тұрған алдындағы есепті күнтізбелік жыл үшін 60000 реттік айлық көрсеткіштен аспаса, 2014 жылдың қаңтардан бастап бес жыл бойы міндетті мүшелік жарна төлемінен босатылады.

35.Салық түрлері бойынша бюджетке төленген  айыппұл мен өсімпұл  шегерімге апарыла ма?                                                                                                                        ..

Мемлекеттік бюджетке төленген айыппұлдар мен өсімпұлдар шегерімге жатқызылмайды. Ал заңды және жеке тұлғаларға төленген айыппұлдар мен өсімпұлдар шегерімге жатқызылады.

Есептеліп төленген тұрақсыздықтар, оның ішінде айыппұлдар мен өсімпұлдар шаруашылық жүргізуші субъектінің келісімшарттары, «Ақша қаражаттары» шоттары бойынша шығыс операциялары, кассалық құжаттар, төлем тапсырмасы арқылы талданып шегерімге жатқызылады.

Шегерімге жатпайтын шығындарды қарастырсақ оларға мыналар жатады:

1) табыс алуға бағытталған қызметке байланысты емес шығындар;

2) соттың заңды күшіне енген үкімінің немесе қаулысының негізінде жалған кәсіпорын деп танылған салық төлеушімен жасалған операциялар бойынша сот белгілеген қылмыстық қызмет басталған күннен бастап жүргізілген шығыстар;

3) мемлекеттік бюджетке төленуге тиісті айыппұл, өсімпұл, сотта өкіл ретінде қатысу үшін төлем, мүшелік жарна шектен асқан сома;

4) сот жеке кәсіпкерлік субъектісі кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру ниетінсіз жасады деп таныған мәміле (мәмілелер) бойынша шығыстар және т.б.;

Салынған, жылдық жиынтық табысты алумен байланысты айыппұлдар, өсімпұлдар, тұрақсыздықтардың сомасын дұрыс анықтау үшін «Салықтардың, алымдардың, тұрақсыздықтар, айыппұлдар, өсімпұлдар және өтемақылық шығындардың салықтық есебі ведомостін» қолдану қажет. Бұл ведомостте салықты және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер бойынша шегерімге жатқызылатын сома көрсетіледі.

Ал Бюджетке төленген салықтар және өзге де төлемдер төлем тапсырмасы, төлеу квитанциясы, салық төлеушінің жеке бет шоты негізінде шегерімге апарылады.

Қазақстан Республикасының немесе өзге мемлекеттің бюджетіне төленген салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер шегерімге жатады. Яғни, есепті салық кезеңінде төленген алдыңғы салық кезеңі үшін салықтар шегерімге оның төлеу уақыты жүзеге асырылған кезде жатқызылады.

Салықтардың төленген және есептелген сомаларының арасындағы ең төмені есепті кезеңде шегерімге жатқызылады

3-блок

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]